• Тарих
  • 03 Мамыр, 2012

бітім-Болмысы бөлек еді

Өмірде жаратылысы бөлек, болмыс-бітімі ерекше жандар болады. Біз білетін Жақсылық Ниеталыұлы Ниеталин осындай азамат еді. Ол қай кезде де өзінің ар-намысын жоғары қойып, әріптестерінен де осы қасиеттерді аңғарғысы келетін. Ж.Ниеталин Орта Азия мен Қазақстан бойынша байланыс (телекоммуникация) саласынан шыққан тұңғыш ғалым. Радиотехника және байланыс саласындағы Қазақстандағы алғашқы профессор болды. Халықаралық Ақпараттандыру ғылымының академигі атанды. Ол 1933 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында өмірге келді. Орта мектепті ауыл интернатында тәмамдаған. Содан Алматы электротехникалық байланыс техникумын үздік бітіріп, Мәскеудің электротехникалық байланыс институтына жолдама алып, үздік бітіріп шықты. Техникалық ғылымдар кандидаты атағына Орта Азия мен Қазақстанда алғашқы болып қол жеткізді. Бірақ онысына ешуақытта масаттанбай, тынбай еңбек етіп, ғылыми ізденістерін жалғастырды. image001Сонау жылдары Ташкенттегі электротехникалық байланыс институтында ассистент, аға мұғалім, кафедра меңгерушісі, автоматты және көпарналы байланыс факультетінің деканы болды. 1973-1997 жылдары Қазақ политехникалық институтында, Алматы Энергетика институтында және КазАТК-ларда доцент, кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін абыроймен атқарды. Осылайша әрдайым жауапты қызметтерде жүріп, өмірден көрген-білгендерін, көңілге түйгендерін шәкірттерімен, әріптестерімен бөлісіп, жүрген ортасын үлгі мен өнегеге бөлеп жүретін. Өмірінің соңғы жылдарында ҚазҰТУ-да профессорлық қызметте болды. Он мыңнан астам электробайланыс, қатынас жолдары, системотехника инженерлерін, бірнеше техника ғылымдарының кандидатын дайындады. «Жақсының аты, ғалымның хаты өшпейді» дегендей, оның артында мол ғылыми мұрасы қалды. Көзінің тірісінде 80-нен астам ғылыми-техникалық, оқу-әдістемелік еңбектер жазды. Олардың 20-ға жуығы оқулық пен оқу құралдары және терминологиялық сөздіктер. Жақсылық Ниеталыұлы - зерделі, дарынды ғалым еді. Соның айғағы ретінде бір-екі мысал келтіре кетсем деймін. Ташкент электротехникалық байланыс институты Орта Азия мен Қазақстанға электрбайланыс мамандарын дайындайтын бірден-бір институт болушы еді. Жәкең сол институттың деканы болып жүрген кезінде, орысша әліпті таяқ деп білмейтін ауылдан келген қазақ балалары оқи алмай, оқудан шығып қала ма деп ағалық қамқорлығын танытып, әр ұлттың балаларын оқытатын бөлек топ ашқызды. Бұл қазақ, қарақалпақ, қырғыз, тәжік, түрікмен балаларының білім алуына кең жол ашты. Сол кездегі ашылған топтың біреуі «МЭС-13» тобы болатын. Оны бітіргендер бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүрген лауазымды, білікті мамандар. Сонан соң Алматы қаласындағы Энергетика институтында кафедра меңгерушісі бола жүріп аталмыш институтта автоматты электробайланыс мамандарын дайындайтын қазақша топтың ашылуына ұйытқы болды. Оны ашу оңайлыққа түскен жоқ, себебі ол кездегі заман талабы басқаша болатын. Сондай қиындықтарға қарамастан, 1991 жылы тұңғыш қазақ тобы ашылып, 1995 жылы сол мамандықты 20 шақты ғана студент бітірсе, қазіргі кезде қазақ тілінде оқып, бітірген мамандардың саны 200-ге жуықтады. Ж.Ниеталиннің жетекшілігімен осы мамандық Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да ашылды. Бұл Жақсылық Ниеталыұлының туған тіліне деген ақ адал сезімін дәлелдеп тұрғандай. Отанымыздың білім және ғылым саласына қалтқысыз қызмет еткен, мыңдаған шәкірттерді дайын­даған ұлағатты ұстаз, көрнекті профессорымыздың өнегеге толы істері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады. Сағира Әлібайқызы, Алматы байланыс және энергетика университетінің профессоры

3730 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6247

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5730

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3469

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2852

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2814

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2793

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2523

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2508

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы