• Тарих
  • 10 Мамыр, 2012

Қаламгерлерді еске алды

080512-24 Елордадағы Жастар мәдениет сарайында Астана қаласының қарыштап дамуына, рухани бейнесінің қалыптасуына атсалысқан белгілі журналистер Ақ­селеу Сейдімбек, Дүкеш Байымбетов, Владимир Коченов, Жомарт Әбдіхалық, Рафаэль Жұмабаев, Талғат Ілімжан, Владимир Бойко, Жұматай Сабыр­жанұлы, Шәкизада Құттаяқов, Алмас Жолтаев, Мадрид Рысбеков, Нөгербек Мағзұмов, Октябрь Әлібек, Олег Квятковский, Біржан Белғараларды еске алуға арналған кеш өтті. Мәні мен маңызы ерекше мәдени шараға марқұмдардың отбасы мүшелері қатысты. Шара барысында өмірден ерте өткен дарынды журналист-қаламгерлерге арналған бейне-сюжеттер көрсетіліп, естеліктер айтылды. Жұматай Сабыржанұлы «Ана тілі» газетінің Ақмола өңіріндегі меншікті тілшісі бола жүріп туған тіліміздің тағдыр-талайы туралы сүбелі мақалалар жазды. Өмірден ерте озған қаламгердің соңында мол мұралары қалды. Олар бүгінде оқырман қауымның рухани азығына айналып отыр. Осы кеште Ж.Сабыржанұлының жары белгілі журналист, қаламгер Әмина Мүржісіпқызына «Қазақ газеттері» ЖШС атынан сый-сыяпат көрсетіліп, Серіктестіктің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Ж.Кенжалиннің арнайы құттықтау хаты оқылды. Оны «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Н.Домбай табыс етті. Астана қаласы Мәдениет департаменті ұйым­­дас­тырған кеште еліміздің танымал өнер жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Бекболат Бай­сағатов, Cepiк Оспанов, Естай Мұқашевтар өнер көрсетті. Айта кету керек, дарынды журналистерді еске алуға арналған шара биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Кештің бастамашылары әpi негізгі қолдаушылары «Ұлы дала қырандары» әлеуметтік-мәдени рес­пуб­ликалық қозғалысының теңтөрағалары, журналистер Сәдібек Түгел мен Марат Нәбиев. Естеріңізге салсақ, 1998 жылдын 4 сәуірінде Елордада Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығы құрылған болатын. Онда мыңнан астам брифингтер мен баспасөз мәслихаттары жоғары деңгейде өтіп, нәтижесінде жаңа Елордамыз туралы барлық газет-журналдар беттерінде жақсы мақалалар мен очерктер жарыққа шықса, теледидарлар мен радиолар арқылы көптеген бейне және аудио сюжеттер әзірленген еді. Елордалық журналистер Астана қаласының бейнесін БАҚ беттерінде жан-жақты көрсетуге күш салды. Аталмыш Ха­лықаралық Баспасөз Орталығының жаңалықтары мен хабарларына үн қосып, баспасөз беттерінде көрсете білген дарынды қаламгер-журналистердің еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес. Бейбітгүл Исаева АСТАНА

3672 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5892

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5532

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3270

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2654

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2615

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2592

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2326

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2309

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы