• Мәдениет
  • 12 Шілде, 2012

Әлеуметтік жауапкершілік – бірінші орында

  «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының әлеуметтік саясаты кәсіпорынның даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Әлеуметтік бағдарламалар бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылып, қызметкерлердің, сондай-ақ жалпы аймақ тұрғындарының қызығушылықтары да ескеріледі. Аймақтағы әлеуметтік төлемдер мен қайырымдылық көмектерге 2011 жылы 1 млрд. 350 млн. теңгеден аса қаржы бөлінді. Компания жыл бойы өз қызметкерлерінің денсаулығын қорғауға, саламатты өмір салтын насихаттауға, толыққанды тынығуларына арналған шараларды үздіксіз қаржыландырып отырады. Бұл орайда кәсіпорын тарапынан іске қосылып жатқан жобалар туралы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік және әкімшілік мәселелері жөніндегі бас директоры Асқар Рзаханов әңгімелеп берді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балалар мен зейнеткерлерге қолдау көрсету. Кәсіпорын бұрынғысынша, балалар демалысын ұйымдастыруға ерекше назар аударады. 2011 жылы компания жұмысшыларының балалары (1610 бала) Қазақстанның сауықтыру орталықтары мен Қара теңіз жағалауында тынығып қайтты. 172 жолдама жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Олар Ақтау қаласындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылы, Ақтау қаласы мен Қарақиян аймағының және т.б. ауыл-аймақтардың балалары. Ағымдағы жылы, біз «Маңғыстау­мұнайгаз» АҚ жұмысшыларының балаларын сауықтыру лагерьлеріне жібергелі отырмыз. Астана, Алматы, Көкшетеу, Орал, Украина жеріндегі сүйікті болып алған демалыс орындарымен қатар, бүлдіршіндер осы жылы тұңғыш рет өздерінің жазғы демалыстарын «Банана Клаб» жастар орталығында өткізбек. Демалысқа аттанған балалардың алғашқы тобы жақында ғана Түркия елінен оралып, ұмытылмас әсерге бөленіп қайтты. Қызметкерлер жанұяларының балаларын әлеуметтік тұрғыдан қорғау мақсатында Қоғам тарапынан 2011 жылы жалпы білім беретін мектептерде білім алатын балаларға көмек көрсету үшін әрбіреуіне жаңа оқу жылында мектеп құралдарын алуға 10 000 теңгеден көмек көрсетілді. Зейнетке шыққан компания қызметкерлері ішкі корпоративті бағдарламалардың маңызды бөлімі саналады. Бүгінгі таңда Қоғам есебінде 1300 жұмыс істемейтін зейнеткер тіркеуде тұр. Ағымдағы жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, компания зейнеткерлеріне адресті жәр­демақы берілді. Компания өз зейнет­керлерлерінің зейнетақыларына ҚР заңымен бекітілген екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша өтемақы төлейді. Облыс аумағындағы орталық жылумен қамтылмаған үйлерде тұратын 308 зейнеткерге 20 000 теңгеден қаржы берілді. Компания жыл сайын мемлекет­тік және ұлттық мерекелерде, атап айтсақ, Ұлы Жеңіс күніне, мұнай-газ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне, Халықаралық әйелдер күніне арнап бір реттік қайырымдылық көмек көрсетеді. Майдангер-мұнайшылар, ҰОС мен еңбек майданы ардагерлеріне компания тарапынан үнемі көңіл бөлінеді. Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуде ҰОС және майдан еңбегінің 88 ардагеріне 13 млн.200 мың қаржы көлемінде, әрқайсысына 150 000 теңгеден әлеуметтік көмек жасалды. Сонымен қатар «Маңғыстаумұ­найгаз» АҚ жыл сайын қалалық Балалар үйіне, облыстық отбасылық типтегі балалар ауылына, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатқа, қарттар мен мүгедектер үйіне материалдық көмек жасап отырады. Компанияның әлеуметтік саяса­ты­­ның тағы бір маңызды бөлігі – аймақтың әлеуметтік инфрақұ­ры­лы­мын дамытуға үлес қосу, жергілікті атқару органдарымен екіжақты тиім­ді әріптестік орнату. Әлеуметтік инфра­құрылымды дамытуға кәсіпорын биылғы жылы 1 млрд. 400 миллионнан астам қаржы бөлді. Атап айтар болсақ, компания 26 шақырымды құрайтын Ақтау-Қаламқас автожолын күрделі жөндеуден өткізді. Жетібай ауылында жұмыс істеп тұрған «Өнер мектебінің» құрылысына атсалысты. Қаланың төр­тінші мөлтек ауданында орналасқан бұрынғы ДДУ №10 ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 150 млн теңге қаржы бөлді. Жергілікті ауылшаруашылық өндірістерін қолдау аясында облыстың ауыл аймақтарына қаржылық көмек көрсетті. Наурыз мерекесінің алдында Жетібай ауылында тағы бір әлеуметтік маңызды нысан – сауықтыру кешені бой көтерді. Оның құрылысына компания 270 млн. теңге көлемінде қаржы аударды. Осылайша, кезекті әлеуметтік жоба іске қосылды. Бұдан былай балалардың бос уақыттарын қалай және не істеп өткізетінін ойлап алаңдамайтындығына мұғалімдері мен ата-аналар қуанышты. Бәлкім, бұл мектеп болашақ олимпиада чемпиондарын, әлемдік жарыстардың жеңімпаздарын дайындайтын орталыққа айналатын шығар, дегенмен мұнда тәні мен жаны сау, денесі шымыр, рухы мықты болашақ ел азаматтары тәрбиеленіп, еліміздің экономикасы мен мәдениетіне мол үлес қосатыны анық. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік саладағы тиімді саясатының мойындалуы ол – 2010 жылы «Ең үздік ұжымдық келісімшарт» номинациясы бойынша республикалық «Парыз» жүлдесінің лауреаты болуы деп есептеймін. Өздеріңіз білетіндей, бұл марапат компанияның және аймақтың әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосқан қазақстандық кәсіпорындарға беріледі. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік бағдарламалары биыл да өз жалғасын табады. Ағымдағы жы­лы компания спорттық және мәдени-бұқаралық шараларға демеушілік көрсетуге 932 млн. теңге бөлуді қарастырып отыр. Ақтау-Қаламқас автожолын жөндеу жұмыстары да тоқтамақ емес. Биыл жергілікті ауылшаруашы­лық өндірісіне бөлінетін қаржы көлемі 250 миллион теңгеге дейін көбейіп отыр. Сонымен қатар мұнайгаз қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қаламқас кенорнында салынып жатқан жаңа спорттық-демалыс кешенін тапсыру жоспарланып отыр. Қаламқас және Жетібайда биылғы жылы жаңа жатақханалар мен асханалардың салынуы жалғасуда. Әңгімелескен Бектұр Төлеуғалиев, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның аймақтағы өкілі Маңғыстау облысы

2863 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5909

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5543

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3281

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2665

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2627

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2603

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2337

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2320

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы