• Ақпарат
  • 31 Қаңтар, 2013

Ертегі арқылы да тіл үйренуге болады

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының көрме залында Алматы қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ халық ертегілерінің желісі бойын­ша түсірілген анимациялық мультфильмдер жинағының» тұсаукесері өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіліп отыр. Ондағы мақсат – мемлекеттік тапсырыспен, жаңа технологияларға сай шығарылған мультфильмдер жинағын көпшілікке таныстыру, қазақ тілін үйретуге арналған көмекші-әдістемелік құрал ретінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін қамтамасыз ету. Қалалық тілдерді да­мы­ту, мұ­ра­ғаттар және құжаттама бас­қар­ма­сы­ның бастығы Мамай Ахетов қазақ халық ертегілерінің желісі бойын­ша түсірілген анимациялық мультфильм­дер жинағы 1000 данамен шығарылғанын, Алматы қаласындағы барлық мемлекеттік балабақшаларға тегін таратылатынын атап өтті. Қазақ халық ертегілерінің желісі бойын­ша түсірілген 40 сериялы мультфильмдер жинағы «Балаларға арналған қазақ тілі» атты анимациялық білім беру жобасы бойынша шығарылған. «Бұл жоба бүлдіршіндерге халық ауыз әдебиетінің асыл үлгісі – ертегі арқылы тіл үйретудің жеңіл әрі ойнақы тәсіліне негізделген. Балалардың жан дүниесіне жақын, жас ерекшелігіне сай анимациялық, мультипликациялық көріністер олардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, есте сақтау қабілетін дамытады. Балалар есту, көру, қайталау арқылы сөздерді дұрыс айтуға жаттығады. Заманауи технологияның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, 3D-форматта түсірілген мульт­фильмдер балалардың тіл үйренуге деген қызығушылығын дамытуға, танымын, қабілетін арттыруға зор септігін тигізеді» дейді басқарма маманы Қымбат Нұрсұлтанқызы. Оның айтуынша, бұл жинаққа «Алдар көсенің көңілді оқиғалары» атты 85 сериялы мульт­фильм, әлем халықтары ертегілерінің желісі бойынша түсірілген 50 слайд-шоу ертегі, «Бізді қоршаған әлем» атты 1000 сөзді қамтитын орысша-қазақша суретті аудио-сөздік енгізілген. Анимациялық мультфильм­дер жинағын жарыққа шығарудағы мақсат – мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тіліндегі қарым-қатынастық орта қалыптастыру, коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі қазақ тілінің қолданылуы аясын кеңейту. Жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін үйрету сапасын арттыру, тіл үйрену дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, басқарма тапсырысымен «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік кешені жарыққа шықты. Бұл – республикамызда тұңғыш рет қолданысқа енгізілген, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жаңа бағыттағы инновациялық тіл үйрету құралы. «Сиқырлы қалам» арқылы балаларға бір мезгілде оқуға, тыңдауға мүмкіндік беріледі. Интерактивті кешенмен жаттыққан бала қазақ және ағылшын тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын, екпінді дұрыс қолдана білуді жеңіл меңгереді. Сөздерді буынға бөлуді, санауды, түстердің реңін атауды, жадына түйген сөздік қоры арқылы түрлі іс-әрекеттерге байланысты қысқа сөйлемдер, шағын әңгімелер құруды үйренеді. Тіл үйрету құралының әдіс-тәсілдері балалардың жас ерекшелігіне сай үйлестірілген. Инновациялық кешен кез келген теледидарға немесе компьютерге қосылады, сол арқылы танымдық, қызықты бағдарлама тамашалап отырғандай әсер береді. Аталған жиынға қатысқан аудандық білім бөлімдерінің, мемлекеттік балабақшалардың басшылары, ұстаздар мен әдіскерлер, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері өзара пікір ал­масты. Бағдагүл Балаубаева

6781 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9458

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7488

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5234

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4614

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4577

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4534

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4272

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4264

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы