• Ақпарат
  • 05 Қыркүйек, 2012

«Теңізшевройл»: жартыжылдық қорытындысы

2012 жылдың бірінші жартысында «Теңізшевройл» қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 805 миллион АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады. 1993 жылдан бастап қазақстандық қамтушылардың 12,1 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды. Өткен жылы ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерге 1,6 миллиард АҚШ долларын жұмсаған болатын.  2000 жылдан бері «Теңізшевройл» қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 2,41 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған бұл инвестициялар алауларда жағылатын газдың жалпы көлемін 2000 жылдан 94%-ға азайтуға мүмкіндік берді. 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 73%-ға азайды. Өткен жылы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі ТШО өндірген мұнайдың бір тоннасына шаққанда, орта есеппен 2,28 килограмды құраған еді. Компания бойынша 2000 жылдан бері бір жылдық мұнай өндіру көлемі 16%-ға өсіп отыр. ТШО-да жұмыс жасайтын қазақстандық қызметкерлердің үлесі де жылдан-жылға өсіп келеді. 1993 жылғы 50% көрсеткішпен салыстырғанда қазір бұл 85% құрап отыр. Жергілікті ұлттық басшылардың, орта буын же­текшілерінің үлесі жалпы басшылық құрам­ның 76%-ын құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде. Әлеуметтік салаға келетін болсақ, 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілік­ті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысы­ның әртүрлі әлеуметтік жобаларына 750 мил­лион АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. 2011 жылы «Игілік» бағдарламасына 20 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінді. Оның едәуір бөлігі Құлсары қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жүргізуге жұмсалды. Жалпы құны 60 миллион АҚШ долларын құрайтын Құлсары қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жүргізу жобасының құрылысын одан әрі жалғастыру үшін 2012 жылы «Игілік» бағдарламасына тағы 20 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінді. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Құлсары қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңарту жобасына жұмсалуда. Әсел ӘЛІМ

2649 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9138

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7275

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5015

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4399

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4364

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4324

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4058

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4051

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы