• Мәдениет
  • 03 Мамыр, 2012

ОЛИМПИАДАҒА дайындығымыз қалай?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияевті қабылдады. Осы орайда агенттіктің жұмысы, бұқаралық спортты дамыту және саламатты өмір салты туралы әңгіме өрбіді. Лондон олимпиадасынан Қазақстан 13-тен астам медаль ұтып, жалпы есепте әлемнің үздік 30 елінің қатарында көрінуге ниетті. Президент кездесудің қорытындысы бойынша Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді. Түманды Альбион елінде өтетін ХХХ-шы Жазғы Олимпиада ойындарына «100-ден астам спортшы қатысады» деп жоспарлануда. d181d0b5d180d0b8d0baАл қазірше Қазақстанның қанжығасында спорттың 16 түрінен 74 жолдама бар. Бұл ретте әдеттегідей бокс, ауыр атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, велоспорт сияқты спорт түрлерінен ең көп медаль жинау жоспарда тұрғаны жасырын емес. Жазғы ойындардың ашылуына 85 күн қалды. Олимпиадада барлығы 39 спорт түрі бойынша 302 жүлде сарапқа салынады. Осы уақытқа дейін 12 спорт түрі бойынша лицензиялық жарыстар аяқталды. Ал спорттың 25 түрінен іріктеу жарыстары 9 шілдеге дейін өтеді. Дүбірлі дода нәтижесінде алтыннан алқа таққан әр спортшыға – 250 мың доллар берілетін болады. Екінші орынға – 150, үшінші орынға – 75, ал төртінші орынға – 30, бесінші орынға – 10 және алтыншы орынға 5 мың АҚШ доллары көлеміндегі спортшылар үшін ынталандыру сыйақысы белгіленген. Жалпы, Олимпиадада жолдамалар санының көбін иелену командалық спорт түрлерінен лицензия иеленген ұжымдарға байланысты болады. Мәселен, Бейжің Олимпиадасында отандастарымыз спорттың 23 түрінен 100-ден астам жолдамаға ие болыпты. Соның біразы гандбол (14), волейбол (12) сияқты спорт түрлері мен жеңіл атлетика (19), суға жүзу (12), бокс (10), ауыр атлетика (9) сынды жарыстарда болғаны белгілі. Алайда, біздің гандбол, волейболдан Бейжіңге барған ұлттық құрамаларымыз бұл жолы Тұманды Альбионда өтетін Олимпиадаға қатыса алмайды. Лицензиялық жарыстарда жеңілгендіктен, олардың жолы бөгелді. Біздің елден көп лицензия алғандардың бірі – жеңіл атлетшілеріміз болып отыр. Ольга Рыпакова, Дмитрий Карпов бастаған атлеттеріміз 12 жолдамаға иелік етуде. Бұл сынға Солтүстік Қазақстан облысынан ерлі-зайыпты Ирина мен Евгений Эктовтардың және болашағынан көп үміт күттіретін Айман Қожахметованың да қатысатындарын атап өткеніміз жөн. Жалпы, мұндай оқиғалар Олимпиада ойындарында жиі бола бермейді. Кешегі Кеңес Одағы кезінде де ерлі-зайыпты спортшылар бір елдің атынан төртжылдықтың басты бәсекесіне көп шыға бермейтін еді. Ал мына оқиға Қазақстан спортының шежіресіне жазылатын оқиға болғалы отыр. Сондай-ақ, 2010 жылы Қытайдың Гуаньчжоу қаласында өткен Азия ойындарында бізді алтын медальмен қуантқан Маргарита Мацко да Олимпиада жолдамасына ие болып, көңілін бірлеп отыр. Лондонда жеңіл атлетика бойынша 48 алтын жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Соңғы уақытта қазақстандық ауыр атлетшілер де үлкен жетістіктерге жетіп, әлемдік деңгей­де ең мықтылар сапында жүр. Бұл, әсіресе, Илья Ильиннің жеңістерімен байланысты екенін жұртшылық жақсы біледі. Ильяның жеңісті жолы 2005 жылы Катарда бастал­ған еді. Бүгінгі күні ол – Тәуелсіз Қазақстан­­ның ең үздік, ең табысты спортшысы. Үш мәр­те әлем чемпионы, Бейжің Олимпиадасы­ның чемпионы Лондон Олимпиадасында да жоғары дәрежеде өнер көрсетуге құлшы­нып отыр. Лондонға Ильядан басқа тағы 7 ауыр атлетшіміз барады. Бұл жолдамалар құрама қоржынына 2011 жылдың соңында Парижде өткен лицензиялық чемпионатта түсті. Ауыр атлетика бойынша қай салмақ бойынша нақты кімдерді апаратынын бас бапкер шешеді. Дегенмен, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова сынды мықтыларымыздың Лондонға баратыны сөзсіз. Ал Парижде бапкерлер мен жанкүйерлердің үмітін ақтай алмаған қандасымыз Алмас Өтешовтің Лондонға бару-бармауы әзірге белгісіз. Қазақстандық жанкүйерлер боксшылар және ауыр атлет­шілермен қатар, палуандардан да үлкен үміт күтеді. Палуандарымыз әзірге 10 жол­дамаға қол жеткізіп отыр. Еркін күрес түрі бойынша қоржынымызда 4 лицензия бар. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы биыл тағы да үш жолдамаға қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Егер бұл мақсат орындалса, қазақстандық еркін күрес шеберлері Олимпиадада барлық салмақ дәрежесінде сынға түсетін болады. Грек-рим күресі бойынша палуан қыздарымыздың қоржынында да үш-үштен жолдама бар. Әлі де лицензиялық турнирлер өткізу жоспарлануда. Сон­дықтан, «палуандар қоржынындағы Лон­дон жолдамаларының саны онмен шектеліп қалмайды» деп ойлаймыз. Ал суда мәнерлеп билеу түрі бойынша сынға түскен Анна Кулькина мен Әйгерім Жексембинова таяуда Лондонда өткен біліктілік турнирінде техникалық және ерікті бағдарламалардың қорытындысы бойынша 14-інші орынға ие болды. Анна мен Әйгерімнің аталмыш жетістіктері оларға әлемнің үздік 24 жұбымен бірге Лондон Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік берді. Нұрлан ҚҰМАР

3455 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6174

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5694

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3434

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2815

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2779

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2756

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2487

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2472

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы