• Қоғам
  • 16 Тамыз, 2012

Дархан Мыңбай: Еңбек – адам бойындағы толайым рухтың көрсеткіші

Таяуда Мәдениет және ақпарат министрлігінде министр Дархан Мыңбайдың төрағалығымен республикалық және жергілікті БАҚ-тардың және үкіметтік емес ұйымдар басшыларының қатысуымен алқалы жиын болып өтті. Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысты.  Басқосу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласына, ондағы айтылған нақты тапсырмаларды жүзеге асыруға арналды. Сөз басында Елбасының Қазақстан жұртшылығына арнаған бағдарламалық мақаласы халық тарапынан кең қолдау тауып жатқанын атап өткен министр Дархан Мыңбай мәселеге орай мазмұнды баяндама жасады. «Жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан қоғамы қандай болуы керек, біздің игерілмеген қорларымыз бен мүмкіндіктеріміз қандай, сондай-ақ тағы да не жасауға болады деген сұрақтарға жауап іздеу барысында және әлеуметтік саясат нық әрі жасампаз болуы үшін Елбасымыз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына өту идеясын ұсынды. Бұл ретте Президент масылдық психология, аз жұмыс істеп, көп ақша табу һәм ауадан ақша жасауға қатысты өткір ойларын ортаға салды. Жалпы бұл психологияға әділдікке негізделген шынайы еңбек қана қарсы тұратынын ескерсек, қоғам мүшелерінің еңбек сіңіруінен бастап оның марапатқа жетуіне дейінгі жолы ел алдында өтуі тиіс. Әділ еңбек адам бойындағы толайым рухтың көрсеткіші. Дәл сондай рух қана ерік, жігерді тәрбиелеп, күшті жанып, отаншылдық сезімін қалыптастырады. Біз бұған мысалды алыстан іздеп жатпаймыз. Кешегі Лондон олимпиадасындағы қыз-жігіттердің ерлігі, еңбегі елге үлгі етуге тұрарлықтай» деген министр әрі қарай отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту мәселесіне назар аударды. Дархан Қамзабекұлы отандық БАҚ Елбасы мақаласындағы әрбір тақырып­ты ашып көрсетуі керектігін баса айтты. «Елбасының Үкіметке 2013 жылдың 1-ші сәуіріне дейін Қазақстан Республикасын әлеу­меттік дамытудың Жалпыұлттық тұжырым­дамасын жасауды тапсырғаны белгілі. Мұнда әлеуметтік заңнамаларды жаңарту, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделдерін, өмір сапасының қазақстандық үлгісін қалып­тастыру, әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени құрамдасын дамыту және әлеу­меттік үдерістерді мемлекеттік басқару­дың тиімді жүйесін жасау бағыттары қамтылған. Осы бағыттардың арасында бізге қатыстысы ақпараттық-мәдени құрамдас дейтін болсақ, бұл орайда, Үкіметке «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасап шығу жүктелді. Мемлекет басшысы БАҚ қызметі Журналистік этика кодексінің нақты стандарттарына негізделуі тиіс екендігін қадап айтты. Сондай-ақ біздің министрлікке журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен бірге Журналист этикасының жаңа кодексін дайындау тапсырылды» деген Дархан Мыңбай қазіргі таңда Қазақстан Журналистер одағы мен еліміздегі бас редакторлар клубы бұл құжаттың негізгі параметрлерін талқылауға кірісіп кеткенін және журналистердің өзі жасаған бұл Кодекстің ақпарат алаңында әділ бәсекелестік тудырып, журналистің өзін-өзі кәсіби тұрғыда реттеп отыруға көмектесетінін айтты. Министрмен кездесу барысында халық арасында ақпаратты-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері де сөз болды. «Мақала жарияланғалы бері бір ай өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтар үн қосуда, арнайы айдарлар бойынша мақалалар жариялануда, телеарналарда бағдарламалар беріліп жатыр. Әйтсе де, біз бұған қатысты ақпараттық жұмысты нақты жүйелеп алуымыз керек. Осыған орай Президент Әкімшілігі Мемлекеттік хатшының қаулысымен бекітіл­ген Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралардың арнайы жоспарын дайындады. Сіздерді солардың бірқатарымен таныстырып өтейін» деген министр «Хабар» және «Қазақстан» мемлекеттік телеар­наларында жыл соңына дейін «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» құжаты негізінде роликтер мен журналдар дайындап, оларды эфирден өткізу барысында екі ай сайын жаңартып отыру қажеттігін еске салды. Кездесуде БАҚ басшылары министр тарапынан Олимпиада чемпиондарын өз дәрежесінде насихаттай білу, 27-29 тамызда өтетін халықаралық конференцияны кең тұрғыда көрсету, Конституция күніне орай өтетін ха­лықара­лық конференцияның мақсаты мен мәнін халыққа жеткізу жөнінде тапсырмалар алды. Министрліктің кеңейтілген отырысына қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ахметов, Білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбеков және БАҚ басшылары Елбасының мақаласына орай өз ойларын ортаға салды. Дәуіржан Төлебаев

2931 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5945

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5568

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3306

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2690

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2653

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2628

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2362

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2347

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы