• Білім және ғылым
  • 12 Сәуір, 2012

Ізденіс нәтижеге жеткізеді

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс» деп атап көрсетті. Бұл мәселелерді жүзеге асыруда оқу орындарындағы кәсіподақ ұйымдарының ықпалы өте зор екеніне ұзақ жыл ұстаз болумен қатар кәсіподақ ұйымы жұмысына белсене қатысып жүргендіктен, менің көзім айқын жетті.  Соңғы жылдары мектеп кәсіподағы ұйы­мы­на басшылық ете жүріп, Елбасы Жолдауында атап көрсеткендей, іс-шараларды ұйым­дастырып жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибе де жинақтадым. Мектебіміз ауданда, облыста өнеге боларлықтай жетістіктерге қол жеткізетін болды. Мәселен, былтыр жыл соң­ын­да «Үздік кәсіподақ көшбасшысы – 2011» аудандық байқауында жүлделі бірінші орынды иелендік. Бұл мектеп ұжымының ізденістері­нің, жағымды жаңалықтарының мол болуының нәтижесі екені даусыз. Былтыр мектебіміздің іргетасы қаланғанына 75 жыл толды. Ауылымызда ашылған оқу орнымызды жұртшылық қара шаңырақ деп атайды. 1935 жылы мектеп алғаш ашылғанда оқушылардың саны 100-ге де жетпесе, қазір 2 мыңдай болды. Мектеп өмірінде облысқа, тіпті, бүкіл республикаға әйгілейтіндей жағымды жаңалықтарымыз жеткілікті. Нақты айтқанда, бір ерекшелігіміз – мектебімізде үш тілде білім береді. Мектепте қазақ сыныптарымен бірге орыс, ұйғыр сыныптары да бар. Үш тілде оқитын балаларға бір шаңырақтың астында саналы тәрбие, сапалы білім беруде ізденістер де аз емес. Сонымен қатар, мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы балаларға білім мен тәрбие беруге айтарлықтай ықпал етіп жүр. Ұйымның 187 мүшесі, әсіресе, тәрбие жұмыстарына белсене араласып ұжымның мүддесін қорғап, талап-тілегін қанағаттан­дыруда тың ізденістерге түсуге бейімделген. Мектеп мұғалімдерінің спорт жарыстары мен өнер сайыстарын ұйымдастыруы, салауатты өмір салтын орнықтыру секілді іс-шаралардың ұйытқысы болуы дәстүрімізге айналған. Тіпті, бүкіл республикаға таратуға лайық тәжірибелеріміз де бар. Мәселен, мектеп жанынан балабақша ашу жолындағы ізденістерімізді алдымен айтуға болады. Мұның өзі жас баласы бар мұғалімдеріміздің алаңсыз қызмет атқаруына қолайлы жағдай туғызғанын айтпаса да түсінікті болар. Қазір мұнда 25 бүлдіршін бар. Балабақшаға мектептен арнайы екі бөлме, тамақтанатын орын және аулада ойнайтын алаң бөлініп, талапқа сай жабдықталған. Сондай-ақ, биылғы оқу жылының басында өткізілген «Денсаулық фестивалі» кезінде оқу­шылармен бірге мұғалімдер де алғырлық пен белсенділік танытты. Әсіресе, жүгіруден биология пәнінің мұғалимасы Дилярам Мұсаева, француз тілі мұғалимасы Ольга Саклакова, еден сыпырушы Бейбітгүл Шылғаубаевалар жүлделі орындарды иемденіп, мектеп директорының грамотасымен марапатталса, кәсіподақ ұйымы заттай сыйлықтар тапсырды. Биылғы оқу жылында мектебіміз аудандық ұстаздар арасындағы волейбол жарысында жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Команда мүшелері Сандуғаш Иманқұлова, Сажида Юлдашева, Әйгерім Байжанова аудандық волейбол құрама командасында ойнап, облыстық волейбол жарысынан 1-орын алса, осы аудандық құрама команда республикадан жүлделі 3-орынды жеңіп алып қайтты. Бұл волейболшы қыздарымыз аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталса, мектеп мұғалімдерінің хор, вокал үйірмелері де ауданда «таңдаулы» деп табылып, облыс орталығы Талдықорғанда өнер көрсетіп, аудандық мәдениет бөлімінің мақтау қағазымен Жеміс Оразбекова, Раушан Қабылжанова, Рита Дәулетаева, Тәжібай Сарыпбеков секілді өнерлі ұстаздар марапатталды. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының мұндай жетістіктерге жетуіне аудандық білім беру саласындағы кәсіподақтар қоғамы бірлестігінің төрайымы, Қазақстан Республи­касы білім беру ісінің құрметті қызметкері Гүлжан Хасенованың қосқан үлесі зор деп білеміз. Гүлжан Қожекенқызы біздің ізденістерімізді үнемі қолдап, бағыт-бағдар беріп отыратындығын айтпай кетуге болмас. Соның нәтижесінде ісіміз үнемі ілгері басып, жетістіктерге жетіп келеміз. Былтырғы оқу жылында «Қорғау-Защита» білім мен ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының Алматы қалалық қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталып, қауымдастық төрағасы Кенжебек Омарбайұлы заттай сыйлық табыс етті. Ал биылғы оқу жылында мектебіміздің бас­тауыш кәсіподақ ұйымына Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Республикамыздың Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасын алдық. Баршаға мәлім, биылғы оқу жылында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай алғаш рет ауданда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы бастамасымен «Үздік кәсіподақ көшбасшысы» сайысы өткізілді. Бұл байқауда Талғар ауданындағы бастауыш мектеп кәсіподақтары арасынан үздік шығып, 1-ші орынды біздің мектептің жеңіп алуы кездейсоқтық емес. Мектебімізде білім мен тәрбие беруде тамаша жетістіктер баршылық. Мектеп директоры Райхан Укеева оқытушылардың талап-тілегін терең түсініп, тың ізденістерге түсуін қолдап, қанаттандырып отырады. Р.Укееваның биылғы оқу жылында Алматы облыстық мұғалімдердің кәсіби даярлығын арттыру институтында жасаған баяндамасы жүлделі орынға ие болып, грамотамен марапатталды. Биыл тұңғыш рет өткізілген «Үздік кә­сіподақ көшбасшысы» байқауының мақсаты мектеп кәсіподағы комитетінің мүшелерінің арасынан арнайы кәсіподақ ұйымы басшысына лайықтыларды анықтау еді. Бұл үшін кәсіподақ ұйымының басшысы білім беруге, кәсіподаққа қатысты заңды, Еңбек кодексін қандай дәрежеде білумен қатар, өздерінің іскерлігін, іздене білуін, өнерін де көрсетуі тиіс болды. Бұл мәселелер бойынша сұрақтарға сүрінбей жауап бердім. Сән үлгісі бойынша ұл-қыздарымызға мектептегі кәсіподақ комитетінің мүшелері сәнді ұлттық киімдерді қалай киінуді көрсетіп, Күлзипа Дәулетаева орысша өлең оқыса, Мүнира Қадырова мен Алмагүл Жүкенова ұйғыр биін биледі, Айгүл Тегінбаева сән үлгілерін көрсетті. Гүлбану Шумақова, Толқын Сағындықова, Тәжібай Сарыпбеков, Қайрат Ақжігітов оркестр мүшелері екенін танытып, өнерлерін көрсетті. Жастар «Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздік бастауы» деген қойылым қойса, М.Қасымова, Қ.Керімбаев, Г.Әкімбекова, К.Дәулетаева өздері жазған өлеңдерін оқыды. Ұстаздар оркестрі, ұстаздар хоры да көрермендерге таңдай қақтырды. Сөйтіп, аудандық байқауда тағы да жүлдеге ие болдық.

Орынқыз Анықбаева, Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Талғар ауданы Алматы облысы

3979 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7298

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6245

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3988

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3378

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3336

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3305

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3033

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3022

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы