• Мәдениет
  • 24 Қаңтар, 2013

Күлкі шақырған шарждар

Күлкі шақырған шарждарҚазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер және Журналистер одақтарының мүшесі Еркін Нұразхан Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының көркемсурет факультетін бітірген. «Кімге күлеміз?» атты сатиралық суреттердің, «Қабанбай батыр», «Қасым Қайсенов», «Оралхан Бөкеев» секілді кескіндемелік портреттердің және т.б. көптеген жұмыстардың авторы. «Балдырған» журналы, «Түркістан» газеті сияқты басылымдарда суретші, тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.   Халық ықыласына бөленіп жүрген, әр штрихы өзінше бір мағына беретін, үлкен мәнге ие суретші-карикатурашылардың бірі – Еркін Нұразхан. Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында өтіп жатқан суретшінің «Шарж шеруі» атты кКүлкі шақырған шарждарөрмесі осының дәлелі. Бұл шара суретшінің шығармашылығына 30 жыл толуына және «Шарж шеруі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне орай ұйымдастырылып отыр. Көрменің тұсаукесеріне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанов қатысып, қылқалам шеберіне өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, қуанышымен құттықтады. Ал Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы Байтұрсын Өмірбек суретшінің шығармашылығын жоғары бағалады. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ау­данының тумасы Еркін Нұразханның суретке қызығушылығы бала күнінен бас­тау алған. Балалық құштарлық, арман, мақсат бүгінде үлкен белестерге жеткізіп отыр. Көрмеге кіргеннен-ақ бір сиқырлы әлемге енесің, сүйсіне қарайсың. Суретші қыл қаламынан туындаған портреттер көрермен қауымға езу тартқызбай қоймайды. Белгілі өнер тұлғаларының, ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің біз біле бермейтін мінез-қырларын, болмыс-бітімін айнытпай бейнелей білген. Кейіпкерге еніп бірде маңғаздана, бірде кірпияздана қаласың. Бір қараған адамға шимайлай салу түк те қиын емес сияқты. Ал сол шимай-шатпақтан образ шығару, адамның мінез-құлқын бет-әлпеті арқылы көрсете білу нағыз шебердің қолынан ғана келетін еңбек. Сол жұмыстың нәтижесінен ләззат алғанның өзі қандай бақыт. Жақында «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Шарж шеруі» атты жи­наққа суретшінің шамамен 250-ге жуық шарждары еніпті. Кітаптың алғысөзінде «Бұл кітапқа елімізге белгілі карикатурашы, шарж суреттің майталманы Еркін Нұразханның 2005-2011 жылдар арасында жасалып, көпшілікке танымал болған туындылары кірді. Сурет әлемінің шарж дейтін кірпияз саласында бейнелейтін кейіпкеріңнің сыртқы ұқсастығын дәл беру өз алдына, оның ішкі тылсымын көре білу, тіпті кейіпкердің өзі байқай бермейтін болмашы ғана ерекшелікті дөп басу – кез келген суретшінің маңдайына біте бермейтін бақыт. Оның үстіне, сурет міндетті түрде күлкі шақыруы керек екенін қаперге алсақ, шарждың бәсі өз-өзінен қымбаттай бермек. Оның уытты карикатурадан айырмасы тағы бар. Шұбатып комментарий жасауды мүлде көтермейтін шарж шіркінді қазақта Еркін Нұразхандай игергендер некен-саяқ. Бұл жинақты парақтай отырып, кейіпкермен қосыла күлеріңізге шүбә жоқ» делінген. Бұл турасында суретшінің өзі: «Шарж өнері адамның жан дүниесін байытып, көре білу көкжиегін кеңейтеді. Әдетте сын мақала жазған журналистерге «абыройыма нұқсан келді» деген желеумен дүрсе қоя беретін шенділер менің соңыма ешқашан шам алып түспеді. Мен шамам келгенше әділ болуға тырысам. Өйткені ол адамды мазақтау емес, ол адамның тұлғалық қызметін төмендету де емес. Қайта ол кісіні күлкілі жағдайда көрсете отырып, халықтың есінде қалдыру. Өйткені ол – характер жиынтығы. Сәтті шыққан туындыма өз-өзімнен мырс етіп күлетінім бар, яғни бұл көңілімнен шыққан дүние деген сөз» дейді. Карикатура – бейнелеу өнерін­дегі нақты идеялық сыни-әлеуметтік бағыттағы, болмысы бөлек жанр. «Еркін Нұразханның достық портреттік шарждары жүрекке жылы тиетін жеңіл қалжыңға құрылған. Олардағы сыртқы ұқсастықты сақтауда адамның мінез-құлқына бөле-жара ерекше көңіл бөлген. Шынайы мен қиялыны біріктіріп, адамның, бет-келбеттің, киімнің, мінез-құлық мәнерінің ерекше тұстарын зорайта, ширата түсіп, суретші бейненің барынша айқындығына қол жеткізеді. Суретшінің мінез-құлқы ащы сарказмы мен улы қалжыңы жоқ портреттер галереясында айқын көрініс тапқан» деп бағалайды өнертанушы Елизавета Ким. Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, суретші Жеңіс Кәкенұлы: «Ұқсастық өз алдында, ұқсаған кейіпкер көрермендердің тарапынан күлкі шақыру керек. Күлкі шақыруға келгенде екі есе қиындай түседі портрет. Біздің Еркін ағамыз екі қиындықты да жеңіп, өзі салып отырған адамның ешкім біле бермейтін құпиясын көріп қояды» дейді. Қазіргі жаһандану заманындағы қо­ғамда адамға күлкі сыйлай білудің өзі үлкен өнер, үлкен жетістік. Өзіндік әзілімен, тамаша тапқырлығымен, қырағылықпен, шеберлікпен, ыждағаттылықпен ойындағы идеясын іске асыра білетін Еркін Нұразхан шығармашылығы жұртшылықты әлі талай қуантары сөзсіз. Бағдагүл Балаубаева

5993 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9128

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7269

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5009

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4393

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4357

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4318

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4052

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4044

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы