• Ақпарат
  • 17 Қаңтар, 2013

Өңірдегі өркенді істер

Ахметов-3Таяуда Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты» атты Жолдауын халыққа насихаттау және оны түсіндіру мақсатында аймақтарға шыққан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Үмбетов, Нұрлан Жазыл­беков және Сенат депутаты Нұрлан Сүлейменов Алматы облысының Қарасай, Жамбыл аудандарында болып, әлеуметтік, өндірістік нысандарды аралады. Алдымен Қаскелең қаласына бет бұрған депутаттар осындағы Сүлейман Демирель атындағы қазақ-түрік университетінде болды. Оқу орны 7000 студентке арналған. 4 факультет және 14 кафедрасы бар университетте 158 ұстаз жұмыс істейді. Оның ішінде Түркия, Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ-тан шақырылған білікті мамандар бар. Қазіргі кезде 1200 орындық студенттер жатақханасы және ұстаздарға арналған 121 пәтерлік тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Оқу ордасының жай-жапсарымен танысқан депутаттар мұндағы студенттер мен оқытушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта білікті мамандар көбейе берсе еліміз бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылатындығын тілге тиек етті. Қаскелең қаласындағы жаңадан бой көтерген білім ордасы – 1200 орындық «Алтын ауыл» орта мектебі. Мектеп 2012 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілген. 62 оқу кабинеті бар мектепте 65 мұғалім еңбек етеді. Депутаттар ұстаздармен кездесіп, орта білім беруді дамыту мәселесін талқылады. Осыдан соң депутаттар бір ай бұрын іске қосылған «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС-ның шырағдан шамдары зауытында болып, жұмысшылармен жүздесті. Жамбыл ауданы Қасымбек ауылында орналасқан өндірісте қазір 50-ден астам адам жұмыс істейді. Болашақта адам саны көбейе түспек. Ал әзірге жергілікті жұмысшылар жаңа кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, Түркиядан келген мамандармен тәжірибе алмасуда. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталған. Негізгі құрал-жабдықтар Түркиядан, Қытайдан, Ресейден, Голландиядан, Жапониядан әкелінеді. Өндіріс орнының атқарушы директоры Жүкен Аятаевтың айтуынша мұндағы жұмыс­шылардың барлығы осы ауылдың тұрғын­дары. Олардың басым көпшілігі жастар. Өндіріс орнының жұмысшыларымен кездесіп, оларға Елбасының стратегиялық даму жоспарының маңыздылығын түсіндірген депутаттар мұнан соң Жамбыл ауданының Жаңақұрылыс ауылына бет бұрды. Мұнда «Балапан» бағдарламасы бойынша 600 балаға арналған балабақшаның ашылу салтанатына қатысты. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 425 млн. теңге бөлінсе, мекемені жабдықтауға облыстық қазынадан 20 млн. теңге қарастырылған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов Алматы облысының экономикалық көрсеткіштері­нің жоғары екенін айта келіп, қазіргі кезде халықтың хал-күйінің жақсарғанын тілге тиек етті. «Елбасының Жолдауында халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған көптеген шаралар қарастырылған. Соның ішінде ана мен бала денсаулығы, білім беру, медицина, өнеркәсіп салаларын дамытуға байланысты көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, осыдан жеті-сегіз жыл бұрын балабақшамен қамту көрсеткіші Алматы облысында 6-ақ пайыз болса, бүгінде 60 пайызға жеткен. Жұртшылықпен кездесулер барысында олар Елбасына ризашылықтарын білдіріп, еңбек ету үшін, лайықты өмір сүру үшін барлық жағдай жасалғанын жеткізуде» деді С.Үмбетов

Исатай Қорғанбаев

3333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9131

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7271

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5011

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4395

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4359

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4320

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4054

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4047

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы