• Ақпарат
  • 10 Мамыр, 2012

Жазушымен жүздесу

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов биылғы жылды Алматыдағы «Мәдениет жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай қала көлемінде түрлі мәдени шаралар атқарылып жатыр. Білім беру мекемелерінде мәдениет пен өнер қайраткерлерімен кездесулер өтуде. Соның бірі – Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ж.Жабаев атындағы №161 ли­цейде кітапхана меңгерушісі Қ.Рахым­ба­еваның ұйымдастыруымен өткен «Қазақ әдебиетіндегі тұғырлы тұлға» атты кеш. Кештің құрметті қонағы белгілі жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков болды. Жазушымен кездесуге мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысып, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Әбдіқайымова жүргізіп отырды. Кездесу барысында Дулат Исабеков өзінің жазушылық өмірінен сыр шертті. Оқырман жүрегінен орын алған шығармаларының жазылу тарихы мен мазмұны жайында кеңінен әңгіме қозғады. Алғашқы қалам тербеу сәтін, өміріндегі айтулы оқиғалар мен қызықты жайттарды баяндады. Сұхбат кезінде жазушы туралы слайдтар көрсетіліп, әңгіме, повестерінен үзінділер оқылды. Лицей оқушылары қаламгермен емен-жарқын сырласты. Өздерінің оқыған әдеби туындылары, одан алған әсерлерімен бөлісті. Сөз арасында жазушыға сұрақтар қойып, кештің көркін қыздыра түсті. Әңгіме аясында Дулат Исабеков сонымен қатар қазіргі әдебиет, оқушылар оқулығындағы шығармалар, театрларда сахналанып жүр­ген қойылымдары жөнінде айтып берді. Кездесуді лицей директоры Е.Қуатбеков қорытындылады. Ол 70 жасқа толғалы отырған жазушының иығына шапан жауып, қалам иесіне шығармашылық табыс тіледі. Оқушылар жазушыдан естелікке қолтаңба алды. Соңынан драматургтың «Әпке» пьеса­сынан үзінді көрсетіліп, кеш соңы оқушылар әзірлеген концертке ұласты. Руслан Сейтқазиев, Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің мұғалімі Алматы

3349 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5850

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5505

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3242

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2626

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2587

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2565

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2299

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2282

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы