• Ақпарат
  • 22 Желтоқсан, 2012

Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі

Алматы қаласындағы Республика сарайында еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Қала әкімі Ахметжан Есімов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. – Біздің терең тарихымыз шежірелі күндерге толы. Сол күндердің барлығы бір-ақ арнаға тоғысады, ол – азаттық, еркіндік, тәуелсіздік. Осыдан 21 жыл бұрын ел болып, халық болып сол ұлы мұратқа қол жеткіздік. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымның астарында халқымыздың арман-тілегі, ұлы мақсат-мұраттары, қажырлы еңбегі мен ержүрек каһармандығы жатыр. Біз Тәуелсіздік туы алғаш рет Алматыда желбірегенін әрдайым мақтанышпен айтамыз. Оны Елбасымыз «Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» деп айрықша атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздігімізді осы деңгейге жеткізу жолында қаншама тар жол, тайғақ кешуден өттік. Сол ауыртпалықтарды жеңе білген қаһарман азаматтарға ерен еңбектері үшін алғыс айтамын. Өткен жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығын зор жетістіктермен қарсы алсақ, бүгінде халқымыздың ахуалы айтарлықтай жақсарып келеді. Осы орайда, Алматы қаласының алатын орны айрықша. Сонау тоталитарлық кезеңнің өзінде-ақ азаттықтың ақ туын көтерген желтоқсандық жастардың екпіні, кешегі қиын-қыспақ кезеңде тура жол тапқан Елбасы мен зиялы қауымның еңбегі, бәрі де осы киелі жерден басталды. Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын қорғап қалуға, егемен ел болуға лайықты екендігін көрсететін сын сағаттар болады. Біздің тарихымыздың бір көрінісі – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Бүгінде желтоқсандықтар қаламыздың әлеу­меттік-экономикалық дамуына үлес қо­сып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып жүр. Біз Желтоқсан ұйымдары мүшелерімен бірге атқарылып келе жатқан игі шараларды одан әрі жалғастыра беретін боламыз, – дей келе, әкім Алматы қаласының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталды. Қала әкімінің сөзінен соң жиын мерекелік концертке ұласты. Н.Жандәулетұлы

3494 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8990

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7185

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4926

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4311

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4277

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4235

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3967

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3965

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы