• Мәдениет
  • 24 Қаңтар, 2013

Жарайсың, Головкин!

Жарайсың, Головкин! Қазақстандық былғары қолғап шебері «WBA» (Бүкіләлемдік бокс ассоциация­сы) мен «IBO» (Халықаралық боксшылар ұйымы) чемпионы Геннадий Головкин АҚШ-тың «Мэдисон Сквер Гарден» стадионында америкалық боксшы Габриель Росадомен қолғап түйістірді.   Жекпе-жектің алдында мамандар америкалық Росадо қазақстандық Головкинге қарсы тұра алуға шамасы келеді деп болжаған еді. Себебі ол өзінің соңғы жеті кездесуін нокаутпен жеңген мықтылардың бірі болатын. Ол кездесу алдындағы сұхбаттарының бірінде Головкиннің жойқын соққыларына төтеп беріп, қарсыласын сегізінші-тоғызыншы раундтардың бірінде сұлатып салатындығын мәлімдеді. Ал Головкин оған қарсы берген уәжінде Росадоның шынымен де мықты бокс­шы екендігін айтып, бірақ ең алдымен оған сегізінші-тоғызыншы раундқа дейін жетудің өзі оңайға түспес деген ойын білдірді. Жерлесіміздің осы айтқаны дәл келді. Росадо бірінші раундтың өзінде-ақ көптеген қателіктер жіберді. Қорғаныс тактикасын қалап алған америкалық боксшы жерлесіміздің осал жерін іздеумен болды. Алайда қазақстандық былғары қолғап шебері шабуылдап жүріп, қорғанысты да ұмытпады. Екінші раундта Головкиннің шалт соққысынан Росадоның қабағы жарылып кетті. Осы жарылған қабақ үшінші-төртінші раундтардағы жаңа соққылардан одан әрі ашылып, Росадоның тұла бойын қан жуып кетті. Әрі қарай Головкин тәжірибелі боксшы екендігін дәлелдеумен болды. Жетінші раундқа жеткенде оның соққылары тіптен үдеп кетті. Ол енді Росадоны қуалап жүріп сабауға айналды. Мұнан әрі Росадода Головкинге қарсы күресер амал қалмады. Оның көп ұзамай қатты соққыға ұшырайтындығын түсінген жаттықтырушылары рингке ақ орамал лақтырып, жеңілгендіктерін мойындап, ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл кәсіпқой бокста әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадийдің жиырма бесінші жеңісі. Соның жиырма үшін ол нокаут­пен жеңіп отыр. Тамаша табыс. Осылайша ол орта салмақта өзіне еншілі «WBA»-ның чемпионы деген атағын қорғап қалды. Кәсіпқой боксқа 2006 жылы жол тартқан Г.Головкин 100 пайыздық көрсеткішпен бүкіл қазақстандық жанкүйерлерді қуантып келеді. Салтанат ҚАЖЫКЕН

2759 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9466

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7494

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5240

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4620

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4583

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4540

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4278

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4272

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы