• Ақпарат
  • 12 Шілде, 2012

Мемлекеттік марапаттарға бірізділік керек

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия» құрылды. 9 шілде күні Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен осы комиссияның бірінші отырысы болды. Оның құрамына Президент Әкімшілігі басшысының орын­басары Б.Майлыбаев, Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай, Мемлекеттік қызмет істері жөнін­дегі агенттік төрағасы Ә.Бәйменов және өзге бірқатар басшылар мен қоғам қайраткерлері кірді. 

Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед бұл жаңа комиссия қандай мәселелермен шұғыл­данатынын былай түсіндірді: «Республикалық барлық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, түрлі ведомстволарының төл наградалары бар. Солардың бәрін бір ізге түсіру, олардың еліміздің заңнамасына сәйкестігін қарау және олардың сипаттамасын белгілеу сияқты мәселелердің барлығы осы комиссияның құзыретіне жатады». Мемлекеттік хатшы мынандай мәліметтерді нақты келтірді. Елбасымыздың Жарлығына сәйкес 14 мемлекеттік органның 43 медалі, 34 төсбелгісі белгіленген екен. Енді бұлардың саны қысқаруы мүмкін. Отырыста 14 мемлекеттік органның 3 медалі және 33 төсбелгісі туралы пікірлер қозғалды. Мұхтар Абрарұлы «Химия өнеркәсібінің құрметті қызметкері», «Құрметті байланысшы» секілді марапаттар атауы «Құрмет тақтасына» арналғандай ғана болып жүргенін, мұндайда біресе «құрметті» деген, енді бірде «үздік» деп аталғандықтан олардың бәрін бір жүйеге келтіріп, заңнамаға сәйкестендіру осы комиссияның міндеті болатынын қадап айтты. Жалпы ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның жұмыс органы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік болып табылады. Отырыста осы агенттіктің төрағасы Ә.Бәйменов Мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларына қатысты ұсыныстардың барлығын саралап, тиісті қорытынды жасалғанын баяндады. – Геральдикалық комиссияның жұмыс органына 10 мемлекеттік органнан 21 ұсыныс түсті, – деп мәлімдеді агенттік басшысы Ә.Бәйменов. – Бүгінгі отырысқа солардың 20 ұсынысын енгізіп отырмыз. Оның ішінде 7 мемлекеттік органның жаңа төсбелгі үлгілерін, бір медаль үлгісін әзірлеуге, ал 2 мемлекеттік органның қолданыстағы ведомстволық наградаларын пысықтауға ұсыныстарын жолдады. Ә.Бәйменов бірізділікке келтіру мақсатында 5 мемлекеттік органның ведомстволық наградаларының атаулары Мемлекеттік хатшының ескертуіне сәйкес пысықталатынын, сөйтіп, олар «үздік» деген ортақ атауға келтірі­летіндігін айтты. Мұнан кейін агенттік басшысы Конституцияда «мемлекеттік қызметкер» емес, «мемлекеттік қызметші» болып, жазылғандықтан «Үздік мемлекеттік қызметші» деген атаумен мемлекеттік төсбелгі енгізуді ұсынатынын білдірді. Комиссия отырысында Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед көптеген мемлекеттік наградалардың атауларының қазақ тіліндегі нұсқасының дұрыс еместігін нақты айта келіп, марапаттың атауы оның не үшін берілетіндігін айқындап тұруы тиіс екендігін, алдағы уақытта оларды ретке келтіруді атап көрсетті. Төсбелгі мен медальдардың сыртқы пішіні мен безендірілуіне мұқият болу, награда көрнекі, көз тартардай әдемі болуы жөнінде пікір қозғалды. Әр награда сол саланың ерекшелігін айқындап, марапат иесінің сіңірген еңбегін әйгілейтіндей болуы тиіс. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Қ.Боқаев

2887 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5855

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5509

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3246

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2630

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2591

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2569

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2303

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2286

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы