• Ақпарат
  • 24 Қаңтар, 2013

Сақтана білгеніміз жөн

Сақтана білгеніміз жөн«Көктегі күзет» атты орталықтың болжамдарын көлденең тартып, табиғат жанашыры, белгілі эколог Мэлс Елеусізовтің «күшті зілзалалар толқыны жақындап қалды, жойқын зілзаладан бас сауғалау үшін әр үйде бункер салу керек. «Көктегі күзет» деп аталатын халықаралық ұйым жер сілкінісі жиі болатын 13 мемлекетті анықтапты. Сол тізімнің ішінде Қазақстан 4-ші орында көрінеді» деген мәлімдемесін естіген жұрт қатты дүрлігіп еді. Осыған орай, Алматы шаһарындағы Сейсмология институты мен Төтенше жағдайлар департаменті брифинг өткізді. Мамандардың айтуынша, осы жылдың мамыр-маусым айларында және күзде Алматы облысында күші 7 балға дейін жететін жойқын сілкіністер болмайды. Департаменттiң мәлiметiнше, iрi жер сiлкiнiсi бола қалса, бiрден iске қосылатын әрекет ету жоспарлары бар екен. Сейсмология инс­титутының директоры, техника ғылымдарының докторы, академик, ЮНЕСКО-ның жер сілкінісі жөніндегі сарап­­шысы Таңатқан Абақанов алдағы уақытта үй қирап, адамның өміріне зақым келетіндей күшті жер сілкіністері болмайтындығын тілге тиек етті. Алдағы уақыттарда аймақтың сейс­микалық мәселесiне қатысты зерттеу, бақылау жұмыстары жалғаса беретін көрінеді. Осыған орай жылдың ортасында арнайы мамандармен жүргiзiлген жұмыстардың қорытындысы жарияланбақшы. Респуб­ликамыз бойын­ша ең қауіпті сейсмикалық аймақтар қатарына  Алматы, Алматы облы­сы, Шығыс Қазақстан облысы мен Батыс Қазақстан өңірлері еніп отыр. Жалпы, мұн­дай аймақтарда құрылыс сейсмикалық картасыз жүргізілмеуі тиіс. Себебі сол құ­жат­та жердің қандай күшке төтеп бере алатыны көрсеті­леді. Яғни сейсмотұрақ­тылық толықтай зерттеледі. Қазіргі таңда Алматының сейс­ми­калық картасын жасау үшін қыруар қаржы қажет. Қала аумағының ұлғаюына байла­нысты картаны дайындау мерзімі де ұзарты­лады. Егер тиісті қаржы мемлекет тарапынан бөлініп жатса, сейс­микалық карта 2015 жылы дайын болмақ. Бүкіл Қа­зақ­стан Республи­касы аумағының жалпы сейсмикалық картасын құрастырудың маңызы зор. Өйткені бүгінгі пайдаланып жүрген карта кеңес дәуіріндегі ескі әдісте­мелермен жасалған екен. Ол кезде еліміздің аумағында толық зерттеулер де жүргізілме­ген. Соңғы кезде мұнай-газ, тау-кен өн­ді­ріс­терінің дамуына байланыс­ты Қа­зақстандағы сейсмикалық қауіп те өрби түсуде. Сондай-ақ Орталық және Орта Азияның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің ғалымдары мен инже­нер­лерінің тәжірибелерімен бөлісу ауадай қажет. Алдағы уақытта сейс­ми­каға төзімді құрылыс секторларын дамыту және ары қарай жетілдіру үшін өзге елдердің озық идеялары мен инно­вациялық технологияларының жайын тал­қылау үшін ғылыми-тәжірибелік оты­рыс­тар жиі ұйымдастырылып тұрмақ. Өйткені Қазақстанда бұл мәселеге көңіл бөлінбей отырған көрінеді. Сонымен қатар мамандар Алматы мен Алматы облысы, Жамбыл өңірлеріндегі жүргізіліп жат­қан құрылыс жұмыстарына да алаң­дау­шылық танытуда. Өйткені бұл салада стандарттарға то­лық­тай сәйкес кел­мейтін қытайлық құры­лыс материалдарын пайдалану артқан. Құрылыс саласының мамандары жеке­меншік тұрғын үйлер мен ойын-сауық және сауда орталық­тарын, мешіттерді, сонымен қатар страте­гия­лық нысандарды да қатаң бақылау керек деген тоқтамға кел­ді. Оның ішінде мұнай және газ комплекс­тері, гидро­тех­ни­калық және тау-кен өндіру­ші, сондай-ақ атомдық нысандар бар. Біздің елде тұрғын үй құрылысын көптеген шетелдік компаниялар жүргізіп отырғанына көпшіліктің алаңдаушылық білдіретіні тегін емес. Мәселен, түріктердің аз уақыттың ішінде көп­қа­батты үйлерді тұрғызып, пайдалануға беруі халық арасында күмән тудырады. Өйткені Түркияда болған жеті балдық жер сілкінісінің салдарынан ғимараттар қирап, адам шығыны болды емес пе?! Мәселен, елімізде жылына 8000-ға жуық төмен балды жер сілкіністері есепке алынса, тек қана былтырғы жылдың 15-сәуiрінен 2013 жылдың 15-қаңтарына дейiнгi уақыт аралығында Алматының айналасында және таяудағы көршi елдерде 3-4 балдық жер сiлкiнi­сiнiң 10-ы тiркелiптi. Олай болса, жер қыртыстарының өзгеруіне байланысты болып тұратын жердің сiлкiнулеріне бола даурығудың қажеті жоқ. Алайда сақтана білгеніміз жөн. Тіптен технологиясы қарыштап дамып кеткен жапондардың өзi зiлзаланың қашан боларын нақты бiл­мейдi ғой. Бір сөзбен айтқанда, қауіптің қашан және қандай жағдайда келетіні бір Аллаға ғана аян. Сондықтан да әрдайым не нәрсеге болса да дайын отырудың маңызы зор. Болашаққа болжам жасап босқа даурығу ешкімге бедел әкелмесі анық. Салтанат ҚАЖЫКЕН

2988 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9528

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7541

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5287

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4666

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4630

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4587

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4325

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4318

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы