• Ақпарат
  • 10 Мамыр, 2012

«kaspi» тұрғанда басқа банкті қайтесіз?

lmn-dalada2 Михаил Ломтадзе, «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы: Бәсекелестерін елең еткізген kaspi bank-і жылды осындай жаңа ұранмен бастады. Сауда желісінің көптігімен өзге банктерді артта қалдырған банк биыл клиенттеріне жаңа инновациялық өнімдер ұсынуда. Көлігі бар азаматтарға жанармайдан ақша үнемдейтін «Көлік иесінің картасын» шығарса, жақында kaspi клиентіне түрлі сауда орталықтарында сан алуан жеңілдікке қол жеткізуге болатын «бонустық бағдарламасын» іске қоспақшы. Амбициялық банктің осы және өзге де жаңалықтары жайлы толығырақ «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе айтып берді.  – kaspi bank-і – отандық банктер ішінде ондыққа кіретін банктердің бірі. Өткен жылы сауда желісін ұлғайтып, көшбасшы болды. Дағдарыс қаупі төнгенде компаниялар, керісінше, шығындарын қысқартпай ма? – kaspi bank-і осы күнге дейін де, ел үшін қиындық туғызған дағдарыстың алғашқы толқынында да ешкімді және ешнәрсені қысқартқан емес. Керісінше, жаңа өнімдер, бөлімшелер мен сауда нүктелерін ашуды жалғастырып келеді. Біз республика бойынша әр үш күнде бір жаңа бөлімшені іске қосып жатқан жалғыз банкпіз. Жыл сайын жоғары оқу орнын бітірген мыңнан астам жас маманды жұмыспен қамтып отырмыз. Үш жыл бұрын біз 50 стратегиялық жобаны (банк өнімдері, сауда желісін кеңейту, қызмет сапасын жақсарту және т.б.) жүзеге асырсақ, биыл 80 жаңа стратегиялық жоспарды іске қоспақшымыз. Кез келген ұйымда қиындықтар қызметкерлердің басым бөлігі қол қусырғанда басталады. Ал біздің қарап отыратын уақытымыз жоқ. – Банктің ұранын өзгерткендеріңізді білеміз. Ұрандарыңызды не себепті өзгерт­тіңіздер? –Біз клиентке серіктес ретінде қарай­мыз. 2008 жылы банктің брендін, яғни, келбетін өзгерткенде біз «Табысқа бірге жетейік!» деген ұранмен клиентпен бірге өстік, бірге дамыдық. Белгілі бір жетістікке жеткенде банк өнімдерін клиенттің сұранысына сай жасау үшін «Сіз үшін тағы не істей аламыз?» деп өз-өзімізге сұрақ қою арқылы клиенттің қалауына, қажеттілігіне сай өнімдер ұсындық. Мұнымен тоқтап қоймай, қызметімізді жан-жақты әрі қызықты етіп, қоржынымызды жаңа өнімдермен толықтырып, енді клиенттер дәл бізді таңдауы үшін «kaspi тұрғанда басқа банкті қайтесіз» деп ұрандадық. Бірінші кезекте, бұл соған сай болу үшін өзіміздің өзімізге қоятын талабымыз іспеттес. Сол себепті біз клиенттерімізге қызмет сапасы мен банк өнімдерін бұрынғыдан да тиімді етіп ұсынбақшымыз. kaspi bank командасы тынбай жұмыс істейді, қателеседі, тәжірибе алмасады, үнемі өсу үстінде, іштей өзгеріске ұшырайды. Бұл – біз үшін дамудың жаңа кезеңі. – Банк ұсынып жатқан өнімдер әртүрлі. Жыл сайын жаңаларын ұсынасыздар. Бұл клиентті жаңылыстырып жібермей ме? – Біздің өнімдер ыңғайлы әрі қара­пайым және клиент шатасатындай күрделі емес. Мысалы, kaspi депозиті біреу-ақ және барлық ыңғайлы әрі тиімді шарттар сонда шоғырланған. Кез келген уақытта және еліміздің кез келген өңірінен толықтырып, шетінен немесе барлық соманы бірден ала аласыз, ақшаны толық алғанда сол күнге сай пайыздық мөлшерлемесімен беріледі. Несие түрлері де түсінікті: қалаған тұрмыстық техниканы артық төлемсіз банктің серіктес сауда үйлерінен алуға болатын «тауарлық несие», 150 000-нан 380 000 теңгеге дейін 15 минутта берілетін «несие картасы» мен бір күнде 3 миллион теңгеге дейін қол жеткізуге болатын «ыңғайлы несие» бар. Ыңғайлы несиелер үйге жөндеу жүргізсеңіз де, көлік немесе саяхатқа билет сатып алсаңыз да кез келген керегіңізге жарайды. Ең бастысы бұл өнімдерге қол жеткізу үшін аз ғана құжат керек және несие беру туралы шешім бір күнде қабылданады. Біз клиентті шатастыратын, айырмашылығы шамалы бір банк өнімінің бірнеше түрін шығармаймыз, тіпті, жаңа өнім шығарғанда клиенттер арасында сараптама жүргізіп барып, солардың сұранысына сай өнімді шығаруға тырысамыз. Бүгінде барлық бөлімшелерде клиент несиесін төлеп, депозитін толықтыру үшін кезекке тұрмай, операцияны өз бетінше жүзеге асыру үшін терминалдар қойдық. – Банк қызметіне жүгінетін адам не себепті kaspi-ді таңдауы керек? – Себебі, тек kaspi-де «несиені бас­қаруға» болады. Қалай? Сіз несиені тездетіп өтеп тастау үшін ай сайынғы төлеміңізді жағдайыңызға қарай көбейтіп немесе азайта аласыз. Мысалы, несиені алғанда ай сайын 25 000 теңгеден төлеймін деп ойладыңыз, алайда күтпеген шығындар болып қалғанда, банк көрсеткен ең төменгі төлемді өтей аласыз немесе, керісінше, көптен күткен қосымша табысыңыз қолға түссе, ай сайын белгілеген төлемнен де көп етіп құясыз да, несиеңізді ертерек жауып тастайсыз. Біздің бөлімшелер еліміздің барлық өңірлерінде және адам көп шоғырланған жерлерде орналасқан. Бұл кездейсоқтық емес. Біз әр қадамымызды есептеп, зерттеп, анықтап алып барып жасаймыз. Ол қадам барған сайын бізді халыққа жақындата түседі. Кез келген сұрағыңыз болса, банкке бармай-ақ, алдымен банктің «қаржы кеңесшілерінен» телефон арқылы біле аласыз, баратын болсаңыз, келісіп қоясыз. Ұялы телефоннан 9999 нөмірін тересіз, қоңырау тегін. Бір ғана «Автокэш» өнімін алсақ, көлік алғысы келген адамға темір тұлпарды бағалап, құжат жинап жүрудің қажеті жоқ. Алдымен банктен ақша алады, сосын көлігін сатып алған соң оның техникалық құжаттарын банкке көрсетеді. Сол кезде клиенттің пайыздық мөлшерлемесі азайтылады. Кез келген несие түріне небәрі үш құжат керек: жеке куәлік, СТН және ӘЖК. «Тауарлық несиенің» көмегімен артық төлемсіз тұрмыстық техника дүкенінен қалаған тауарыңызды сөредегі бағасына сатып алып, бөліп төлейсіз. Тағы «Автотөлемақы» деген өніміміз бар. Оның көмегімен сіз ұялы телефоныңыздың балансын тегін толтыра аласыз. Ұтымдысы – сіз балансты толтыру үшін дүкен немесе терминал іздеп жүгіріп жүрмейсіз. Банк автоматты түрде және өзіңіз қалаған туыстарыңыздың да балансын, қалаған сомаңызға банктегі шотыңыздан толтырып отырады. Өзіңіз айтыңызшы, осы шарттар сізге тиімді ме? – Жасыратыны жоқ, тиімді. Сіз журналис­термен соңғы кездескеніңізде жыл сайын клиент­терге кемінде жаңа бес өнім ұсынамыз дедіңіз. Көлік иелеріне жағымды жаңалықтарыңыз бар сияқты. – Дұрыс айтасыз. Жыл басында біз көлігі бар адамдарға жанармайдан ақша үнемдеу мақсатында «Көлік иесінің картасын» шығардық. Бұл картаның көмегімен сіз жанармай бекетінде алғашқы 3 ай бойы жанармай құюға жұмсаған ақшаңыздың 5 пайызын, кейін 3 пайызын қайтара аласыз. Карта дегеннен қорқудың қажеті жоқ. Оның 55 күндік жеңілдік кезеңі бар, соны дұрыс пайдалансаңыз, яғни, картамен төлем жасағаннан кейін сол соманы 55 күнде қайтарсаңыз, ешқандай пайыз төлемейсіз. Осы айдан бастап интернет-бөлімшемізді іске қостық. Оның көмегімен коммуналдық ақыны үйден шықпай-ақ және ең бастысы тегін төлеуге болады. Тағы «автоэкспресс» өнімін іске қосамыз, бұл – көлікті кепілге қойып, несие алу. Алдағы айларда Алматының көлік салондарында біздің нүктелеріміз ашылып, көлігін кепілге қою арқылы несие аламын деушілерге жақсы жаңалық болмақ. Сосын бұл өнім бірте-бірте еліміздің барлық қалаларында іске қосылады. Мұнымен қатар клиенттерге түрлі сауда орындарында сан-алуан жеңілдік беретін «Бонустық бағдарламаны» ұсынамыз. – Банк 2008 жылы ребрендинг жүргіз­генде ақпарат беттерінде «банк атауы сөйлем басында кіші әріппен жазылып жүр, бұл қате» деген сөздер болды. Естуімізше, қазіргі атауларыңызға банктің қазақша аталуы негіз болыпты. Сол рас па? – Сөзіңіздің жаны бар. Банктің атауы шын мәнінде «kaspi bank» деп кіші әріппен жазылады. Себебі, мен жоғарыда айтып кеттім, банк клиентке серіктес ретінде қарайды, өзін олардан жоғары санамайды, клиентпен өзін тең ұстайды. kaspi – бұл қолжетімді, қарапайым әрі ыңғайлы банк. Брендті өзгерткенде біз банк атауының негізін қазақша алғанымыз да рас. Бұрынғы атауымыз «Каспийский» болғанын білесіздер, ребрендинг болғалы қазақшасы бұрынғыдай «Каспийский» емес, «kaspi bank-і» болды. Жаңа брендті ойластырғанда біз еліміздің бай тарихын зерттеп, брендке «Тамғалы тастағы» суреттерді негізге алдық. Ерекше бренд болды. – Газетіміздің биылғы №15 санында «Тіл талабы – баршаға ортақ. Мұны банк қыз­меткерлерінің де ескергендері жөн» атты материалда сіздің банктеріңізге қатысты кеткен кейбір ағаттықтар үшін кешірім сұ­рай­мыз. Осы орайда «Ана тілі» газеті мем­лекеттік тілдің жанашыры болғандықтан тілге қатысты сұрақтарды қоймай кету мүм­кін емес. Банктеріңізде мемлекеттік тіл қан­шалықты қолданысқа ие? – Бізде барлық құжаттама екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Банк өнімдеріне қатысты ақпараттық-жарнамалық парақшалар да міндетті түрде екі тілде шығарылады. Біздің бөлімшелерде қызметімізді пайдаланған кез келген адам толтырған құжаттары, қол қойған келісімдері екі тілде екеніне көз жеткізе алады. Мемлекеттік тілге көшу үрдісі бірден жүзеге аспайтынын, ол уақыт еншісінде екенін түсінесіз. Өзін-өзі сыйлайтын республикамыздың кез келген азаматы мемлекеттік тілге құрметпен қарауы тиіс. Біз бірінші кезекте клиенттің құқығын, сұранысын ескереміз және еліміздегі барлық заңдарға сәйкес жұмыс істейміз. Біз тек ішкі құжаттар емес, серіктестермен келісімге отырсақ та, өз тарапымыздан міндетті түрде құжаттың екі тілде болуын талап етеміз. «Қаржы кеңесшілері» де екі тілде кеңес береді. – Әңгімеңізге рақмет! Сұхбаттасқан Динара Ізтілеу

3922 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5850

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5505

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3242

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2626

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2587

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2565

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2299

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2282

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы