• Ақпарат
  • 14 Маусым, 2012

Өнерлі елдің өркені

Алматыда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай бірқатар театр ұжымдарымен кездесті. Алдымен Құдыс Қожамияров атындағы Мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры­ның тыныс-тіршілігімен танысты. Сексен жылдық тарихы бар өнер ордасының ұжы­мымен кездесіп, алдағы уақытта атқарылатын мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, министр театр басшысына репертуарды жаңартып, заман талабына сай келетін жаңа туындыларды сахналау керектігін тапсырды. Арзан күлкіге құрылған дүниелер емес, ұлтаралық татулықты насихаттайтын кесек туындыларды жасауды міндеттеді. Содан соң, министрдің кездесуі театр өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жалғасты. «Бұл өнер ордасы өзге театрларға бағыт беруші, үлгі-өнеге көрсетуші ұжым. Сондықтан, бұл ұжымның бүгінгі жай-күйі, болашағы, оның репертуары әрқашан біздің басты назарда болады», – деді Дархан Мыңбай. Театр жабдығын жаңартып, қаржыландыруды көбейту, театр қызметкерлеріне баспана беру мәселесін қарастыру, мемлекеттік арналарда театр туралы бағдарламалар ашу мәселелері талқыланды. Режиссерлер олардың авторлық құқығын қорғайтын заң болуын да сұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында театр сыншыларының қажеттігі де айтылды. Сонымен қатар театр репертуары туралы жарнама беруге ерекше көңіл бөлінді. Театр басшылығы жарнаманы арналардан беру үдерісін жеңілдетуді, плакаттарды ілетін орындар санын көбейтуді сұрады. Ең бастысы – театрға ұлттық театр мәртебесін беру ұсынылды. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Есмұхан Обаев өз пікірін ортаға салып, театрға ұлттық мәртебе берілсе құба-құп болатындығын білдірді. Бұдан кейін министр Ломоносов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында да болды. Ондағы сахналық және техникалық мүмкіндік Дархан Қамзабекұлын тәнті етті. Жалпы үш өнер ордасында айтылған мәселелердің барлығы алдағы уақытта шешімін тауып, тиісті заңдарға өзгерістер енгізілмек. *** Алматыдағы А.Қастеев атындағы Мемлекет­тік өнер мұражайында «Франция інжу маржан­дары – Франция өнері мен мәдениеті қайта өрлеу дәуірінен бүгінгі күнге дейін» көрмесі ашылды. Теңдессіз шараның өтуіне Францияның бұрын­ғы Ақпарат және коммуникация министрі Фредерик Митеран мен Қазақстан Республика­сы­ Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева бастамашы болған. Көрмеге Францияның қайта өрлеу дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі әйгілі суретшілерінің 400-ге жуық түпнұсқа еңбектері қойылды. Бұл мәдени шараны ел тарихындағы нағыз айтулы оқиға деуге негіз бар. Өйткені Ренуар, Матисс, Николя Пуссен сияқты әлемдік деңгейдегі қылқалам шеберлерінің түпнұсқа картиналары елімізге бірінші рет әкелініп отыр. Шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Франция тарапынан мұндай көрме бұрын-соңды Қазақстан аумағында болмағандығын тіл­ге тиек етті. Франция ұлттық кітапханасы, Версаль мұражай Жорж Помпиду, Париж қалалық және өзге де халықтық мұражайларынан озық туындылар екі ай бойы өнерсүйер қауымның алдында тұратындығын атап өтті. Феш Сарайы – Аяччо қаласы Өнер мұражайының директоры, көрме жетекшісі Филипп Костаманья қазақ­стандықтардың көрме жұмысының сәтті ұйым­дастырып жатқандығына жоғары баға берді. Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты дамыту мақсатында өткізіліп отырған бұл көрме – Қайта өрлеу дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі француз көркем өнерінің жемісі болып табылатын туындылармен таныстырады. Бұл жерден майлы бояумен салынған картиналарымен қоса, мүсін, гобелен, гравюра сияқты өзге де өнер туындыларын көруге болады. Бұл көрменің өтуіне еліміздегі ірі компаниялар ерекше қолдау көрсетті. «Франция інжу маржандары» көрмесі 5 тамызға дейін жалғасады. Қазақстандықтар осы уақыт ішінде бейнелеу өнерінің саф туындыларын тамашалай алады. Нұрлан ҚҰМАР

2773 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6857

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6037

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3776

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3164

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3122

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3098

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2826

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2812

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы