• Ақпарат
  • 10 Мамыр, 2012

Дұрыс сөйлеуге ден қойса...

Жиырма жылдан аса уақыт өтсе де қазақша сөйлей алмай жүрген кей шенеуніктердің қылығына қарап отырып қынжыламыз. Теледидардан сөйлеп жатқандарында аңғаратынымыз, ойлары ұғынықсыз, айтып тұрған сөздері аяқсыз қалады. Осы кей шенді- шекпенділер теледидардан сөйлеген сөздерін өздері тыңдай ма екен... Бірқатар жағдайларда режиссерлар олардың сөзін аяқтамай-ақ қиып тастайды, себебі олардың сөйлеп тұрған сөзінің түсініксіздігі былай тұрсын, тыңдаушының жүйкесін жұқартады. Бұрын жоғары оқу орнына түсу үшін, турасын айтқанда, адам болу үшін орыс тілі қалай керек болса, қазір де қазақ тілінде сондай жағдай жасау қажет. Ол үшін мектеп бітіргендерге жоғары оқуға түсу үшін ҰБТ-мен қатар қазақ тілінен шығарма жазуды, диктант жазуды міндеттеу керек шығар. Бұл айтқандарым бос сөз демес үшін шенеуніктер мен журналист-дикторлардың бір емес, бірнеше рет орталық телеарналардан айтып жүрген орашолақ сөздерін келтірейін. Шенеуніктер айтайын дегенін айта алмай, «біз әлгі... жаңағы... нені... не қылып жатырмыз... нені не қылса болады ғой» деген сөздермен аяқтайды. Сөйтіп кейбірінің «жаңағы» деген сөзді бір сөйлемде үш-төрт рет қайталап, онымен қоймай сөйлемін бітіре алмай қор болып тұрғанын байқаған режиссер үзіп тастайды. Ал журналистер қауымы өз сөйлемдерін «жер жастандырды», «қырып салыпты», «сан соқтырып кетіпті», «түрмеге тоғытылды», «қанжығасына байлады», «жемқор құрықталды» деп аяқтап, басқа да бейәдеп сөздерді жиі пайдаланады. Мысалы, «тіпті», «бағана», «сосын» және «айтпақшы» деген сөздерді журналистердің халық алдында теледидардан айтатын сөздер емес қой. Мәселен, «жер жастандырды» деген қарғыс сөз лаңкестердің қолынан қаза тапқан полицей қызметкерлеріне қарата айтылмауы керек еді ғой... А.ТӨРЕБЕКОВ, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің профессоры

2412 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5915

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5548

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3286

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2670

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2632

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2608

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2342

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2325

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы