• Руханият
  • 12 Сәуір, 2012

Ана ұлағаты

Анам Зиякүл өмірге он перзент әкеліп, оның жетеуін тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға ұшырған, немере көріп, шөберенің «алақанынан май жалаған» ардақты ана, асыл әже. Баяғыда ел басына күн туып, соғыстың қаны тамып тұрған кезеңде оқыған, көзі ашық анамызды Дәубаба елді мекеніне бала оқытуға жіберсе керек. Ол сол жерде ұстаздық етіп, ауыл балалары мен бірлі-жарым соғысқа баруға денсаулықтары жарамайтын ауыл адамдарын оқытады.Үлкен кісілердің майдандағы балаларына хат жазып беріп, келген хаттарын оқып береді екен. Әр кез жандарынан табылып, көздерінің жасын жылы сөзімен құрғатып жүрген жас мұғалім қызды ауыл қариялары жақсы көріп, «Осыдан балаларымыз аман-есен оралса, келін етіп алып қаламыз» деседі екен. Солардың тілегеніндей ақ, 1947 жылы соғыстан аман оралған әкем Рүстеммен көңіл қосып, сол ауылда қалып қояды. «Соғыс кезі болғандықтан, қыз құсап таранып, бой да түземедік. Аман оралған ер-азаматтардың өзі саусақпен санарлықтай болатын», – деп еске алады анам. Әкем екеуі өмірдің ащы-тұщысын бірге татып, Алланың берген ұл-қызын тәрбиелеп, 54 жыл бірге өмір сүрді. Ұл-қыздары мен ағайын-туыстары жиналып, екеуінің «50 жыл – алтын тойларын» да атап өткен болатын. «Отбасы, ошақ қасынан» шығып көрмеген анамыз үйден көп ұзап шыққанын да көрген емеспіз. Соған қалыптасып қалғандықтан ба, біздің үйімізге де сирек келеді. Келсе де, көп аялдамайды, «әрқайсыңның өз тіршіліктерің бар, мен үшін ештеңеге алаң болмаңдар, – деп «өз үйі – өлең төсегі» – әкемнің қара шаңырағына кетіп бара жатады. Кейде біздің тыныс-тіршілігімізге риза болмай, «Әйел деген күйеуінен қалыспай «желпілдей» бермей, үйде балаларының жанында болуы керек қой» дейді. Соңғы жылдары кәрілікке бой алдырғаны болмаса, ешуақытта «шаршадым» деген емес. «Күйбең тірлік» деп аталатын бітпейтін шексіз жұмыстың бірін аяқтап, бірін бастап, етегіне сүріне-қабына жүргені. Осы жылдар ішінде анамның қабағынан кірбің де көрген емеспін. Әр уақытта сабырлы қалпынан айнымайды. Қаншама қиындықтарды басынан өткерсе де Аллаға тәубе етіп, шүкіршілік етеді. Рәбиға Рүстемқызы

2698 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7259

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6230

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3971

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3361

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3320

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3289

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3017

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3005

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы