• Ақпарат
  • 24 Қаңтар, 2013

Қазақ сайттары бәсекеге қабілетті ме?

Қазақ сайттары бәсекеге қабілетті ме?Астанадағы «Қазмедиа» орталығында қазақ тілді сайттардың алғашқы конференциясы өтті. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, «Аbai.kz», «Аlash-orda.kz» ақпараттық орталықтары мен «Мinber.kz» журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен болған шараға қазақ тілді сайттардың редакторлары мен үйлестірушілері, интернет-журналистика мен ақпаратттық техноголия салаларындағы блогерлер мен мамандар, мемлекеттік органдардың өкілетті өкілдері қатысты. Жиында сөз сөйлеген «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қариннің айтуынша бұл «Қазақ» газетінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай өтіп отыр. Осыдан 1-2 жыл бұрын қазақ блогерлерінің құрылтайы өткен болатын. Енді, міне, қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы болып отыр. Бұл қазақтілді интернеттің дамып келе жатқанының белгісі.Конференция барысында сайт редакторлары АҚШ пен Қытайдағы әріптестермен тікелей байланысқа шығып отырды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев министрлік соңғы жылдары қазақ интернетіне көңіл бөліп, айтарлықтай қаржы аударып келе жатқанын айтты. Қазақтілді сайттардың бас редакторлары, яғни мамандар тілімен айтқанда «админдері» медиа-форум пішінінде 4 алаңқайда бөлініп жұмыс істеді. Басқосуда латын әліпбиіне көшкен жағдайда қазақ тілді интернет сайттарын мемлекеттік тұрғыда қолдаудың шаралары, сапа, дизайн және техникалық қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ қазақ тілді интернет журналистикасының негізгі бағыттарын айқындау мәселелері талқыланды. Алғашқы бөлімде сөз алған Айдос Сарым қазақ сайттары қазақ ұлтының басын біріктіретін басты қозғаушы күш екенін, сондықтан осы жауапкершілікті сезіне білу керектігін, салиқалы түрде кәсіби бәсекелестікті дамытуға атсалысуы керектігін ортаға салды. Оның ойын­ша сөйткенде ғана болашақта әлемдік бәсекеге қабілетті қазақ сайттарының көш керуенін түзуге болады. Қазақ интернеті үлкен күшке айналып келе жатыр. Сонымен қоса кирилл қарпінен латын қарпіне аударатын бағдарламаны өз қаражаттарына жасатып, қазақ сайттарына беруге дайын екендігін жеткізді. Ал екінші бөлімде сөз алған Константин Горожанкиннің конференцияға жақсы дайындықпен келгені байқалды. Ол өз сөзінде мемлекеттік қолдауға иек арту мәселенің шешімі емес, керісінше күрделене беретінін жеткізді. Осыны айта келіп, орыстілді сайттарға ешкім көмектеспегенін, ақыр соңында өздері қаржы көзін тапқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ қазір қазақ сайттарына мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатқанын, соның арқасында күнделікті ақпараттық порталдар Қазақстандағы көшбасшы сайттардың қатарына қосылғандығын, ғаламторда қазақтілді ақпараттар күн санап көбейіп келе жатқанын сөз етті. Конференция соңында интернет журналистикасындағы контент мәселесі талқыланды. Контент тапшылығы, авторлық құқық мәселелері, жалған ақпарат тарату, ақпараттың шынайылығын зерттемеу және орысшадан аударғанда қасаң қағидаттарға жүгіну секілді жайттар айтылды. Конференцияда төрт құжат қабылдауды мақсат еткен ұйымдастырушылар ең алдымен интернет қауымдастығын, яғни қазақ сайттарының редакторларына арналған құжат дайындап отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар қазақ интернетінің дамуын мемлекеттік органдармен байланыстыратын, ауыл-аймақтарға интернет желілерінің баруы, Wі-Fі желілерінің орнауына арналған құжат пен латын қарпіне көшу жайлы құжатты қабылдау да көзделіп отыр. Жібек Қуанышқызы

3715 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9528

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7541

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5287

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4666

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4630

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4587

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4325

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4318

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы