• Ақпарат
  • 12 Сәуір, 2012

Жыр жолдарынан

Отан Егер сенен тірлігімде айырылсам, Үнім менің үн емес деп білгейсің. Сенде жүріп қанатымнан қайырылсам. Күнім менің күн емес деп білгейсің. Егер сені қоса алмасам өлеңге, Әнін мәңгі тауысты деп білгейсің. Бір құсың боп жырламасам төбеңде. Жағым мәңгі қарысты деп білгейсің. Егер сені сәл есімнен шығарсам. Тілегіңді таптады деп білгейсің. Түк бітірмей өткен күнге жұбансам. Жүрегімді тоқтады деп білгейсің. Мен – мәңгімін, Отаным, сен аманда. Таудың кәусар бұлағымын әманда. Өзенің боп таси алсам өзіңнің, Тосқауыл боп тұра алмайды қамал да. Төл сөзімді толқындатып шығарған. Мен – теңізбін, оянатын мың арман, Мен жарықтың сәулесімін, бағамды Соқырлар да жүрегімен ұға алған. Маңғыстаулық мұнаралар көзімін. Мен болашақ ғұламалар сөзімін. Борандарда, дауылдарда ширыққан. Қатып қалған құз-жартастай төзімім. Өтер өмір, болар талай ауысым. Айнымаймын, жаралғанмын тау үшін. Жарық болып жаңғырығып жатады. Қара түнді қақ жаратын дауысым. Ана тілім Жөн сөйлеші, менің ана тілімде. Ұлылығын басқа теппе ұлтымның. Шүлжің-шүлжің, шікірейіп бүлінбе. Қасиеті атар сені бұл тілдің. Ана тілім – Абай тілі, Ар тілі. Ал сен қалай етіп тұрсың келеке. Құдіретті Ана тілің арқылы. Сөйлейді тек Ақиқат пен Береке. Айналмашы құр алдамшы мүсінге. Ана тілсіз сағың сенің сынар-ау. Ана тілін қорлағаның үшін де. Жеті атаң да тек жатпаған шығар-ау. Өлеңім менің... Өлеңім менің – жан сырымды ашатын. Шұғыла боп жан-жағына шашатын. Бұлқынған жүрегімнің кей сәтінде ... Сабырменен көңілімді басатын. Өлеңім менің – өмірімнің өзегі. Жұлқынады, қайран сабыр төзеді. Өлеңімді оқысаң мен деп түсін... Ол, өйткені, жүрегімнің сөзі еді. Өлеңім менің – көңілімнің шырағы. Тағдырымның асау тұлпар пырағы. Көңіл құсы қанат қаққан қияға... Сол құсымның өлең – ұя-тұрағы. Өлеңім менің – жалын атқан жырларым. Көзім жетпес алыстағы қырларым. Бір өзіңмен сырласқанда жапанда. Тыныштығын қара түннің ұрладым. Өлеңім менің – тіршіліктің тұмары. Бойынан еш кетпеген ғой құнары. Қалам ұстап ақ қағазды құшақтап... Жыр-рахатқа кенелгім кеп тұрады. Өлеңім менің – тапқандай ма ләззатын. Күн күлімдеп – тұратындай аза түн. Уысына жүрегімді қысып ап... Шың биікке өмір-өлең жазатын. Өлеңім менің – өзгелерді ұғатын. Мен емеспін бұл дүниеде тірі ақын. Жыр дәптерін қойынына қысып ап... Қаламымен қолын бұлғап тұратын. Аллаберген Қонарбаев Маңғыстау облысы

2814 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7234

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6216

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3957

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3347

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3305

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3274

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3002

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2991

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы