• Ақпарат
  • 03 Мамыр, 2012

Мәзірдің мәнін түсінбепті

«Ана тілі» газетінің 2012 жылғы №9 (1110) 1-7 наурыздағы санында зейнеткер Бейшеналы Қалмырзаевтың «Ас мәзірі» деп атауға болмайды» деген шағын мақаласын оқып шықтым. Автор мақаласында былай деген екен: «Ал бізде мәзір деген сөз ұятты сөз саналады.«Бар мәзіріңді көрсеттің ғой... дейді, «анадан туғандай болып, бар мәзіріңді көрсетіп отырсың ғой», «етегіңді жауып отыр, бар мәзіріңді көрсетпе» деп ескертулер жасап жатады»... Осы ретте мен автордың мәзір деген сөз «ұятты» сөз саналатындығын қандай дерекке сүйеніп айтқанын білгім келеді. Сонымен қатар, «ас мәзірі» деген сөз тіркесіне менің де өз айтарым бар: Біріншіден, қазақтың әдеби тілінде мәзір деген «ұятты» сөзді кездестірмедім. Екіншіден, жергілікті диалект ғой дейін десем, диалектологиялық сөздікте де «мәзір» сөзі көрсетілмеген. Ал үшіншіден, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: (7-том, Алматы – 1983 ж. Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы) 1. Мәзір: бар мәзір. Қолдан келер сый-сияпат, құрмет деген түсінік берілген. – Ал енді жолдастар бар мәзіріміз осы. Мә­жіліс­теріңізге рахмет, – деп, Айдаркин қонақтарының ризалығын күтті. (С.Бегалин, Уақыт). – Табылған бар мәзірім осы болды, Мейманым риза бол, – деді Ықыласқа. (Үш ғасыр) Тағы бір «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін»мысалға алайын. (Алматыда 2008 жылы «Дайк-Пресс» баспасынан шыққан 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі қамтылған сөздік) Осы сөздіктің 60-бетінде: 1) Ас І 1. Адам баласының қоректік заты, тағам деп түсінік берілген. Қазақта: «Ас – адамның арқауы» деген мақал бар. 2) Осы сөздіктің 586-бетінде: Мәзір: Дастарқандағы, асханадағы тағамдардың жиынтық көрінісі. Мәзір: бар мәзірі – қолдан келер сый – сияпат, құрмет деп түсіндірілген. 5) Арабша-қазақша түсіндірме сөздік, 2-том (Алматы, «Мектеп», 1989, Авторы – Н.Д.Оңдасынов). Осы сөздіктің 153-бетінде: мәзір сөзіне мынандай түсінік берілген: Мәзір. 1) кешірілген, біткен; 2) кейбір себептермен бір нәрсені орындауға шамасы келмеген. Аз да мәзіріміз, өз істеген кәдіріңіз! Еске түссе, тарқар өкпең. Бізге істеген жәбіріңіз... (С.Дөнентаев). Дәм айдап келе қалған шығарсың, бар мәзір жоқ, жайымыз – осы. (С.Мұқанов). Мен әр жылдары жарық көрген – сөздіктерге сүйене отырып өз дәлелдерімді келтірген сыңайлымын. Байқағанымыздай, бұл сөз бүгін пайда бола қалған жоқ. Оған қоса, бұрынғы мақаланың авторы Б.Қалмырзаев келтіргендей, бұл мүлде ар-ұятқа қатысты да сөз емес. Сөзімді қорыта келе мәзір сөзі ешқандай ұятты сөзге жатпайтынын ашық айтқым келеді. Сағын ҚЫРЫМҚҰЛ, зейнеткер Ақтөбе облысы Қурайлы ауылы

3025 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6674

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5949

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3691

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3079

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3036

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3012

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2741

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2726

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы