• Ақпарат
  • 21 Маусым, 2012

«Отанды сүю – иманнан»

Алматыдағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінде «Отанды сүю – иманнан» деген тақырыпта І медиа форум өтті. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мен «Қазақстан қажылық қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен журналистерге арналған шараға бірқатар мерзімді басылымдардың басшылары, БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.  Шараның ашылу салтанатында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі сөз сөйледі. «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев «Қазақ баспасөзінде Ислам дінін насихаттаудың маңызы» деген тақырыпта баяндама жасап, мұндай жиындар алдағы уақытта дәстүрлі түрде жиі өтіп тұрса деген тілегін жеткізді. «Қалың оқырманға ақпаратты ең алдымен журналистер жеткізеді. Сондықтан олар қарапайым діни қағидаттарды жетік білсе, оғаш пікір айтуға жол бермейді» деді ол. «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры Махмұд Фаһми Хижази ақпарат тарату қазіргі заманда маңызды салалардың біріне айналып отырғандығын, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қазір дамудың жаңа кезеңіне қадам басқандығын атады. «Қазақ газеттері» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директор – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин Ислам дінінің құдіреті жайлы өз ойын ортаға салды. Ал «Қазақ радиосының» бөлім меңгерушісі Мұрат Мұқышев «Рухани құндылықтарды насихаттауда радионың ерекшелігі» атты тақырыпта сөз сөйледі. Жиында Ислам дінін терроризмге теңеу дұрыс еместігі, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпараттардың көп таралатындығы жайлы мәселелер қозғалды. 1991 жылы елімізде бар-жоғы 68-ақ мешіт болатын. Оның кейбірінде мұнарасы болса, күмбезі жоқ, күмбезі болса, мұнарасы жоқ еді. Ол кезде қазіргідей үлкен мешіт тұрғызуға қаржы қолбайлау болды. Ал қазір ше? Бүгінгі күнге дейін Қазақстан бойынша 2300-ден астам мешіт тіркеліп, халыққа қызмет етуде. Біз мұндай белеске бірліктің, ынтымақтың, тұрақтылықтың арқасында қол жеткіздік. Президентіміздің бастамасымен елімізде Дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі жүйелі түрде өтіп келеді. Жиырма жылдың ішінде ірі қалалар мен облыс орталықтарынан тамаша мешіттер салынды. Елбасының қолдауымен Алматы қаласында «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті ашылды. Биыл «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінде 610 орындық жатақхананың құрылысы аяқталады. Бұл жоғары оқу орны еліміздегі жоғары білімді имамдар мен исламтанушыларды дайындайтын бірегей университет саналады. Оқу орнын «қызыл дипломмен» бітіргендер қазір Египеттің әл-Әзһар, Александрия сияқты түрлі университеттерінің магистратура, аспирантура, док­тарантура бөлімдерінде білімдерін жетілдіруде. Университет түлектері елімізде Ислам дінінің дамуына өз үлесін қосуда. Нұрлан ҚҰМАР

2653 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7236

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6217

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3958

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3348

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3306

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3275

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3003

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2992

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы