• Ақпарат
  • 10 Мамыр, 2012

Хиуаз. Әскери ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың рухына арналады

Аспан-Аңсар Төрт перзенттің үлкені, Хиуаз еді үйдегі. Жайраң қағып жүргені, Жабығуды білмеді. Еркін өсті еліктей, Күн аймалап дидарын. Болса да ерке, желікпей, Жиі кезді ой бағын. Жүгінген соң ақылға, Сүйсінетін төңірек. Ойынға емес, оқуға, Ден қоятын көбірек. Үрку, қорқу – жат оған, Қайсарлығы басым-ды. Намыс-күштен от алған, Елестетер жасынды. Қамқоршы боп кішіге, Қолын созды әлсізге. Білді бәрін түсіне, Қолдамады – жөнсіз бе? Балалық шақ – арманшыл, Қиял құсы самғайды. Жұрт қызығар, жаңашыл, Әр кәсіпті таңдайды. Хиуазда – бір мақсат, Ұшқыш болу – арманы. Мамандықтың бәрі жақсы-ақ, Бірақ, осы – таңдауы. Ұшқыштардың ерлігі, Челюскиншілерді құтқарған. Маза бермей күн-түні, Таңды ұйқысыз атырған. Ерлік қанат байлады, Көкке ұшырып желпінтті. Көкке арман жайлады, Көк жүзінен нұр күтті. Көк аспанда, бағынған, Қандай бақыт нұр құшу. Қыздардың да қолынан, Келеді екен көкке ұшу. Дей алмайсың өр емес, Түрлері жоқ жасқанар. Ерлерден еш кем емес, Марина Расковалар... Болса да әйел жынысты, Тоқтамай, алмай тыныс та. Еш жерге қонбай тура ұшты, Мәскеуден Қиыр Шығысқа. Жарады, қыздар, жарады, Әйелді көкке көтерді. Ерлік көпке тарады, Быт-шыт қылып «бекерді». Көкке деген құштарлық, Хиуазда күшейді. Күндіздің өзі боп тарлық, Ұшақ, аспан... түске енді. Қарсы ап жайсыз таңдарын, Тыныш енді ұйықтар ма? Ұшқыш болу арманын, Ата-анасы құптар ма? Рахмет әкесіне, Анасы да асыл адам. Қадіріне жетесің бе? Бұл жандардың асыраған. – Жолың болсын! – деді анасы, Әкесі де құп көрді ойын. Өтінген соң жан баласы: – Оңнан тусын, – деді, – айың! Көңіл құсы шарықтайды Аттады зор сенімменен, Аэроклуб баспалдағын. Асып-тасқан көңілменен, Ашатындай аспан бағын. Міне, аспан, келеді ұшып Көңіл, шіркін, шарықтайды. Бір – жоғары, бірде түсіп, Құс сияқты қалықтайды. Армандары орындалған, Қайғы-мұңы жоқ, тіптен. Биіктерді бағындырған, Құстар, қандай бақытты ең. Жүйрігі бар тақымында, Шаттанудан танбады. Хиуаздың да ақырында, Орындалды арманы. Ұшу еді, бар тілегі, Қабыл қылды Жаратқан. Лүпіл қағып жас жүрегі, Нұрын көкке таратқан. Сүйіндіріп бар маңды, Мейірім төгіп тұрады көк. Көңіл келе жайланды, Ұшқыш деген куәлік ап. Мектепті де тәмамдады, Аэроклуб білімін ап. Содан кейін мазалады, «Енді қайда?» деген сұрақ. Бұл сұраққа жауап әзір, «Мәскеу – шаһар ордалы». Жетуге де дайын қазір Уақыты келсе болғаны. Келді уақыт жол жүретін, Тартты астана – Мәскеуге. Орал қалды бұл білетін, Қимайтындай, «Қош» деуге. Тұрған мекен жүрек қалап, Соғыс әуе академиясы. Шақырады мен мұндалап, Өмірінің шың-қиясы. Көрінді ме болып бөтен, Ұшқын қалды-ау жалындамай. Академия неге екен, Қолын қақты қабылдамай. Домаламай өрге тасы, Құрбылардан қалғаны ма? Сонда мұның бар кінәсі – Қазақ болып туғаны ма? Бірақ, бұған жасымады, Көңіліне кірбің шалмай. Түсін неге қашырады? Сыр бермеді мұңсыз жандай. Құмар еді-ау, заңғар көкке, Енді қалай? Көп толғанды. Шешті ақыры дәрігерлікке, Жөн болар деп барғанды. Болды студент. Жайнап көзі, Болашақта – дәрігер. Кілең бестік. Құрбы сөзі: «Хиуаздың жолын бер!». Бірқалыпты көңіл күйі, Емтиханнан еш саспайды. …Сабақтан соң жиі-жиі, Аэродромға көз тастайды. Ащы үн «Соғыс»! Ащы үн еді, Селт еткізді денесін. Шайқап-шайқап жіберді, Тыныштықтың кемесін. Басқыншы жау беттепті, Ұлы Отанды алуға. Әлден «өлік көп» депті, Деревня жануда. Жаудың мына әрекеті, Намыс отын лаулатты. Жауыздардың қарекеті, Қара қанды қайнатты. «Жіберіңдер майданға!» деп, Басшылықтан сұранды. Кернеп бойда ыза мен кек: – Салайын бір лаңды. «Жоқ. Болмайды. Сөзді тыңда, Тылға да адам керек» деді. Сөндіргендей болды сонда, От-алауды жүректегі. Жөнсіз іске мін таға ма? Тыңдамасқа шара жоқ. Мойынға артқан бар жұмысқа, Жұмылды кеп қала боп. Жеткізілді құм, тасың да, Бекініс те салынды. Бар істердің ортасында, Жастар жүрді жалынды. Ұшқын атқан кілең жанар, Берік қамал – жас кеуде. Қайраттанып жүрді олар, «Берілмейді Мәскеу» деп. …Жетті хабар. Ашылды ұйқы. Рас болса қандай жақсы: Таяу күнде әуе полкы, Әйелдерден құрылмақшы. Құрайтұғын топ, не жасақ, Раскованың өзі екен. Қуанды ол дәл осы шақ, Бағын сынар кезі ме екен? Ертеңіне ерте тұрып, Комиссияны бетке алды. Асқақ кеуде, еңсе биік, Жанарында от бар-ды. Комиссия төрайымы, Раскова – атақты қыз. Сұсты екен – бар «айыбы», Кеудесінде Алтын жұлдыз. – Қайдансың? Сұрақ тосын – Қазақстан – елім менің. – Қазақсың ба? – деді сосын, – Иә, – деп қатты асқақ, өр үн. – Соғыс қой бұл… Мұнда… – Білем. Мен әзірмін. Раскова ойланды да, – Жақсы, – деді – жазылдың. Кезекті ұшу Штурман ол. Жауға қарсы шүйлігер, Бір жағынан Хиуаз бұған қуанды. Раскова – мақтанышы бас иер, Бір кездері штурман болған-ды. Ә дегеннен абырой, бедел жинады, Не десе де құрбылары қоштады. Өзімсініп, еркелетіп біржағы, «Катя» атап кетті оны достары. …Кезекті ұшу. Тапсырма да белгілі, Дұшпан жатқан Майндорфты бомбалау. Жау тылына беттеп тағы бұл түні – Тапсырманы орындамай оралмау. Майдан шебі жақын. Міне, таянды, Снарядтар жарқылдайды төменде. Айналаны түнек басқан. Қараңғы, Түк көргісіз. Үй ме, анау емен бе? Алдыңғы шеп артта қалды сәлден соң, Көп ұзамай жетті жерге көздеген. – Майндорф осы болар мен білсем, – Деді Хиуаз – екеуіміз іздеген. Пискарева – ұшқыш құрбы саңқ етті: – Нысананы бетке аламын мен онда. Жау сезіпті. Жарық жарып түнекті, Зеңбіректен оқ атты кеп бұларға. Қыздар, бірақ, алған беттен қайтпады, Нысанаға тарта берді тайсалмай. «Бұрылайық» деген сөзді айтпады, Тынбайтындай соққы бермей, кек алмай. Кездеспеген бастарынан сынақ аз, Үркітпейді содан да жау оқтары. – Керегі ме сендерге осы, – деп Хиуаз, Тартып қалды бомбасы бар тұтқаны. Бомба барып нысанаға дөп түсті, Төңіректі басып қалды от-жалын. – Не болды, – деп қарап еді, – жер үсті, Көрді жаудың қашып бара жатқанын. Ойдағыдай барлығы да. Ендеше, Кейін қарай қайтуға да болады. Мақсатына жетті. Қайтты бір есе, Хиуаз – қыздың нұр шашып тұр жанары. Бұлтпен бетпе-бет …Тапсырма алды. Оңай емес бұл енді, Бұлтты еді аспан және осы күн. Ойланбады. Нысанаға ап жөнелді, Жүрер жерін басқыншының – қасының. Әне, әне машиналар тізбегі, Осы еді ғой іздеп келе жатқаны. Қырсығын-ай, не боп кетті бұл өзі, Көк жүзінде тағы да бұлт қаптады. Қайда кетті? Жау көлігі жоғалды, Жаңа ғана көрінген-ді ап-анық. Көрінбейді қарасы да, оларды, Кеткендей-ақ басқа жаққа бұлт алып. Бұлтты аспанды сүт пісірім шарлады, Жанармай да бітіп қалған сияқты. Оралуға жібермейді арлары, Қыздар ғой бұл, пір тұтатын ұятты. Алға озып,төменірек түскенді, Машиналар сонда ғана байқалды. «Түймелерін» бомбалардың шешкен-ді, Ұшақ сол кез құлайтындай шайқалды. Жарылыстар жер-дүниені жаңғыртты, Темір-металл жоғарыға атылды. От-жалындар сонда түтін қалдыртты, Көру мүлде мүмкін емес жақынды. Шайқалғаны байқалғаны ұшақтың, Әсері екен төмендегі дүмпудің. Ажал аулы қалыпты ғой аз-ақ тым, Сақтап қалған тілеуі ме жұртының? Өртегендей отына сап дозақтың, Ойран етіп қайтты кейін жау-сұмды. …Үлгірді-ау, жанармайы ұшақтың, Аэродромға жетіп барып таусылды. «Атың өшкір соғыс-ай…» Бағыт қазір – станица Славян, Дәл осында фашистердің штабы. Жауың мұнда алшаң басып жүр аман, Штаб деген – зұлымдықтың бастауы. – Бомба тастап құрту керек дұшпанды, – Осыны айтты командирдің өзі кеп. Қыздар сосын жедел көкке ұшқан-ды, Жау тылына жету үшін тезірек. Келеді ұшып. Аппараттан бір кезде, Жылағаны Юляның естілді. Шошып кетті. Дауыс емес бұл өзге, «Неге апырмай жанарына жас тұнды?». Юля бір кез жайып салды барлығын, – Славян – менің туған мекенім. Осында өтті нұрға толы әр күнім, Алыс кетсем, құстай ұшып жетерім. Қазір мұнда әке-шешем тұрады, Үстеріне қалай бомба тастаймыз? Юляның састырды бұл сұрағы, Келді айтқысы: «Қайттық. Әрі ұшпаймыз». Бірақ, бұйрық бар емес пе, қаһарлы, Оған бәрі құлақ асып ұйлықты. Сатуменен бірдей туған Отанды, Орындамау – жауынгерлік бұйрықты! – Түсінемін. Қайдан болсын менде өкпе, Бұйрықпенен Отаныңды қорғайсың. Катя, бірақ байқағайсың, мүлт кетпе, Жаудың үстін нысанаға алғайсың. Юля сөзі басқандай боп көңілді, Сабырға кеп өзін-өзі ұстады. Ашу қысып алға қарай емінді: – Қайда әлгі жендеттердің штабы. Жауапты сәт. Қате кету – масқара, Мүлт кетпеуге расында тырысты. «Жауға тисін, тимесінші басқаға», …Астан-кестең болып кетті жер үсті. Кейін білді. Бейбіт халық дін аман, Дұшпан ғана бірі тірі қалмаған. Юля болса сонда өксіп жылаған, Хиуазға мың алғысын арнаған. Юля үшін мынау ыстық жер еді, Таныс тоғай, таныс дөңес, таныс ой. Бомбалатқан туып-өскен селоны, Қараң қалғыр, атың өшкір соғыс-ай! «Туған елде кездескенше!» Варшаваның түбі еді. Түс кезі, Кезекші айтты: «Бір жерлесің келіп тұр». Қазақ екен. Күлім қағып тұр көзі, Мұның-дағы жан-жүрегі еріп тұр. Тартқанменен ілгеріге бір екпін, Сабыр сақтап, қолды ғана алысты. Тілшісі екен майдандық бір газеттің, «Сағынғали Сейітов» деп танысты. Сәлден кейін кетті әңгіме жарасып, Туған елді, туған жерді еске алып. Ата-анаға, қалған елде, жан ашып, Арасында сағыныштан жас тамып… Бір сәт деді екеуі: «Жеңеміз! Қалды артта қиындықтар, азап күн». – Бұл соғыста көрініп жүр, білеміз, Ерлік жасап қыздары да қазақтың. Деген кезде Сағынғали жай ғана, Құлақ түрді Хиуаз оның сөзіне. – Мәметова жайлы айтады айнала, Батыр болып туғандай-ау, өзі де. – Мәметова! Елең етті Хиуаз, – Мәншүк болар, сірә, оның есімі. – Иә, Мәншүк. Соңында оның қалды аңыз, Қазағымның ол да ардағы, асылы. – Мәншүк менің бала кезгі досым ғой, Жасынан-ақ батыл еді, өр еді. Қыздар біздің қайраттанса жасын ғой, Дұшпан-фашист бізді қайдан жеңеді? – Әлия деген батыр шықты тағы да, Мерген бопты көздегенін сұлатқан. – Батыр қыздар туған елдің бағына, Жаудың өзін таңырқатып, қаратқан. Сағынғали кетерінде өтініп, Хиуазды редакцияға шақырды: – Айтып сенің ерлігіңді жатыр жұрт, Жігіттер де білед сенің атыңды. Аға сөзін құп алды да бір күні, Редакция баспалдағын аттады. Тыңдағанда естіледі біртүрлі, Мұны келіп барлығы да мақтады. – Сөз емес бұл айтқан сонша асырып, Қазақ атын жүрсің, қалқам, шығарып. Ел басына күн туғанда, ашынып, Апаларың көтерілген ту алып. Сен жалғасы аналардың ержүрек, Қорғап жүрсін аруағы солардың. Сендер барда орындалар мың тілек, Сендер барда жасын төгіп жылар кім? Мұны айтқан осы газет тілшісі, Ақын Жұбан Молдағалиев боп шықты. Ақын десе ақын екен бұл кісі, Сөйлеп болып, тебіреніп жыр төкті. Сөз өзегі – елде өткен бал дәурен, Бұл кездесу таңға барып астасты. Туған жердің исі шыққан жандармен, Құшақтасып, қимай-қимай қоштасты. Бірін-бірі қимай, міне, тұрғаны, Қоштасарда көкіректе мұң қалар. Сыртқа шығып, кетерде қол бұлғады, – Туған елде кездескенше! – деді олар. Ол – қаһарман Соғыс бітті. Елге оралды қайсар қыз, Кеудесінде орден-медаль жарқырап. Жауды жеңді. Қуаныштан ел мұңсыз, Жеңіс тойын тойлап жатты атырап. Білек түріп кетті іске кірісіп, Мың сан шаруа шақырады өзіне. Қауымменен тіл табысып, ұғысып, Жақсы атпенен түсті елдің көзіне. Депутат та болды елі сүйсінген, Қазақстан жастарын да басқарды. Қыз еді ол туған елін шын сүйген, Елі үшін аямады жас жанды. Сол ел-жұртын мазалайтын бір жағдай: «Соғыста ол көрсетті ғой батырлық. Әділетсіз бола ма дәл мұндай, Батыр атын берсе қайтер мақұл ғып». Атаққа бұл лайық қой. Тыңдар кім? Өз бағасын алу керек батыр қыз. Хиуаз жүрген жолдарында майданның, Расында қаһармандық жатыр із. Елі үшін еңіреген ерлерді, Көтеретін Қазақстан бұл кезің. Хиуазды халқы Ерге тең көрді, Елбасы да қуаттады ел сөзін. …Сүйіншілеп атамекен таңы атты, Бұл шаттықты дос та көрді, жат көрді. КСРО қимай қалған атақты, Қазақстан – өз Отаны ап берді. Азаттық шапағаты Атақ тапты иесін, Хиуаз – Халық қаһарманы. Ел мақтаны – бұл есім, Әділдік шын орнады. Мәз болады, таңданады, Хиуаздың жайнап өңі. Әділдіктің орнағаны, Тәуелсіздік арқасы еді. «Қазақстан – жұмақ жерім, Сен үшін деп мен алысқам. Өркендей бер, туған елім!» – Деді толқып қуаныштан. Хиуазбен ел қуанды, Әділдіктің жеңгеніне. Ел қуанған нұрлы таңды, Батыр қыздың көргеніне. Есте бәрі. Жау тылына, Үш жүз рет ұшып еді. Жаудың салған құрығына, Үш жүз рет түсіп еді. Осындай-ақ болар мықты, Ел сүйсініп мақтайтұғын. Бәрінен де аман шықты, Ажалы жоқ бейне тұйғын. Жараланды талай рет, Жарасы да ауыр еді. Соққы алды бас пен жүрек, Ұшу оған қауіп еді. Түгел алмай домын-емін, Қайта кірді от-жалынға. «Отан үшін күресемін, – дейді, – бойда жаным барда». Сөйткен Хиуаз еді ғой бұл, Ел намысын биік қойған. «Жауды жеңу. Болмайды құл», Болатын-ды басты арман. Қасіретті әкеп біраз, Жеңіс жетіп, жауың ыққан. Жеңімпаздың бірі – Хиуаз, Қазақ қызы – жүрек жұтқан. *** Батыр қыздар – қаһармандар, Әлия, Мәншүк және Хиуаз. Күйшілерім күй арнаңдар, Ақындарым, кәне, жыр жаз. Бойларында қанық әлем, Намыс пенен ар барынан. Өрлік көрем, пәктік көрем, Қазағымның қыздарынан. Шаттық көрсін, бақ дарысын, Мұң көрмесін нұрлы жүзі. Абыройым, мақтанышым, Жайна, жаса, Қазақ қызы! АТЫРАУd185d0b8d183d0b0d0b71

9949 рет

көрсетілді

23

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6819

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6022

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3761

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3149

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3107

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3083

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2811

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2796

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы