• Қоғам
  • 02 Тамыз, 2012

Кондиционер шебері

Аптап ыстық алқымнан алатын жаз айларын кондиционерсіз елес­тету еш мүмкін емес. Сол себептен де үйде болсын, жұмыста болсын, автокөлікте, қоғамдық орындарда «кондиционер» қолданысының аясы кеңейе түседі. Мұндайда кондиционер орнатушы мамандарға деген сұраныстың та жоғары болатыны белгілі.

Дәулет Мырзатаев (суретте) – «Air Technologies DD» компаниясында кондиционер орнатушы болып жұмыс істейді. Ол кондиционердің әліппесін осыдан бес жыл бұрын ашыпты. Алғашқы талпынысы кондиционерлерге деген қызығушылықтан басталған екен. Өзі бұл кәсіпті қалай меңгергені туралы былай дейді: – Кондиционерлерді орнатуды ал­ғаш үйрене бастағанда, әрине, қиындау болды. Себебі жұмыс істеу тәсілін көп біле қоймайсың, қолың да епсіз. Бірақ осы кәсіпті қайткен күнде меңгерем деп өзіме биік мақсат қойдым. Сөйтіп, кондиционер орнатушы маманның қасында жүріп, бір жылдың ішінде осы кәсіпті меңгеріп алдым, – дейді Дәулет. Дәулеттің айтуынша, бұл жұмыстың өзіне тән қиындықтары да аз емес екен. Ең бастысы – кондиционердің жұмыс істеу ерекшеліктерін жақсы білу керек. Кондиционер құрылысын, ішкі бөлшектерін, олардың қандай қызмет атқаратынын, ауа салқындатқыш құрылғылардың қалай іске қосы­латынын бес саусақтай білгенде ғана, ондай адамды маман деп айта аламыз. Оның үстіне техника түрлерінің дамып жатқан кезінде, Дәулеттің айтуынша, бұл саладағы болып жатқан барлық жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысу керек. «Қазіргі таңда жаңадан шығып, қолданысқа еніп жатқан кондиционерлердің түрлері көп. Сол себепті әрбір адам өзіне ұнайтынын бағасы мен сапасына қарай таңдап ала алады. Кондиционер орнататын кезде өзіміздің ақыл-кеңесімізбен бөлісеміз. Бөлменің жалпы аумағын ескеріп, қандай қуаттылықтағы кондиционер қажет екенін есептейміз. Кейбір адамдар бөлменің жабдықталуына қарай таңдау жасайды. Енді біреулері кондиционер таңдағанда оның ықшам да жинақы, әдемі болуына баса мән береді». – Бір кондиционерді орнатуға қанша уақыт кетеді? – Негізінен екі сағаттың ішінде барлық жұмыстарды орындап бітіреміз. Кондиционер орнатылатын жерді анықтаған соң, қабырғаны бұрғылауды бастаймыз. Өйткені оның бір бөлігі далаға шығарылады. Ол үшін қабырғаны тесуге тура келеді. Содан кейін үйдің ішіндегі және даладағы екі бөлікті бір-бірімен байланыстырып, жалғағаннан кейін, іске қосамыз. – Кондиционер қалай жұмыс істейді? – Далаға орнатылатын бөлігі ауаны қабылдап, оны «фреон» деген заттың көмегімен суыта отырып, бөлме ішіне жібереді. Содан кейін салқындатылған ауа ішкі кеңістікке тарайды. Бір айта кетерлігі, кондиционердің ішінде шаң-тозаңдарды ұстап қалатын арнайы сүзгіш болады. Сүзгіш ішке өтетін ауаның таза болуын қамтамасыз етеді. – Кондиционерді қанша уақытқа қосқан дұрыс? – Кондиционер негізінен тәулік бойы да жұмыс істеп тұра алады. Арнайы температурасын белгілеп қойғаннан кейін, сол температураға жеткенде өздігінен тоқтайды. Сосын қайтадан іске қосылады. – Кондиционер тек суытып қана қоймай, сонымен қатар бөлме ішіне жылу да бере алады ғой? – Иә, ауа райы салқындап, жылу құбырлары іске қосыла қоймаған кезде, кондиционерді жылыту мақсатында да пайдалануға болады. Бірақ ол үшін даладағы ауа райының суықтығы -7-ден төмен болмауы керек. Егер одан төмен болса, кондиционер ішіндегі «компрессор» бөлшегінің істен шығу ықтималдығы жоғарылайды. Тапсырыс көп түсетіндіктен, барлығына үлгеруге тырысамыз. Біздің жұмыстағы ең бірінші ұстанымымыз – сапалы қызмет көрсету. Кондиционер өзінің ережесі мен тәртібіне сай орнатылса, ол ұзақ жылдар бойы өнімді жұмыс істейді. Шілденің шіліңгір ыстығында бөлмедегі ауаңыздың салқын болып, өзіңізді самал жел өтінде отырғандай сезіндіретін кондиционердің болғанына не жетсін. Бізбен әңгімелесіп болған соң, Дәулет келесі тапсырысты орындауға жүріп кетті. «Тапсырыс берушінің сенім үдесінен шығу – біз үшін басты мақсат» дейді маман. Әңгімелескен Дәуіржан Төлебаев

3493 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6575

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5900

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3643

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3027

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2987

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2963

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2692

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2677

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы