• Ақпарат
  • 24 Қаңтар, 2013

Жаңа қаріпке мемлекет болып көшу керек

Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында жиі ауызға алынып жүрген мәселе ­– әліпбиімізді латын қарпіне көшіру жайы. Бұл мәселе жайдан-жай көтеріліп отырған жоқ. Елбасымыз «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылдан бастап әліпбиді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керектігі жөнінде айтқан болатын.Мемлекет басшысы осы жауапты істі бастаудың мерзімін нақты көрсетіп берсе де «Жаңа әліпбиге көшуді биыл бастап кеткеніміз жөн» дейтін де пікірлер арамызда қылаң беріп жүр. «Сап...сап көңілім» дейік оларға. Бұл өзі арсыл-гүрсіл істей салатын оңай шаруа ма еді? Олай деп айта алмаймыз. Елбасының өзі: «Бұл ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» демеп пе еді. Расында да бұл тұтас ұлтқа қатысты әрі принципті, өзекті мәселе. Ұлтқа қатысты болса ондай мәселеге жеңіл, ат-үсті қарамағанымыз жөн. Ұлт тағдыры деген жеке адамдардың яки аймақтың не өңірдің мәселесі емес. Ұлт тағдырының астарында елдің бірлігі, тыныштығымыз бен келешегіміз бар. Жаңа әліпбиге көшудің мән-жайына қаныға алмай отырғандар жетерлік. Демек, біз алдымен түсінік жұмыстарын қолға алғанымыз жөн. Халықтың бойында күдіктен гөрі сенімді ұялатқанымыз абзал. Сонда ғана көздеген мақсатымызға қиналыссыз жете аламыз. Әліпбиге көшу ісінде нәтиже дайындығымыздың, әзірлігіміздің, сараптама жұмыстарының деңгейіне көп байланысты. Ол үшін үкімет тарапынан тұжырымдама бола ма, әлде бағдарлама түрінде ме арнайы құжаттың қабылданғаны әбден дұрыс. Міне, осы құжатта әзірлік жұмыстарының қалай жүргізілетіні, оған жұмсалатын қаржылық шығындар, атқарылар міндеттер нақпа-нақ көрсетілуі тиіс. «Тездетіп көшейік» деп жанталасамыз... Мұнымыз қалай? Бізде қазір басқасын айтпағанда мектеп оқушыларына латын әліпбиін үйрететін қарапайым оқулықтың өзі жоқ қой. Оқулықтар, әдебиеттер... дайындалуы керек. Жалпы, әзірлік жұмыстарын қаржыландыру қалай шешілмек? Бұл да ойлантатын жайт. Мынандай да қорқыныш барын жасыруға болмас. Бізде тілге байланысты тұрғындар үш топқа бөлініп жүр. Қазақтілділер, қазақ тілін нашар сөйлейтін немесе сөйлегісі келмейтін өз қандастарымыз, орыстілділер. Латын әліпбиіне көшуге кіріскенімізде осы үшеудің екеуі (қазақтілділерден басқасы) кириллицадан бірден бастарта қоюы неғайбіл. Тіпті қазақтілділердің бір бөлігінің өзі балаларын қазақ мектебіне емес, орыс мектебіне сүйреуі мүмкін. Себеп: бұрыннан көз үйренген әліпбиде оқытқанды жөн санайды. Кейбіреулер «Алғашқы кезде осылай болуы заңдылық» деуі де мүмкін. Алайда мұның зардабы жақсы болмайтынын ұғынайық. Осы жерде мына жайтты қадап айтқымыз келеді. Латын әліпбиін таңдадық па? Онда біз жаңа қаріпке ел болып, мемлекет болып көшуіміз керек. Бізде ресми тіл деген атауы бар орыс тілі де латын қарпін пайдалануы тиіс. Елбасы биылғы Жолдауында «Біз көппіз және бәріміз бір Елміз, бір халықпыз» деген еді. Егер біз шын мәнінде бір ел, бір халық болатын болсақ, осылай істеуіміз қажет. Жоғарыдағы ортаға салған пікірлерімізге қарап «Бұл өзі елге пайдалы іске қырын қарап отырған жоқ па?» деген теріс ойдан аулақ болған жөн. Біздікі ­ қандай істі қолға аларда болмасын асығыстыққа жол бермей, байыптылық, байсалдылық таныта білейік дегендік. Бағалы байлығымыз ­– ел бірлігіне көлеңке түсіріп алып жүрмейік дегендік. Нұрперзент Домбай

3195 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9537

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7547

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5294

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4672

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4636

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4593

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4331

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4324

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы