• Ақпарат
  • 12 Сәуір, 2012

Жастар көше аттарын өздері ауыстырыпты...

d0bad0bed188d0b5Таяуда ғана интернетте Павлодар қаласында жас жігіттердің көшенің аты мен үйдің нөмірі жазылған тақташаларды өз беттерімен ауыстырып жатқаны түсірілген бейнеролик пайда болды. Лезде елдің түкпір-түкпіріне тарай жөнелген бұл оқиға жергілікті шенеуніктердің шамына тисе, кейінгі жылдары «Павлодар мен Петропавл қалаларының атын өзгертейік, қала көшелерін аттарын өз ұлыларымызға берейік» деп жүрген жандардың қолдауына ие болды. «Бүгінде Павлодарда полицейлер үйлердегі көше аттары жазылған сілтегіштерді өз бетімен ауыстырып кеткен жас жігіттер тобын іздестіруде» деп хабарлайды Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Сонымен жастар қандай көшелерді кімнің атына өзгертті? Бұған дейін кездескен кейбір оқиағалардағыдай көшеге өз әкесінің немесе ру батырының атын емес, керісінше, орыс қолбасшысы М.Кутузовтың атындағы көшеге жастар ұлы ойшыл, этнограф, тарихшы, философ Мәшһүр-Жүсіптің атын берген, Короленко көшесін Бұқар жырау атындағы көшеге, тағы бір көшені Абай көшесіне ауыстырған. Сонымен қатар, осы «өзгертулерін» мәдениетті түрде арнайы жаңа тақташаға құзырлы органның өзі тапсырыспен жасатқандай әдемілеп жазған. Бейнероликте бұл істің себепкерлері жап-жас қазақ жастары екені, олардың осы іске бел шеше, ұйымдасқан түрде кіріскені байқалады. «Құламайсың, мен сені ұстап тұрмын. Дұрыстап жапсыр» деген сияқты бір-біріне қамқорлық танытқан сөздер де анық естіледі. «Бұл іске қатысты Павлодар қаласы ономастикалық комиссиясы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Бұқар Жырау, Абай Құнанбаев сияқты қазақ халқының біртуар ұлдарына көше аттарының берілуіне қарсы емес екендіктерін хабарлады. Дегенмен, қала көшелерінің аттарын өзгерту туралы шешімді тек қана ономастикалық комиссия қабылдайтынын атап өтті. Қалған әрекеттердің барлығы заңсыз болып табылатын да ескертті» деп таратты baq.kz cайты. Бұған дейін баспасөз бетінде де, ұлт жанашырларының аузымен де көше атауларының қазақылануына, сауатты жазылуына қатысты сындар айтылып келді. Алайда осыған жауапты арнайы комиссия істі сағызша созып келе жатқаны белгілі. Кейінгі жылдары солтүстік өңірде Әнұранымызға, қазақ үшін қасиетті саналатын – киіз үйге, қазақтың «отау» сөзіне, еліміздің марқасқа ұлы Мағжан Жұмабаевтың тегіне қатысты намысқа тиетін оқиғалар болғанын білеміз. Осы іске қарсы тұрып, кінәлі топтың елден кешірім сұрауына себепші болған қазақ жастарының белсенділік танытып жүргенін көгілдір экраннан да көрген едік. Әрине, біз жастардың ұлтжанды боп тәрбиеленіп, туған тілінің жанашыры болғанын қолдаймыз. Кейде, әрине, олардың жастықтың буымен өз мақсаттарына жету жолында тәуекелге бел буатындары да бар. Бұл оқиға да осының көрінісі деуге келер. Бірақ мұндай заңбұзушылықпен келісуге болмас. Қалай десек те, енді құзырлы органдар тарапынан жазаға тартылуы мүмкін жастардың бұл әрекетінен бізге сөзден іске көшудің уақыты әлдеқашан жеткенін аңғаруға болатын шығар. Кейде жазалауға асыққаннан гөрі мәселенің мән-жайына үңіліп, әр игі істі өзімізден бастағанымыз жөн шығар. Д.ІЗТІЛЕУ

2530 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7277

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6236

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3978

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3369

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3326

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3295

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3024

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3011

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы