• Ақпарат
  • 17 Қаңтар, 2013

Алаштың үні болған...

китаппҚазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақ» газетінің 100 жылдығы және ұлттық интеллигенцияның тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, тарихшы-ғалымдар, Қазақстан Республикасының ҰҒА академиктері, институттардың басшылары қатысты. Шараны Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған жүргізіп отырды. Ол өз кезегінде Алаштың үні болған «Қазақ» газетінің тарихын айтты. Содан кейін «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин сөз алды. Ж.Кенжалин ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан «Қазақ» газетінің мән-мазмұны әлі күнге дейін мазмұнын жоғалтпағандығын тілге тиек етті. Белгілі тарихшы, ғалым Қамбар Атабаев қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында тұрып, «Қазақ» газетін шығарған үйді мемлекеттік деңгейде мұражайға айналдырсақ деген тілегін жеткізді. Сонымен қоса ол қаңтар немесе ақпан айларының бір күнін ашаршылық құрбандарын еске алатын күнге айналдыру қажеттігін айтты. Себебі қыстың бұл айында жуанның жіңішкеріп, ал жіңішкенің үзілетін кезі екендігін атады. Белгілі ғалым, Ұлы Отан соғысының ардагері Сағындық ­Кенжебаев Алаш қай­рат­ке­рі Жұмабек Тәшеновтің халыққа атқарған қызметін, оның адамгершілік жақтарына тоқталды. Сонымен қоса шара ­бары­сын­да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депута­ты, саяси ғылымдарының док­торы ­Камал Бұрханов, тарих ғы­лым­дарының докторы, профес­сор Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы «Әлімхан Ермеков» кітабының авторы ­Жанна Қыдыралиналар Алаш қайрат­керлері жайлы өз пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында «Ұлы дала тұлғалары» сериясы бойынша әзірленген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Алаш қайраткерлері Әлімхан Ермеков пен Жұмабек Тәшеновке арналған үш  кітаптың тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Ғылыми қазына» салалық бағдарламасы аясында басылып шыққан кітаптардың негізгі мақсаты – ел тарихында елеулі орын алатын атпал азаматтардың еңбегін көпшілікке паш етіп, асыл мұраға айналдыру болып табылады. Алғашқы серияның әлқиссасы Әлімхан Ермековтен басталады. Әлімхан Әбеуұлы – «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі. 1920 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Лениннің алдында Қазақ елінің шекарасы туралы тұңғыш баяндама жасаған қазақ. Қылышынан қан тамған заманның өзінде қаймықпаған Ермековтің арқасында Батыс Қазақстанның шекарасы бекіді. Екінші кітаптың кейіпкері  Жұмабек Тәшенов та қазақтың тың өлкесін сақтап қалуға барын салған біртуар азамат. Сұрапыл Хрущев кезінде Қазақстанның солтүстік аймағындағы байлығы тасыған, егіні жайқалған бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалуға елеулі үлес қосқан осы Жұмабек Ахметұлы болатын. Ал Тәуелсіз қазақ елінің құрылуы, қалыптасуы, нарықтық экономикаға көшуі, шет мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы «Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекет құрудың қазақстандық үлгісі» кітабында  баян­далады. Ұлт көшбасшысының бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастырудағы рөлі де үшінші кітапта кеңінен қамтылған. 1913 жылдан бастап, 1918 жылға дейін басылып шыққан «Қазақ» газеті беттерінде қазақ мемлекетінің басында тұрған Алаш партиясы және Алаш қозғалысының көшбасшылары отаршылдық империя жағдайында жалпыұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін айқын көрсетті. Қазақстан халқының үздік өкілдерінің аянбай күресуі және іс-әрекеттерінің маңыздылығын қазіргі замандастарға алдағы уақытта ұғынуға тура келеді. Олардың мұрасын оқып-білу өміршеңдігін сақтайды және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда ұлттың тарихи санасын және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы интеллигенцияның азаматтық жауапкершілігі сөз болды.

Нұрлан ҚҰМАР

3792 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9522

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7537

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5283

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4662

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4626

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4583

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4321

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4314

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы