• Қоғам
  • 02 Тамыз, 2012

Қасиетті орындардағы «қара базар»

Жуырда жолдасымды ертіп, қасиетті Бекет ата Мырзағұлының жатқан жері Оғыландыға жолға шықтым. Сапарға шығуымның мақсаты – атаның басына барып, түнеу еді.  Ақтау қаласынан көп орынды жеңіл автокөлікпен таңертеңгі тоғыздар шамасында қозғалып кеттік. Жанымызда он бес адам, жүргізушімен он алты адам едік. Күн ыстық. Көлігіміз жүйткіп келеді. Әне-міне дегенше Жаңаөзен қаласына да жеттік. Жолда баласы барлар сәл тоқтайық, сусын ішеміз деген соң, аялдауға тура келді. Ол жерде он бес минуттан аса кідірмедік. Содан Қызылсай ауылына да келдік. Әрі қарай атамнан қалған «сара» жолға түстік. Атаның жолы қиын екен дегенді естуіміз бар еді. Ол әңгіме шындыққа айналғандай болды. Әттеген-айы сол, атаның басына бара жатқан көліктер бір-бірімен шынымен жарысып кеткендей болды. Көлікті жүргізіп отырған жүргізуші машиналардан озам деп жанталасып келеді. Маған сонда бір ой келді: «көліктен озамыз деп, өмірден озып кетпесек болғаны» деген. Уақыт та зулап барады. Бір уақытта жақындадық деген дауыс естілді. Қарасақ Шопан атаның күйеу баласының басына келіп­піз. Жүргізушінің жол сілтеуімен келе жатқан соң айтқанына көніп, тыңдап келеміз. Бір кезде бәріміз топырлап түстік. Бірдеңеден құр қалғандай. Сөйтсек, біздің алдымызда «Жигули» автокөлігі тұр екен. Үстіне Құран кітаптары мен өзге бұйымдарды жайып тас­тапты. Ол жерге көп кідірмей, өтіп кеттік. Шопан атаның күйеу баласының жанына келіп аят оқитын болармыз деп тіземді бүгіп жатсам, сақалды үлкен кісі «Ішке кіріңдер» деп жұртты шақырды. Менен басқалардың бәрі шақыртуды қабыл алып, ішке енді. Мен кірмей сыртта қалдым. Есіктің алдында тізе бүгіп отыра кеттім. Сақалды шырақшы аят пен дұғасын оқып жатты. Бір кезде әйелі бар, еркегі бар, бәрі жаңағы тамның ішіндегі топырақты шыр айналып манағы шырақшының жасаған әрекетін қайталады. Үш рет айналып шықты. Санап, байқап тұрдым. «Естімеген елде көп» деген осы екен-ау деп ойладым. Бір кезде бәрі сыртқа шықты. Біреулері шүберек байлап қалдырса, енді біреулері ақша тастап жатты. Содан кейін далаға шыққан жұртшылық әлгі «Жигули» көлігінің маңына жинала кетті. «Періште алтын көрсе, жолдан таяр» демекші, бәрі бейне бір базарға келгендей, манағы әшекей бұйымдарды қызықтап, зер сала бастады. Артынша барлығы көліктеріне жайғасуға бет алды. Мен сауда жасаған адамның жанына барып: «Ағасы, сіз кім боласыз?» деп сұрадым. Сағындық есімді жігіт өзін шырақшымын деп таныстырды. «Бұл жерде сауда жасауға болмайды ғой» десем: «Неге болмайды? Құран хатымдарды, Ислам заттарын сатуға болмайды деген заң жоқ қой» деп маған ежірейе қарады. Мен ішімнен: «Жарайды, өз күнәсін өзі көтереді ғой» деп кете бардым. Содан Шопан атаның жатқан жері мен басына барып шелпектерімізді қойып, садақамызды бер­дік. Сол сәтте-ақ манағы шырақшымыз артымыздан жетіп келіп, үгіт-насихатын айта бастады. Қайран қалдым. «Ай, дүниесі құрғыр, адам баласы неге бұлай болды екен, я имандылық жолын таңдасын, я саудасын жасасын» деген ой мазалады мені. Содан әрі қарай Бекет атаның басына қарай жол жүріп кеттік. Онда бірақ басқа көрініс болды. Яғни тәртіп мен талаптың айқын көрінісі бар мұнда. Бәрі де тап-таза. Өте жақсы барып, ғибадат жасап келдік. Мен осы сапарымнан жоғарыдағыдай шырақшыларды бақылауға алып отыру керек, аталардың бастарын сауда-саттық жеріне айналдырмағандары жөн болар деген ой түйдім. Құрал Ахмет Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

2948 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6027

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5618

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3356

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2739

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2703

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2678

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2411

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2396

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы