• Ақпарат
  • 17 Қаңтар, 2013

Апат айтып келмейді

Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында табиғат өзгеше мінез танытты. Бұл өңірлерде жойқын дауыл мен су тасқыны оқиғасы орын алды. Қаңтардың 12-сі күні Жамбыл облысының кейбір аймақтарында секундына 30-35 метр жылдамдықпен соққан желдің әсерінен өңірдегі «ЖЭС» ЖШС-ның Л-184, Л-185 желілері өшіп, ПС-100 – Қаратау-2 қосалқы стансаның жұмысы тоқтады. Бұл әрекет өз кезегінде Қаратау қаласындағы электр жарығының толықтай сөнуіне әкеп соқтырды. Жойқын желдің екпіні, сондай-ақ Қаратау-2 қосалқы стансаның шатырын ұшырып, «Игілік» мемлекеттік-коммуналдық меке­ме­сі қазандығының биіктігі 60 метрлік мұржасын құлатып, қаланы жылумен қамтамасыз ететін қазандықтың жұмысын тоқтатты. KEGOK ВЛ № 116 желісінде жоғары кернеулі бағандардың құлап қалуына байланысты Талас және Сарысу аудандары электр қуатынсыз қалды. Сонымен бірге Қаратау қаласында көптеген әкімшілік нысандар, білім ордалары, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері, әлеуметтік нысандар және көп қабатты тұрғын үйлер едәуір зиян шекті. Сол күні Жуалы ауданында да желдің  екпіні қатты болып, Күйік және Шақпақ асуларындағы республикалық жолдар жабылды. 41 елді мекен электр қуатынсыз қалып, 7 мектептің шатыры жартылай ұшып кетті. Күртік қардан 3 автобус, 11 жүк көлігі, 20 жеңіл автокөлік шығарылды. Жолдағы 72 адамға жағдай жасалып, 32 адам пойызбен Тараз қаласына жеткізілді. Шымкент қаласы бағыты бойынша 85 адам жөнелтілді. Қазір Жамбыл, Байзақ аудандары мен Тараз қаласында дауыл әкелген зардаптарды қалпына келтіру жұмыстары ұйымшылдықпен жүргізілуде. Осыған орай Президент тапсырмасымен дауылдан зардап шеккен нысандарды қайта қалпына келтіру бойынша арнайы республикалық штаб жасақталып, осы топ мүшелері «Әулиеата» әуежайында жедел отырыс өткізді. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев орын алған жағдайды тегіс баяндап, келтірілген шығынды да тілге тиек етті. Бұл топ әуежай­да өткізілген жиналыстан кейін Қаратау және Жаңатас қалала­ры­на барды. Жаңатас қаласы бойын­ша тұрғындарға жылу, жарық және көгілдір отынды жеткізуді қалпына келтіру бойынша жұмыс­тар жүргізілуде. Шалғай жатқан елді мекен тұрғындарына барлық кө­мек түрі көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданында секундына 30 метр жылдамдықпен соққан дауылды желдің салдарынан 10 мектеп, 3 балабақша, 1 аудандық аурухана, 1 ауыл әкімдігінің ғимараты зардап шекті. Ал дауылды жел­­дің салдарынан зақымданған тұрғын үй­лер­дің саны әлі де анықталу үстінде. Со­зақ ауданында дүлей дауыл 30-ға тарта елді мекенді құрсаулап тас­тады. Әзірге осынау боранның әлегінен ауданға шамамен 810 миллион теңгедей материалдық шығын келгені анықталып отыр. Электр бағаналары құ­ла­ғандықтан бірқатар ауылдарда әлі күнге жарық жоқ. Тек аудан орталығы Шолаққорғанда электр желілері қалпына келтіріліп, түн­де жарық жанды. Апаттан ең көп зардап шеккен – Таукент. 5 мың­ға тарта тұрғыны бар шағын кентте дауылдан аман қалған үй жоқ. Желдің екпінінің қаттылығы соншалық, ауыр жүк көліктерінің өзін аударып тастаған. Ең бастысы – адамдар аман. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының кейбір елді мекендерін су алды. Толассыз жауған қар аралас жаңбырдан кейін Сарыағаш ауданының Жылға ауылында 48 үйді су алыпты. Қарақалпақ ауылында 9 үйге су кіріпті. Тасқұдық ауылы да топансудан зардап шекті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Ауыл тұрғындарын құтқару үшін жергілікті төтенше жағдай департаментінің 100-ден астам қызметкерлері жұмылдырылды. Қазіргі жағдай қалыпты, әйтсе де, ауа райын арнайы бақылайтын ме­кемелер қаңтар айынд­а қ­ыс­тың қаһары күшеймесе, тө­мен­демейтінін айтуда. Қазір облыста арнайы құрылған рес­публикалық, облыстық комиссиялар жұмыс істеп жатыр.

С.ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

3150 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9120

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7264

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5003

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4388

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4352

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4313

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4047

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4039

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы