• Ақпарат
  • 03 Мамыр, 2012

Қазақ тілі жаңаша оқытуды талап етеді

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде осы оқу орнының және Алматы қаласы тілдерді да­мыту, құжаттама және мұрағаттар басқармасы­ның ұйымдастыруымен «Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіснамасы: үдеріс, сапа, жетістік» деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда Алматы қаласы тілдерді дамыту, құжаттама және мұрағаттар басқармасының бө­лім бастығы Б.Қалымбетов, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Есенова, Н.Назарбаев уни­вер­ситетінің профессоры, филология ғылымдары­ның докторы З.Күзекова, ҚМЭБИ қазақ тілі бағ­дарламасының үйлестірушісі, филоло­гия ғылымдарының докторы З.Ерназарова және басқалар негізгі баяндамалар жасап, ме­диа­мәтін­ді зерделеу, грамматиканы оқыту, студенттің жазу іскерлігін қалыптастыру, орыс тілді аудитория­да қазақ тілін оқытатын кадрлар даярлау мәселелері жөнінде сөз қозғады. Бұдан әрі конференцияға қатысушылар секцияларға бөлініп, белгіленген тақырыптар бойынша өзара тәжірибе алмасты, шеберлік сыныптары өткізілді. Смайыл Базарбай

2573 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6625

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5926

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3669

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3054

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3014

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2990

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2719

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2704

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы