• Ақпарат
  • 10 Мамыр, 2012

Көңіл сыры

Жақында Ха­лық­­­­­аралық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лауреаты, ақын Темір­ғали Кө­­п­­­­­баев­тың «Аң­сар» және «Қара­па­­­­й­­ым пайымдар» ат­­­­ты кітаптары жа­­рық­қа шықты. Ав­тор­дың «Аңсар» ат­­ты жинағына он­ың таңдамалы туын­ды­лары топ­тас­­­тырылған. Ердің жасы елуге то­лып отырған қарымды қаламгердің тегеурінді жырлары мен дастандары терең ой мен кестелі сөздің көркемдік бірлігін, көңіл сыры мен жүрек ше­рінің шы­найы үй­лесімді­гін ай­қын та­нытады. Елдік биік мақ­сат, ұлттық асқақ рух мәсе­лесін ай­ту­­ға кел­генде ақ­жү­рек ақын­­ның өр­шіл поэзиясына тән сезім бұл­қыныстары оқыр­манды еріксіз елітіп әкетеді. Та­биғат, махаббат ли­­ри­ка­ларындағы сурет­керлік, ше­бер­­лік ерек­ше­лік­тері ақын­ның өзіндік болмысын да­ралай түседі. Ал «Қара­пай­ым пайымдар» ат­ты кітабында өмір жолында өз көзімен көріп, жүрегінен өткізген көптеген жайттар көкірек та­разысымен без­бен­деледі. Есте­лік, эссе жа­нр­ын­­да жазыл­ған мақа­­ла­лардан тұра­тын жинақта Қа­­дыр Мырза Әли­дің, Тұманбай Мол­дағалиевтің, Шер­хан Мұр­­та­за­ның, тағы басқа да аса көрнекті ақын-жазу­шыларымыз бен қай­рат­кер­ле­рі­­міздің азамат­тық бол­мыс-бітімі ке­ңінен сипат­тала­ды. Тәуелсіздік тұ­сын­да ұл­ты­мыз­­дың рухын көтеру мәселесіне бай­ланысты қа­ламгердің ой-толғамдары мен шы­найы сырлары танымдық тұрғыдан ал­ған­да берері көп дүние­лер. Автор­дың қо­ғам­­дағы түр­­­лі құбы­лыс­тар ту­ра­лы жа­тық тіл мен анық ойға не­гіз­делген қара­па­йым пайымдары оқыр­­манның кө­ңіл түкпірінде сақ­­та­лып қалары сөзсіз.

2658 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6297

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5754

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3494

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2876

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2838

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2817

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2547

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2532

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы