• Қоғам
  • 16 Тамыз, 2012

Ұялы телефон білгірі

Тіршіліктің қайнаған базарында қалтаңыздағы ұялы телефоныңыз істемей қалса, жұмысыңыздың алға басуы екіталай. Ондай жағдайға тап болған адам ұялы телефон жөндейтін маманның көмегіне жүгінетіні анық. Қазір бұрынғыдай емес, ұялы телефон жөндеу қызметін ұсынатын мамандарды көпшілік орындардан көптеп кездестіруге болады. Біз әңгімелескен сондай маман – Ердос Келменбетов. Ол ұялы телефон жөндеудің қыр-сырын жетік меңгерген қазақ жігіті. Алғашында кәнігі маманнан тәлім алған Ердос кейіннен жеке жұмыс орнын ашып, өз ісін дөңгелетуде. «Бұл кәсіпті үйрену қиынға соққан жоқ па?» деген сауалымызға ол былай деп жауап берді:  

– Үйрену оңай болды деп айта алмаймын. Ұялы телефон да кішігірім компьютер секілді ғой. Оның да өзіне тән күрделі бағдарламалары болады. Бағдарламаның қалай жұмыс істейтінін түсінгенше біраз уақыт кетеді. – Бұл кәсіпті қанша уақытта үйреніп алдың? – Екі айдың ішінде үйрендім. Мен үшін бұл жаңа жұмыс болған соң, оның өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар екенін байқадым. Солардың бәрін меңгеріп, бұдан да жетік біле түссем деймін. Талапты жас жігіттің қолынан келмейтіні жоқ екен. Кез келген кәсіпті тез-ақ меңгеріп, іліп әкетеді екен. «Қазіргі заманда ұмтылған адамға еңбек етудің жолдары көп» деп білетін Ердос­ты «бесаспап» деуге әбден болады. – Бұл жұмыста ең алдымен еңбек­қорлық, содан кейін шыдамдылық қажет. Микрожүйелермен жұмыс істейміз. Ол, әрине, оңай емес. Бір жағы ұялы телефон саласындағы жаңалықтар жылдам келіп отыратындықтан, ол өзгерістерге тез ілесіп отыруың керек. Көп оқып, машықтану керек. Мен, мысалы, ғаламторға кіріп, ұялы телефон әлемінде болып жатқан ең соңғы жаңалықтарды назарда ұстап отырамын. Бізде бір жақсысы, ғаламтор желісінде ұялы телефон жөндеушілердің жеке форумдары жұмыс істейді. Сол форум арқылы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріндегі әріптестеріммен хабар алысып, ой бөлісіп отырамыз. – Ұялы телефонның істен шығу себебін анықтауға қанша уақыт кетеді? – Ең кемі жарты сағат немесе 40 минуттың ішінде анықтауға болады. Ол үшін арнайы аппарат пен компьютерді пайдаланамыз. Қай жерінде қандай ақау бар екені сол кезде белгілі болады. Ақауын тапқан соң, ұялы телефонның белгілі бір бөлшегін алмастыру немесе жөндеу туралы шешім қабылдаймыз. – Ұялы телефондардың бұзылуына көбінесе қандай себептер түрткі болады? – Ең көп кездесетіні – ол телефондардың суға түсіп кетіп, істен шығуы. Содан кейін абайсызда жерге түсіп кетуі. Негізінен әрбір ұялы телефонның жақсы жұмыс істеп тұруы пайдаланушы адамның өзіне байланыс­ты. Бізде ер азаматтардан гөрі, әйел адамдар ұялы телефондарын ұқыптырақ ұстайтынын байқадым. – Телефонды жаңадан сатып алған кезде неге мән беру керек? – Ұялы телефонды әр адам өзінің талғамына, қалтасының мүмкіндігіне қарай таңдайтыны белгілі ғой. Дегенмен, кез келген нәрсені сатып алғанда оның сапасының жақсы болғанын қалайтынымыз шындық. Сол себепті ұялы телефонның сапалылығы – оның байланысқа шыққан кезіндегі мүлтіксіз қызметімен, қуатының мүмкіндігімен, әуен-дыбыстарының тазалығымен, қолданысқа ыңғайлылығымен өлшенеді. Сапасыз телефондарда бірқатар кемшіліктер болып жатады. Қарапайым адамдар көбінесе сыртқы пішіні көзтартарлық болған соң, ойланбастан ала салады. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін ол сыр бере бастайды. Сондықтан телефон таңдаған кезде жан-жақты тексеріп алғанның артықтығы жоқ. Сапасыз телефондардың негізгі белгілері ретінде қоңырау шалынған уақыттағы дыбысының қатты шығуы, телефон ішіндегі әріптерінің біркелкі болмауы, байланыстағы адам дауысының анық естілмеуі, қуат-күшінің кем болуы, себепсіз сөніп қала беруі тәрізді көптеген олқылықтарын айтуға болады. Әңгімелескен Дәуіржан Төлебаев

5312 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5931

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5558

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3296

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2680

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2642

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2618

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2352

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2334

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы