• Ақпарат
  • 10 Мамыр, 2012

Маңызы зор кездесу

Таяуда «Мариотт» қонақүйінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Финляндия және Ирландия мемлекеттерінің Білім министрлерімен екіжақты кездесу өткізді. Финляндия Республикасының Білім министрі Юкка Густафссон мырзамен өткен кездесу барысында Финляндиядағы жоғары педагогикалық білімге, талапкерлерді іріктеу мен оқудың практикалық құрамы және жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандарды даярлайтын сапасы туралы бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, министрлер профильдік мектеп білімі жүйесінің деңгейі мен оның жоғары білімге сабақтастығы жөнінде де ойларын ортаға салды. Кездесу нәтижесі бойынша Б. Жұмағұлов пен Юкка Густафссон Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орта және жоғары оқу мен ғылым саласындағы тәжірибелерімен танысу мақсатында Финляндияға жоспарланған сапары туралы талқылады. Сондай-ақ, Б. Жұмағұлов Ирландияның Білім және зерттеу министрі Рори Куиннмен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында екі елдің білім министрлері бірқатар ауқымды тақырыптарды талқыға салды. Соның ішінде – Ирландияның жоғары білім саласының Болон декларациясына қол қойылған сәтінен бастап жаңашаландыру кезіндегі жеткен нәтижелері жөнінде айтылды. Өз кезегінде, Қазақстан бұл декларацияға жақында ғана мүше болғандығын атап өту қажет. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ирландия мемлекеттері арасындағы білім саласы бойынша өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылу жөнінде айтылды. Н.ҚҰМАР

2286 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5832

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5496

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3231

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2617

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2579

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2557

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2290

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2272

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы