• Мәдениет
  • 10 Мамыр, 2012

Ардагерлеріміз – мақтанышымыз

Республикалық кітап мұра­жайында Ұлы Жеңіс­тің 67 жылдығына арналған «Ұлы ерлікке тағзым» атты көрменің ашылу салтанаты болды. Шара ақын, майдангер Жұмағали Саинның туғанына –100 жыл, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына – 90 жыл, майдангер, халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына – 90 жыл толу мерейтойларына да арналды. Көрмеге Жұмағали Саинның таңдамалы шығармалары, 1952, 1957 жылы шыққан үш томдық кітаптары қойылды. Ұлы Отан соғысының ардагері Сейдәлім Тәнекеев, Ауған соғысының ардагері Ер­кін Байтоқаев, Даманск оқиғасының ардагері Оңғар­бек Сыдықбеков қатысып, сөз сөйледі. Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы С.Тәнекеев көрменің тұсау­кесерін қиды. Көрменің ашылу салтанатында Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, академик, кітап мұражайының директоры Н.Қапалбекұлы сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдірді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти­тутының бас ғылыми қызметкері, филология ғылым­дарының докторы Н.Ақыш соғыстың мәнін, майдангерлер ерлігі жайлы көрермендерге ашып түсіндіріп, кітаптарын қолтаңбасымен сыйға тарт­ты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері әскери институтының факультет бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқық жө­ніндегі орынбасары подполковник Е.Байсеркеев, радио электроника және байланыс-әскери ин­же­нер­лік институтының аға офицері, майор А.Жүніс­әлиев көрмені тамашалап, сөз сөйледі. Осы аталған институттың курсанттары Ұлы Отан соғысы туралы, ерлік, Отан қорғау тақырыбына өз пікірлерін білдірді. №159 мектеп-гимназияның оқушылары Р.Алмат, Н.Дәулетбек, С.Әмірбек батырларымызға арнау өлең оқыды. Кітап мұражайында ашылған «Ұлы ерлікке тағзым» атты көрме жыл аяғына дейін көрермендерге көрсетілетін болады. Ж. САҚАТОВА, Республикалық кітап мұражайының аға ғылыми қызметкері

3344 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6267

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5739

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3479

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2861

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2823

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2802

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2532

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2517

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы