• Тарих
  • 24 Қаңтар, 2013

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Борық – Ақжайық ауданын­дағы елді мекен. Сулы жерде өсетін жұмсақ, ақсүйрік тамырлы, қамыс тәрізді өсімдік мағынасынан қалыптасқан атау. Бүгінгі ұрпақ борық сөзінің де мағынасымен топоним арқылы танысып отыр. Осындай географиялық атаулардың бастапқы мағынасын табу арқылы сол жердің бедерін, флорасы мен фаунасын, т.б. ерекшеліктерін елестете аламыз. Көнеккеткен – Ақжайық ауданындағы елді мекен. Осы топонимнің бірінші сыңары көнек – «теріден жасалған сұйық зат құятын ыдыс» мағынасын беретін зат атауы топонимге негіз болып, сол арқылы көнек ұғымы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Яғни «шелек кеткен» көл я құдық болуы мүмкін. Сол оқиға арқылы пайда болған атау тіліміз арқылы топоним бойында сақталып отыр. Шөмішкөл – Қаратөбе ауда­нындағы көл. Осы гидронимнің бірінші сыңары – қазіргі тілде де «ожау ыдыс» мағынасындағы сөз. Яғни көл атауы семасиологияның ұқсату заңы бойынша, қазақ тұрмысында қолданылатын су алатын шұңғыл ыдыс тәріздес деген бейнелеуден пайда болған. Осы мұралардың барлық түрлері, атаулары гүл арқылы бейнеленіп, тілдің құдіреті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отырғаны, сан мыңдаған жылдар бойы халқымызға тән қазынаны бойына сіңіріп, сақтап отырғаны тілдің кумулятивтік қызметін дәлелдей түседі. Халқымыздың асыл мұрасын өз бойына сақтап жеткізген тілдің осы кумулятивтік қызметі топонимдердің бойынан да табылады. Бірақ кеңестік дәуірде тілдің осы ерекше қызметіне көңіл бөлінбей, тілдің негізінен қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметіне баса назар аударылуы тілдің танымдық, тәрбиелік рөлінің әлсіреуіне, төмендеуіне әкеліп соққанын ғалымдар орынды атап көрсетуде. Бұл көзқарас тілді оқыту үдерісіне түптен тілді зерттеу жұмыстарына да әсерін тигізді. Сакрыл – Жалпақтал ауданындағы Қараөзен мен Сарыөзеннің аралығындағы көл. Осы гидроним құрамындағы сақ сөзін түркілердің көне сақ тайпасымен байланысты деп топшылауға болатын сияқты. Мұны көршілес Орынбор, Самара жеріндегі Сақмар өзенінің атауы дәлелдей түседі. Гидронимнің екінші компонентіндегі мар детерминативі Э.М.Мурзаевтың сөздігінде «холм, бугор, одинокая гора» деп беріледі. Сол сияқты Тасқала ауданындағы Семиглавый мар, Жаңақала ауданындағы Пятимар атауларымен де салыстыруға болады. Қырыққұдық – Тайпақ ауданында орналасқан елді мекен. Жері ащы болғандықтан ауыл тұрғындары ауызсу үшін құдықты ауыл сыртындағы қар суы жиналатын ойпаңнан қазады. Әдетте, ол құдықтардағы су мал суаруға жетпейді. Сондықтан бір-бірінен алшақтатпай (тұщы су көзінен айырылып қалмас үшін), жиырма-отыз құдық қатар қазылады. Қырқадан қараған кезде, ең алдымен, шыпырлаған көп құдық көзге түседі. Осы белгісіне сай елді мекен Қырыққұдық атауына ие болса керек. «Ақжайық топономиясы» кітабы бойынша дайындаған Ұлдай ЕРЖАНОВА

3912 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9526

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7539

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5285

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4664

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4628

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4585

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4323

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4316

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы