• Мәдениет
  • 12 Сәуір, 2012

Сезімдер әлемі

ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атын­дағы өнер мұражайында КСРО және ҚР Cуретшілер одағының мүшесі Қа­дырбек Каметовтің 60 жасқа толуына орай «Өмір мен табиғаттың үйлесімінде» атты жеке мерейтой көрмесі болып өтті. Көрменің ашылу салтанатында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының төрағасы, өнертанушы-профессор Байтұрсын Есжанұлы Қ.Кәметовтің шығармашылық жолындағы жетістіктеріне ерекше тоқталып, мақтау қағазын тапсырды. Белгілі өнертанушы Роза Көпбо­сы­н­ова суретшінің адамгершілік қасие­ті жайлы сыр шертті. Белгілі сыншы Мұрат Әуезов, суретшілер Аман Бақтығалиев пен Бақыт Мырзабековтер суретші туралы жылы лебіздерін де ортаға салды. Ал, мұражай қызметкері Света Көпжанова қылқалам шеберінің 1980 жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі салынған және оның шығармашылық жолының негізгі кезеңдерін көрсететін жүзден аса кескіндеме және графика туындылары бірінші рет көрмеге қойы­лып отырғанын тілге тиек етті. Көрмеге түсті және графикалық қарындашпен, тушьпен және қаламұшпен салын­ған литографиялық, линогравюралық туын­дылары қойылды. Суретші Қ.Каметов 1981 жылы В.И.Суриков атындағы Мәскеу Мем­лекет­тік көркемсурет институ­тын тәмамдаған соң елге оралып, респу­бликаның мәдени өміріне бел буа кіріседі. Қ.Каметов 1979 жылдан ха­лық­аралық, бүкілодақтық және респу­бликаның мәдени өміріне белсене араласады. Студенттік жылдарында-ақ Қ.Каметовтің бір жұмысы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен экология мәсе­ле­сіне арналып Парижде өткен көр­меге қатысады. Суретші қолданбалы графиканың барлық классикалық техникасын жетік меңгерген. Қ.Каметов өз жұмыстарында қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерін өзек етіп алған. Оны ұрпақтар сабақтастығы, рухани және генетикалық жадының сақталуы, кеше мен бүгіннің үзілмей байланысуы сияқты мәселелер толғандырады. «Өмір мен табиғаттың үйлесімінде» деген атауының өзі-ақ суретшінің шығармашылық ұстанымын дәл сипаттайды. «Қ.Каметовтің ақиқат әлемі – шынайы жанды және асыл ойлар мен сезімдердің әлемі. Сол себепті де оның жұмыстарында ұлттық тарих пен адам баласының өмірі тарихының тәжірибесі нәзік әрі талғаммен, жарықпен әрі графика өрнектерінің кеңістігімен ұштастырыла өрілген», – дейді белгілі өнертанушы Р.Ерғалиева. «Халқымның тарихы» (1986), «Қазақстан әйелдері еңбек майданында» (1984), «Аң стилі» (1987), «Түркілік бет-әлпет» (2010) деп аталатын белгілі литографиялар топтамасында суретші қайғы-қасірет пен ерлік оқиғаларға толы ұлттық тарих тақырыбын эпикалық формада ашады. Қ.Каметовтің «Балалық. Есте қалғандар» (1982) атты топтамасынан алғашқы арман қуған кезді, көкіректі жү­рек тебірентерлік сағынышпен оята­тын сәттерді кезіктіресіз. «Абай өлеңдерінің желісімен» (1986) топтамасында автор қазақтың ұлы философ ақынының шығармаларындағы поэтикалық образдарды арқау етіп алған. Көрмеде 1980-жылдары суретші безендірген кітаптар, сондай-ақ, кескін­деме туындылары ерекше орын алған. Қылқалам шеберінің кескіндеме туындылары асықпай ойлануды, қор­шаған ортаға терең бойлауды қажет етеді. Салтанат ҚАЖЫКЕН

2961 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7153

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6176

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3917

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3308

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3262

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3236

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2964

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2951

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы