• Мәдениет
  • 03 Мамыр, 2012

Дүлдүлдерге ел риза

Алматыда «Қазақконцерт» залында Алматы қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Лауреат» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен халықаралық, республикалық конкурстар лауреаттарының орындауындағы ұлттық және классикалық музыка шеберлерінің концерті болып өтті.

Ең бірінші болып Н.Тілендиев атындағы республикалық әншілер конкурсының лауреаты, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның 4-курс студенті Фархат Көбеев атақты «Біржан-Сара» операсынан «Біржанның ариозасын» шырқады. Көптеген республикалық байқаулардың жеңімпазы, күйші Жігер Бертісов Т.Момбековтың «Салтанат» күйін нақышына келтіре орындады. Жігерден кейін сахна төріне әнші Ажар Сейтенова көтерілді. Ажар Мұхиттың «Айдай» әнін тамылжыта шырқап, көрермендердің алғысына бөленді. Классикалық вокалдың өкілі Жұпар Ғабдуллина шеберлік биігінен көрінді. 2002 жылғы V халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, 2003 жылғы Майра Уәлиқызы атындағы халықаралық әншілер конкурсының 1-орын иегері Нұргүл Әлқожаева Қалқаның әні «Сары жазықты» орындап, ән өнерінің тылсым сырына қанықтырды. Скрипка аспабының құлағында ойнайтын Гюзель Байұзақова – Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның 4-курс студенті болса да, бірнеше сайыстардың жеңімпазы. Гюзель­дің орындаған музыкалық туындысы да көптің көңілінен шыққа­нын оған деген көрсетілген құрметтен-ақ байқауға болады. Сонымен қа­тар, ұлттық консерваторияның жас таланттары Александра Швабенланд, Алмагүл Мұқан, Гүлнәр Бадештің аспапта ойнау шеберліктері сүйсіндірді. Осы күнде дара орындаушылық мәнерімен танымал болған, жеке концертін де беріп үлгерген Батыржан Мықтыбаевтың өнері көпшілікке жақсы таныс. Ол бұл концертте Құрманғазының «Төремұрат» күйін тарту етті. Домбырашы Қуаныш Жұмағалиев те жұртшылықты өз өнерімен тәнті қылды. Кеш барысында танымал әншілер Ардақ Исатаева, Мейрамгүл Орашева өнер көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты. Концерт соңында барлық қатысушыларға «Қазығұрт» баспасының атынан қазақтың ақын-жазушыларының көп томдық жинақтары тарту етілді. Сондай-ақ, өнер иелері Алматы қалалық Мәдениет басқармасының атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Дәуіржан Төлебаев

2916 рет

көрсетілді

45

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6752

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5989

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3728

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3117

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3072

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3050

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2779

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2764

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы