• Руханият
  • 05 Қыркүйек, 2012

Ұлтқа қызмет еткен

Жан-жақты дарын иесі Ақселеу Сейдімбектің арамыздан кеткеніне де үш жыл болыпты. Оны құрметтеген елі мен жері, қалың оқырманы өзі жоқта әрі қаралы, әрі салтанатты күйде 70 жылдығын атап өтіп, ас берді. Ол туралы аз жазылған жоқ. Көңіл айтқан аз сөз бен барын тізбелеген көп сөз, инемен құдық қазып шұқшиған зерттеулер де жоқ емес. Жер қойнына беріл­ген қырық күнде жазушы Қуандық Түмен­бай «Ана тілінде» «Ақселеу туралы аңы­зын» жазса, жеті ондыққа толғанда үзеңгі досы Қуанышбай Құрманғали «Егемен Қазақстанда» «Ақселеу ақиқатын» айтып ағынан жарылды, ізін басқан ізбасары Нұртөре Жүсіп «Қазақ әдебиетінде» «Ақселеу әлеміне» сүңгіп, жұртшылықты осы бір жақсының соңынан ерген жақсы сөзге ұйытты. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейтіндігін» Қарағанды төсіндегі кіндік қаны тамған Жаңаарқа жұрты тағы бір дәлелдеді. Мәдениет үйіндегі алқалы жиын, айқай далаға тігілген ақбоз үйлердегі суырылып айтылған сөздің бәрі Ақселеуге арналды. Облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов салтанатты жиынды кіріспе сөз сөйлеп ашса, тірісінде де, өлісінде де қадірін білген үзеңгі досы Қойшығара Салғараұлы артында мұра ғып қалдырған 6 томдықтың жарыққа шығып, өзі жазған алғы сөзін кесек-кесек ой ғып толғап, Ақселеу қақындағы өнегелі сөздің өресін кеңейтті. Халық артисі Асанәлі Әшімов, жазушы Дулат Исабек, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Берік Шахан, Парламент депутаты-жазушы Алдан Смайыл – бәрі де осы бір ғажайып жанның жазу­шылық, ғалымдық, саясаткерлік сырларымен көпшілікті қанықтыра түсті. Арасында орындалған «Дәурен-ай» мен «Сағындым Сарыарқамды» әндері, сыршыл күйлері алыста қалған Ақселеудің жүрегінен тамшылап жатқан мұңдай боп естілді. Ол жетпіске қалай келді? Энцикло­педиялық еңбек кепиетті 6 том кітап – оның артында қалдырған мұрасы, қазақтың мирасы. Хикаяттары мен әң­гімелері, журналистік мақалалары, эт­нографиялық ой-толғамдары, зерт­теу­лері, нақыл сөздері, әндері мен күйлері, хаттары мен күнделіктері – бә­рінің алғы сөзін өзі жазып, дайындап кеткен жәдігер «Фолиант» баспасынан жарық көріп, тойдың қадірменді қонақтарына кәделі сый ретінде тартылды. Ақаңның асын беріп жатқан талтүсте жаңбыр төпелеп, табиғат тосын мінез танытты. Перзент те табиғатқа тартып туады. Жер бетінің айшығы нөсермен жуылып, қатар тігілген ақбоз үйлер жасанып, түндігі желкілдей түсті. Алты ай жаз жауын тамбаған жердің иелері «бұл да біреудің киесі, бергеніңе шүкір!» деп жауын соңын жақсыға жорыды. Той жалғасын тапты. Жауын жауып, көгі құлпырған жерде ат бәйге беріліп, балуандар белдесті. Бәрі де қазақтың ата салтының қаймағы бұзылмасын деп кеткен осы бір елжанды азаматтың аруағына бағышталды. Жазушы Қуандық Түменбай Ақсе­леудің жамбасы жерге тигеніне қырық күн толғанда «Ана тіліне» жазған мақаласында бүй деген екен: «Ол 70-ке жетпеген ғұмырында Құдай бойына дарытқан қабілеттің бәрінің басын біріктіріп кетті. Артында аңыз қалды. Ақаңның ат баптауы, мылтық ұстауы, Сарыарқаның саздарын шертуі, алабөтен шешендігі, серілігі, бір атым насыбайды билерше керіліп бипаздай атуы... Ақаң туралы аңыз осылай Көкке өрлейді. Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды. Ең бастысы, артында том-том боп тасқа басылған сөзі қалды. Енді «Ақаң келеді» деп жолын тоспаймыз, «Ақаң айтып еді» деп өмірдің өткен шағымен сөйлейміз». Жол жалғаса береді. Өзі жоқта аталған жетінші ондықтың салтанаты жақсының аты өлмейтіндігін көрсетті. «Ғалымның хаты өлмейтіндігі» 6 томның ішіндегі ақиқат. Қ.Ақордаұлы

3313 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9141

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7278

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5018

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4402

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4367

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4327

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4061

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4054

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы