• Ақпарат
  • 31 Қаңтар, 2013

Маман біліктілігіне көңіл бөлінеді

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық ұйымы өз жұмысын Қазақстан Респуб­ликасының «Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырады. Басты мақсат – Қазақстанда тұра­тын барлық этностар тілдерінің сақ­талуы жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ететін үйле­сімді тілдік саясат жүргізуге атсалысу. Біздің облыстық «Қазақ тілі» қо­ғамындағы тілімізді дамытудағы айта кетерлік бір жаңалығымыз – қоғамның жанынан тіл маманда­рының біліктілігін жетілдіру орталығы (директоры Тоғайбай Бекімұлы Кен­тай) ашылып, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің 400-ге жуық аудармашылары мен тіл ма­ман­дарын курстық дайындықтан өт­кізіп, арнайы куәліктер тапсырылды. Курста Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының ұстаздары: Олжабай Жармакин, Айтмұхамед Тұрышев, Жақсыбай Сарбалаев, Айман Зейнуллина, Рыскүл Шақаман, Бекен Сағындықұлы және мемлекеттік органдардағы білікті тіл мамандары: Ульян Мақұл, Шолпан Кенжікова сынды өз ісінің шеберлері дәріс оқыды. Тыңдаушылар үшін аударма теориясы мен практикасы, компьютерді игерту негіздерін үйретуге арналған дәрістер «Қазақ тілі» қоғамы жанынан арнайы жабдықталған кабинеттерде өткізілді. Гүлнәр Сәдуова, Шолпан Кен­жікова тәрізді мамандардың қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты озық оқу-әдістемелік тәжірибелері жинақталып, тиісті мекемелерге, қазақ тілін оқып-үйренуді мақсат тұтқан қызметкерлерге үлгі ретінде таратылды. Ұйымның жанынан шығатын «Ертіс дидары» газетінде (редакторы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы Арман Қани) тіл проблемалары, ономастика мен топонимика мәселелері, қазақ балабақшалары мен мектептерінің жағдайы жөніндегі материалдар жарияланып тұрады. Облыстық тілдерді дамыту басқар­масымен бірлесе өткізілген нәтижелі істеріміздің қатарына жастар арасында «Әй, жарайсың!» және «Жігіттер сұлтаны» өнер сайыстарын атап өтуге болады. Бұл өзге ұлт өкілдері жастарының қазақтың тілі мен өнеріне деген қы­зығушылығын оятып, құштар­лығын арттыруға септігін тигізді. Мұның өзі мемлекеттік тілді меңгеру барысында ұтымды тәсілге айналды. «Қазақ тілі» қоғамы облыстық Тілдерді дамыту басқармасы жанынан ашылған «Ана тілі» орталығымен де (директоры З.Ә.Мамбетова) ынтымақтаса жұмыс істеудеміз. Облыс әкімі Е.Арын мемлекеттік тілдің өңірде дамуына айрықша назар аударуда. Аймақ басшысы қазақ тілі курс­тары мен қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшалардың ашылуына көңіл бөліп келеді. Ол облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жұмыс тобының, төрағасы ретінде қала мен аудан әкімдерінің, сондай-ақ ведомстволар басшыларының іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру бойынша атқарған іс-шаралары туралы есептерін тікелей өзі тыңдап, тиісті шешімдер қабылдап отырады. Өткен жылдың маусым айында облыстық әкімдікте Павлодар, Лебяжі аудандары әкімдерінің және бір­неше департамент басшыларының ісқа­ғаз­дарды мемлекеттік тілде жүргізулері жөнінде есептері тыңдалып, көптеген кем­шіліктердің беті ашылды. Мысалы, Павлодар ауданында небәрі 6 балабақшаның бірде-біреуі таза мемлекеттік тілде емес, ал Лебяжі ауданы 11 ай ішінде бірде-бір адамды ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге байланысты ашылған курстарға жібермеген. Нәтижесінде екі аудан әкімі қатаң сыналып, жіберген қателіктерін түзетті. Павлодар облысында мемлекеттік тілге байланысты көптеген іс-ша­ралар атқарылуда. Елбасы өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамайық» деп тілдің маңыздылығын айрықша атап көрсеткен болатын. Елбасының тапсырмасын орындау – біздің басты міндетіміз. Тоғайбай КЕНТАЙ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық ұйымының төрағасы

3427 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9538

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7548

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5295

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4673

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4637

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4594

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4332

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4325

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы