• Қоғам
  • 16 Тамыз, 2012

Көкше көркейе береді

Өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып, Бурабайда солтүстік өңірлерді дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы А.Мусин, Премьер-министрдің бірінші орынбасары С.Ахметов, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков және Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты. Кеңесті ашқан Елбасы биылғы жыл республикамыздың ауылшаруашылық саласы үшін күрделі жыл болатынын сөзіне арқау етті. Ауа райының қуаңшылығы біздің елімізде ғана емес, АҚШ, Канада, Ресей және Украина сияқты ірі астық өсіретін елдердің аумағын да қамтып отырғанын қаперге салды. Бұл, әрине, астық түсіміне ықпал, екінші жағынан, ас­тықтың экспорттық бағасының арта түсуіне әсер етеді. Сондықтан Елбасы астық бағасы­ның өсіп отырғанын ескеріп, ауылшаруашылық жұмыскерлері өз табыстарын жоғалтып алмаулары керек деп санайды. Мемлекет басшысы келтірген деректерге сүйенсек, тек соңғы бес жылда еліміздің астық өсіретін негізгі үш өңіріне субсидия түрінде 60 миллиард теңге бөлінген. Осы қаржы шеңберінде 60-қа жуық түрлі жоба жүзеге асырылып, лизинг арқылы 3 мың бірлік ауылшаруашылық техникасы және асыл тұқымды 16 мың бас ірі қара мал сатып алынған. Бүгінде ауылшаруашылығында жалпы өнім деңгейі жан басына шаққанда 4,6 мың долларға жетті, сөйтіп, 2,3 есе өсімді құрады. Кеңесте Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері Президент алдында баяндама жасады. Мысалы, Ақмола облысының әкімі Қ.Қожамжаров ауа райының қуаңшылығы 96 мың гектар жерге жағымсыз ықпал еткенін, түрлі технологияны қолдану есебінен астықтың түсімі гектарына орташа алғанда 8,5 центнерден құрайды деп жоспарланып отырғанын тілге тиек етіп, облыс астық жинау науқанына дайын екенін сөз етсе, Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов қостанайлық шаруалардың ауа райының қуаңшылығына ұшырағанын айтты. Биыл Қостанай облысы 3 миллион тонна астық жинауды жоспарлап отыр екен. Мемлекет тарапынан ауылшаруашылығына қолдау көрсету және жеңілдікпен жанармай бөлу облыста бұл саланы дамытуға оң ықпалын тигізген. Ал солтүстіктік шаруалар ауа райының қолайсыздығына қарамастан 4,6 миллион тонна астық жинауды жоспарлапты. Осы өңірдің әкімі С.Біләловтің айтуынша, астық жинау науқанына дайындық жүргізуге ерекше көңіл бөлінген, астықты төкпей-шашпай жинап алуға мүмкіндік беретін қажетті жағдай жасалған. Павлодар облысының әкімі Е.Арын ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру туралы және агроөнеркәсіп кешені саласына ылғал жинаушы технологияны қолдана отырып, тамшылатып суарылатын жер көлемін ұлғайту қажеттігін атады. Бұйырса, елімізде әлемдік өндірушілер жасаған ауылшаруашылық техникасын жинау бөлімшесі құрылуы мүмкін. Елбасы мұндай нысанның қажеттігін атады. «Бұл мәселе жан-жақты талдау жасауды және шара қабылдауды қажет етеді» деген Мемлекет басшысы, облыста ауылшаруашылық өнімдеріне еңбекақы төлеу үлесі 2011 жылы 30 пайыз рентабельдіктің бар болғаны 5 пайызын құрағанын сөз етті. «Жекеменшік компаниялар ауылға мамандар жетіспейтіні туралы айтады, ал өздері тиісті еңбекақы төлемейді. Бұл мәселемен тек мемлекет айналысуда. Бұл жұмысқа бизнестің де араласуы қажет» деп нақтылады бұл орайда Президент. Елбасы халықты таза ауызсумен қамтама­сыз ету мәселесіне қатысты да облыс басшыларына тапсырма берді. Әкімдерге жергілікті жердегі маңызды жобаларды іске асырудың және жергілікті бизнесті қолдау бастамасының басты құралы болып табылатын Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жұмысының тиімділігін арттыруды, олар шешетін міндеттердің нақты ауқымын анықтауды да міндеттеп берді. Президент шекараға шектес аймақтағы ынтымақтастыққа және ықпалдастық одақтың әлеуетін пайдалануға ерекше назар аударды. *** Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетау қаласында болып, елімізде алғашқылар санатында құрылған «Назарбаев зияткерлік мектебінде» болды. Физика-математика бағытындағы зияткерлік мектебінің педагогикалық ұжымымен және оқушылардың ата-аналарымен кездесті. Мемлекет басшысы кездесуге жиналғандарға Қазақстанда осындай ең дарынды балаларды тәрбиелейтін 20 зияткерлік мектеп салынатынын, мемлекет білімге ерекше назар аударып отырғанына тоқталды. Мемлекет басшысы сонымен қатар Көкшетау қаласының әуежайын қайта құрылымдау барысымен де танысты. Қазіргі уақытта нысанға жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында аэровокзалға, ұшу-қону алаңына, жылу және энергетикалық қамтамасыз ету жүйесіне жөндеу жасалады, сондай-ақ жарықпен ескерту жабдықтары жаңартылады. Қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін әуежай әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдау мен ұшыруды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болмақ. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы Астана

2408 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5978

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5589

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3327

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2711

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2674

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2649

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2383

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2368

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы