• Ақпарат
  • 17 Қаңтар, 2013

Оқырман қолдауы қанаттандырады

2013 жылғы баспасөзге жазылу науқаны «Ана тілі» газеті үшін нәтижелі болды деп айтуымызға толық негіз бар. Газет таралымы былтырғы көрсеткішінен асып түспесе кем түскен жоқ. Бұл үшін ең алдымен еліміз бойынша газетімізге тұрақты түрде жазылып келе жатқан оқырмандарымызға зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Сонымен қатар «Ана тілі» газетіне жазылуға қолдау көрсеткен әр деңгейдегі әкімдер, мекеме, кәсіпорын басшылары, жекелеген азаматтар да баршылық. Мәселен, жыл сайын біздің басылымға жазылуда көш бастап жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқан бір ғана Ақтөбе облысын алайық. Облыстық ішкі саясат, тілдерді дамыту, денсаулық сақтау басқармасы басшыларының газетімізге жазылуға үн қосқандарын ерекше атап өтуге болады.Бұл ретте Алға, Әйтеке би, Мұғалжар, Ойыл, Хромтау аудандарының әкімдері (Айбек Сағиев, Аманғали Бердалин, Серік Шаңғұтов, Мавр Абдуллин, ­Аязбай Османғалиев), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директорының аға орынбасары Тақталифум Есенғұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Роман Рахиев, Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Жолдас Қамбаров, осы аудандағы білім бөлімінің бастығы Саян Сүлейменов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Жанғабыл Қабақбаевтың сүбелі үлес қосқан еңбектері ерекше. Ел аумағы бойынша «Ана тілі» газетіне жазылуда ­Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақ­стан және т.б. облыстардың да нәтижелері кө­ңіл қуантады. Осы орайда қазақтардың саны көп шоғыр­ланған аймаққа жатпаса да Павлодар облысының көрсет­кіші былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай жо­ғары болды. Бұл жөнінде Павлодар облысының әкімі Ерлан Мұхтарұлы Арын мырзадан редакциямызға хат кел­ді. Онда облыс әкімі: «...Аймақ халқы жұртшылықтың руха­ни қажетін өтеп келе жатқан қазақ тілді басылымдарға жа­зы­луда белсенділік көрсетті. Ардақты арысымыз ­Ахмет Байтұрсыновтың «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ұлағатты сөздерін ұран еткен «Ана тілі» газеті біздің өңір оқырмандарының сүйіп оқитын басылымдарының бірі. Қоғамдық өмірдің бар саласы – мемлекеттік тіл саясатын, әлеуметтік, мәдениет, білім, дін, руханият, елтану мәселелерін қамтитын Сіздердің басылыммен ынтымақтастығымыз жалғаса беретініне сенімдімін. «Ана тілі» газетінің шығармашылық ұжымына толағай табыс тілеймін» деп аталған басылымға қол­дау білдірген. Павлодар облысының мемлекеттік тілге деген көзқарасының оң екенін осыдан-ақ байқауға болады. Баспасөзге жазылудың биылғы нәтижелерін саралай отырып, Қызылорда облысының көрсеткіштері былтырғыдан үш есе жоғары болғанын жетістік ретінде бағалап отырмыз. Бұған осы өңірдің халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсатовтың сіңірген еңбегі мол. Сонымен қатар халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс және Солтүстік аймақтары бойын­ша вице-президенті Орал Шәріпбаев аталған облыстардағы газет таралымының көбеюіне ерекше атсалысты. Мұндай игі істер өзге облыстардың «Қазақ тілі» қоғамы филиалдарының төрағаларынан қолдау тауып жатса, қанеки. Жоғарыда атап өткеніміздей, газетімізге әрдайым қолдау танытып келе жатқан кәсіпорын басшылары да бар. Солардың бірі – Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты «Қаратау-Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені филиалының директоры Мұратқали Сәрсенов. Аты аталған азаматтардың барлығына зор алғысымызды білдіреміз. Сөз соңында газетке жазылу әлі де жалғасып жатқанын жеткіземіз.

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

3104 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9120

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7264

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5003

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4388

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4352

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4313

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4047

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4039

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы