• Руханият
  • 05 Сәуір, 2012

Наурыз – Жетісу жерінде

d0bdd0b0d183d1801Биылғы Наурыз мерекесін Жетісу жұртшылығы да кең көлемде атап өтті. Баршаға ортақ болған күнді бірге тойлау – республика халықтарының өзара бірлігін, берекесі мен ынтымағын білдіретіні сөзсіз. Талдықорған қаласының тұрғындары бұл күнге ерекше дайындалып келгені байқалып тұрды. Ұлт келбетін айшықтайтын түрлі-түсті оюлармен безендірілген әсем киіз үйлер жарасымды сәнімен бой көтеріп, келушілерге есіктерін айқара ашты. Қаланың орталық алаңында бастау алған салтанатты рәсімге ел ағалары, жер-жерден келген құрметті қонақтар ат басын тіреді. Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов дүйім жұртты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыз мейрамы татулық пен бейбітшілікті паш ететін ұлық мереке екенін айта келіп, облыс тұрғындарына зор денсаулық, мол бақыт, толайым табыстар тіледі. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының, елімізде орныққан бейбітшілік пен бірліктің арқасында 2011 жылы Жетісу жері өркендеп, бірқатар өрелі істер атқарды. Халықтың әл-ауқаты артып, тұрмыс деңгейі өсті. Елбасының бастамасымен бұрын-соңды болмаған елді мекендерді көркейту, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім, денсаулық, мәдениет нысандарын жөндеуде ауқымды шаруа тындырылды. Осы жетістіктің бәрі де Наурыз мерекесімен бірге үндесіп жататыны анық. Халқымызда: «Жаңа жылда маңайың таза, көрікті болса, сол жыл пәле-қазадан аулақ болады», – деген сөз бар. Қашанда баршамызға сәттілік серік болып, Ұлыс оң, ақ мол болғай! Наурыз құтты болсын! – деді аймақ басшысы. Наурыз жаңа күннің, жаңа өмірдің бастамасы болған соң, бұл күні Табиғат-Анаға деген құрметтің де ерекше болары анық. Қаланың Орталық саябағында «Наурыз тал» отырғызу шарасы өтті. Облыс әкімі бастаған алқалы топ жас көшеттер отырғызып, оған «Ақ әжелер» ансамблі «ақ бүрку» рәсімін жасап, «тезірек сая жайсын» деген тілектерін білдірісті. Ежелден көңілі дарқан, қонақжай халқымыздың ұлағатты мейрамы жылына бір келсе де, әрқилы қуанышы мен шаттығын ала келеді. Дәл осы шаққа ырымдап, жас отаулар некелерін қидырып, шаңырақ көтеріп жатса, «тәй-тәй» басқан бүлдіршіндердің тұсаукесер салтын да осы атаулы күнге орайластырғандары болды. Мәселен, өткен жылы дүние есігін ашқан қос сәбиге ата-анасы Алматы облысының бұрынғы әкімі, елге белгілі азамат Серік Үмбетов пен қала әкімі Сәкен Жылқайдаровтың есімдерін қойған екен. Бүлдіршіндердің тұсауын облыс әкімі Аңсар Мұсаханов қиып, сәбилерге «Атпал азамат болсын» деген тілегін білдірді. Сондай-ақ өңір жетекшісі Талдықорған қаласының түбіндегі «Мөлдір бұлақтың» көзін ашу рәсіміне қатысты. Мөлдір бұлақ барша елге ырыс-несібе алып келсін деген тілекпен, қол жайылып, бата жасалды. Мерекелік көңіл-күй одан әрі қаладағы өнер ұжымдарының әзірлеген концерттік бағдарламасымен жалғасты. «Айгөлек», «Ачимноуль», «Туған тел», «Контраст», «Айналайын», «Юные таланты» сынды талантты топтар өз өнерлерін паш етті. Б.Римова атындағы облыстық драма театры әртістерінің қатысуымен «Аластау», «Наурыз шырақ», «Қыдыр ата» шеруі, Наурыз ару мен Наурыз сұлтанның халықпен қауышу сәтінен қойылымдар көрсетілді. Наурыз-думанның көркін жауырыны жерге тимеген палуандарымыз қыздыра түсті. Боз кілемнің үстінде көпшіліктің делебесін қоздырған қызықты кездесулер өтіп жатты. Сонымен қатар кір тасын көтеру, дойбышылардың жарысы да тартысқа толы болды. Бұл күні Алматы облысының Жамбыл, Талғар, Панфилов, Райымбек, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары да Ұлыстың Ұлы күнін кеңінен тойлады. Дәукен Жұматұлы

3129 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7141

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6171

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3912

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3303

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3257

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3231

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2959

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2946

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы