• Руханият
  • 17 Қаңтар, 2013

Елге сіңірілген елеулі еңбек

Алматыда қазақ халқының дара тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевқа арналған шара өтті. Шараға Д.А.Қонаевтың қызметтес ізбасарлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс пен еңбек ардагерлері қатысты. Салтанатты шараға қатысушылар Д.А.Қонаев мұражайының жаңадан жабдықталған экспозициялық залдарында, сондай-ақ М.Төлебаев көшесіндегі №119 үйде орналасқан «Д.А.Қонаев мемориалдық пәтер-мұражайында» болды. Қала тұрғындары экскурсия жүргізушілердің көмегімен ондағы алуан түрлі жәдігерлермен танысты. 

– Мемориалдық пәтер-мұражай былтыр мемлекет және қоғам қайраткері, Алаштың ардақты азаматы Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойының аясында ашылды, – деді Д.А.Қонаев мұражайының директоры Темір Жұман. – Бүгінде мұражайға айналған үйде Дінмұхамед Қонаев өз отбасымен бірге 1967 жылдан 1993 жылға дейін тұрған. Мемориалдық пәтер мұражайда арыс азаматтың өз қолымен ұстаған дүниелері, бұған дейін көпшілік көрмеген 700-ге жуық оттық, қару-жарақ коллекциялары, 5000-нан асатын кітаптар, сондай-ақ әртүрлі мемлекет басшылары мен достары сыйлаған сыйлықтары мен құнды жәдігерлер қойылып отыр. Өткен өмірі қаншалықты күрделі де қарама-қайшылықта болғанымен Дінмұхамед Ахметұлы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылымды, ұлттық мәдениетті дамыту ісінде Қазақстанның көп ұлтты халқының   алдында зор еңбек сіңірді. Ол үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алып, сегіз рет Ленин орденінің және басқа да еліміз бен шет мемлекеттердің ордендері мен медальдарының иегері болды. Ол еліміздің партия және шаруашылық жұмыстарымен өзінің ғылыми еңбектерін ұштастыра білді, 100-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрген болатын.

Нұрлан ҚҰМАР

3191 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9503

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7524

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5270

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4649

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4613

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4570

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4307

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4301

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы