• Мәдениет
  • 22 Наурыз, 2009

«Наурызнама» шақырады

Қазақ халқы ежелден 22 наурызды Жыл басы санаған. Бұл күн – «Самарқанның көк тасы еріп», Күн мен Түннің теңелген кезі. Күллі мұсылман қауымының ерекше дәріптейтін мейрамы әрі Көктем мерекесі саналатын Наурыз қандай да сән-салтанатқа лайық. Осы орайда рухани дүниелерге қолдау көрсетіп жүрген өнер ұжымдарының бірі – «Еламан» продюсерлік орталығы (төрағасы Айтмұқан Сқақов) атаулы мерекеге арнап елеулі мәдени шара ұйымдастырмақшы. Құрметті ханымдар мен мырзалар! «Еламан» продюсерлік орталығы Сіздерді 25 наурыз күні, кешкі сағат 18.30-да Алматыдағы Республика сарайында өтетін «Наурызнама» атты Ұлыстың Ұлы күніне арналған думанды кешке шақырады. Кеш барысында ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен басқа да рухани құндылықтарымызды дәріптейтін арнайы театрландырылған қойылымдармен қатар, есімдері елге белгілі өнер қайраткерлері Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Роза Рымбаева, Нұрғали Нүсіпжанов, Ақжол Мейірбеков және танымал эстрада әншілері Бақыт Шадаева, Алтынай Жорабаева, Тамара Асар, Айгүл Иманбаева, «Нұр-Мұқасан», «Жігіттер» тобы, Жанболат пен Жазираның қатысуымен әдемі әуенге толы әсерлі концерттік жоба жүзеге асырылмақ. Бұған қоса салтанатты кештің көрігін қыздырып, ән шеруді әзілмен көмкеріп отыратын Нұржан Тұтов, КВН командасы өз өнерлерін ортаға салмақ. Кештің тізгінін ұстаушы – белгілі жүргізуші Гүлмира Дайрабаева. Ұлтымыздың ұлы мерекесін әуезді әуендермен асқақтататын «Наурызнама» думанды кешіне асығыңыздар! Жыл басын, Көктем мерекесін бірге атап өтейік. Кешіміз көрерменімен ғана көрікті!

3052 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7229

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6213

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3954

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3344

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3302

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3271

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2999

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2988

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы