• Руханият
  • 03 Мамыр, 2012

Киелі домбыраның қоңыр үні

Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптары мұражайында күйші-композитор Сүгір Әлиевтың 130 жылдығына арналған «Қаратау шертпесі» атты лекция-концерт өтті. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория­сы­ның аға оқытушысы, мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы және «Қазақ» радиосының музыкалық редакторы, күйші Сәрсенғали Жүзбаев, жас орындаушы Талант Кезекеновтың қатысуымен өтті. Күйші Сүгір Әлиевтың шығармашылық өмірі жайында, күйшілік орындаушылығы жайында Сәрсенғали Жүзбаев баяндама жасады. Сүгір күйлерін зерттеп, кітап жазған Мұрат Әбуғазы «Қаратау шертпелі күй дәстүрін» еліміздегі басқа күйшілік мектептермен салыстыра отырып, Сүгір орындаушылығының ерекшеліктері жайында көрермендерге жан-жақты мәлімет берді. Талант Кезекенов Сүгір күйшінің көрнекті шәкірттерінің бірі Төлеген Момбековтың «Салтанат», «Ел жаңа», «Қосбасар» күйлерін орындады. Сәрсенғали Жүзбаев мұражайда сақталып тұрған Сүгір күйшінің домбырасымен «Қаратау шертпесінің» екінші нұсқасын және «Бозінген» күйлерін орындап берді. Кеш соңында мұражай директорының міндетін атқарушы Е.Әлімқұлов мұражайға келген қонақтар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырып, мұражай ұжымының атынан алғыс білдірді.

3365 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6686

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5955

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3697

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3085

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3042

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3018

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2748

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2732

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы