• Ақпарат
  • 14 Маусым, 2012

«Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет»

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 15 маусымда Достастық елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мақсатындағы «Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет» халықаралық форумы өтпек. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ТМД-ға мүше елдердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры ұйымдастыратын форум екі күнге созылады.  Форум жұмысына Мәде­ниет ми­нистрлері, ТМД елде­рінің шығар­машылық және гуманитарлық қауым өкілдері, ТМД мемлекетаралық гу­мани­тарлық қорының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен басшылары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, Достастық елдері дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, республикалық мәдениет мекемелерінің жетекшілері, сонымен қатар Қазақстан мә­дениеті мен өнері­нің көрнекті қайраткерлері қатыса­ды. Шараға қатысатын тұлғалар мемлекет басшыларына, ТМД-ға мүше елдердің ғылыми, шығармашылық адамдарына Үндеу арнамақ. Шара «Қазақстан» Орталық концерт залында өтетін гала-концертпен, ТМД елдері жетекші би ұжымдары фестивалімен қорытындыланады. Маусымның 15-і күнгі бағдарлама бойынша ТМД-ға мүше елдердің биі мен музыкалық өнерінің ең таңдаулы үлгілері орындалып, Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева, Пятницкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыстың халық хоры, Вирский атындағы Украина ұлттық академиялық би ансамблі, Тәжікстанның мемлекеттік «Лола» би ансамблі, Молдованың ұлттық «Флуераш» халықтық ән-би ансамблі, Әзірбайжанның «Джанги» мемлекеттік эстрадалық-фольклорлық ансамблі, Беларусь мемлекеттік академиялық «Хорошки» ансамблі, Алия Шалхарованың «Офарин» би театры, Қырғызстанның халық артисі Роза Аманова, Алты Пурмамедов жетекшілік ететін ұлттық трио, халықаралық байқаулардың лауреаты Арминэ Саркисян, «Тұран» фольклорлық-этнография­лық ан­самблі, Қарақат Әбілдина және балалар ансамблі, Қазақ ұлттық өнер университетінің домбырашылар ансамблі және басқалар өнер көрсетеді. Маусымның 16-сы күнгі халық биі фестивалінде жоғарыда аталған ұжымдармен бірге, «Ялла» ансамблінің, «Кешью» және «Орда» топтарының өнер көрсетуі жоспарланып отыр.

Фатима БАЙЧИМИРОВА

2770 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6720

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5973

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3712

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3101

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3057

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3034

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2763

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2747

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы