• Руханият
  • 17 Қаңтар, 2013

Діни қызмет – сауапты жұмыс

муфтиятМүфтиятта қалыптасқан дәстүр бар: Діни басқарманың аймақтағы өкіл имамдары жылдық жұмыстары жайында есеп береді, һәм жоспарларымен таныстырады. Тапсырманы дер кезінде орындамаған дін қызметкеріне қатаң ескерту жасалады, тіпті сөгіс те беріледі. Қажет болса тиісті шаралар қолданылады. Мұндағы мақсат – біреудің айыбын яки кемшілігін ашу емес, дін насихатын күшейте түсу, имамдардың біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, діни қызметтің жауапкершілігін сезіндіру, кеткен кемшілік пен олқылықтарды болашақта барынша болдырмау, т.б. Облысқа, өңірге, қалаға жауапты дін қызметкерлерінің осы бір алқалы жиында өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін тағы да сезініп шығатыны сондықтан. Таяуда бас имамдардың басқосуында сөз бастаған Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, діни қызметтің міндеті мен жауапкершілігіне тоқталды. «Дінге қызмет – Алла мен адамдар алдындағы сауапты да жауапты һәм абыройлы жұмыс. Халқымыздың діни сауатын ашып, оларды ізгілікті істерге бастау – сіз бен бізге жүктелген зор міндет. Біз осыны сезіне білуіміз керек. Қой терісін жамылған діни ағымдардың жымысқы іс-әрекетін тоқтату, ағартушылық бағытта тынбай тірлік ету, мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында ел бірлігі, халық ынтымағы, иман байлығы жайлы уағыз-насихаттарымызды күшейтуіміз керек. Сонда ғана кейбір діни ағымның жетегінде кеткен жастарымыз теріс пиғылды паш етіп жүрген секталардан секем алып, бабаларымыздан жеткен дәстүрлі дініміз – Исламмен қауышады. Міне, біз осы бағыттағы жүйелі жұмысымызды жалғастырып, адамдардың жүрегіне жол тауып, ізгіліктің, иманның, Исламның, даналық жолдың дәнін себе беруіміз керек. Халықты діни сауаттандырмайын­ша, бүгінде бой көрсетіп жатқан дін саласындағы кейбір мәселелердің күрмеуін шешіп, түйінін тарқатам деу – әбестік. Биыл еліміз үшін жақсы жыл болды. Жуырда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдаған Жолдауында еліміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын айқындап берді. Онда дін саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылған. Діни басқарма осы бағыт бойынша жұмыс жасап келеді. Бұл игі дәстүр бұдан былай да жалғаса бермек» деді Дінбасы кезекті төралқа отырысында. Есеп беру жиынында сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жақсарту, ҚМДБ уағыз-насихат тобын бекіту, интернет жүйесін жетілдіріп пайдалану, діни басқарма тапсырмаларының орындалуы, Зекет қоры туралы, қажылық, медреселерге оқулық жазу, имамдардың киім мәдениеті, оларға семинарлар ұйымдастыру, азаншы мәселесі, басқару-бақылау, оқу-ағарту, уағыз-насихат жұмыстары, діни рәсімдердің жағдайы, құрылыс, шаруашылық жұмыстары, мешіттерге ат беру мәселесі қаралып, пысықталды. Тиісті тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларды тыңғылықты орындаған өкіл имамдарға арнайы алғысхат беру туралы шешім қабылданды. Мақсат – имамның жігерін ояту, жұмысқа деген талпынысын арттыру. ҚМДБ-ның Атырау облысындағы өкіл имамы Амантай Сәдиев сәләфи бағыттағы 27 адамның өз райынан қайтқанын, оны имамға арнайы мәлімдегенін жеткізді. Теріс ағымның ықпалында жүрген жастар бұдан былай ханафи мәзхабын ұстанатынын айтып, имамға мойсұнатынын білдірген. Мұндай жағымды жаңалықтар Ақтөбе облысында да бар. Қателігін мойындап, имамнан кешірім сұрап келгендер көп екен. Бас мүфти мұндай мәселелерді сатылап шешуді тапсырды. Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы

3455 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9519

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7536

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5282

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4661

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4625

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4582

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4320

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4313

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы