• Мәдениет
  • 14 Ақпан, 2013

«Шырақ жанған түн»

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалиннің «Шырақ жанған түн» атты лирикалық драмасы көрермен назарына ұсынылды. Қойылымның қоюшы ре­жиссері Қазақстан Республи­касының еңбек сіңірген қай­раткері Нұрқанат Жақыпбай болса, қоюшы суретшісі Мұрат Сапаров. Бір айта кетерлігі, қырғыз, орыс, украин тілдеріне тәржі­маланған туынды алғаш рет 1977 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Вениамин Кимнің сахналауымен көрсетіліпті. Ол кезде шығарманың басты кейіпкерлері көршінің рөлін – Қазақстанның халық артисі марқұм Қасым Жәкібаев, Сағынды – Досхан Жолжақсынов, Нұргүлді – Ғазиза Әбдінәбиева, Таңатты – Нұрқанат Жақыпбай сомдаған екен. «Шырақ жанған түн» қойылы­мына қазіргі заман талабына сай біраз өзгерістер енгізіліпті. Оқиға негізгі үш кейіпкер – Таңат және үлгілі отбасы Сағын мен Нұргүлдің арасында өрбиді. Сағын мен Нұргүл жарасымды, елге үлгі, «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» отбасы. Үйіндегі бір қонақ күту кезінде соғылған кездейсоқ телефон шырылы Сағынның көңіліне сызат түсіріп, олардың өзара ренжісуіне себеп болады. Сағын жарының адалдығына күмәнмен қарап, Нұргүлдің жанына жара салады. Нұргүл түн ішінде үйден кетіп қалады да, ойламаған жерден Таңатты жолықтырады. Осы түн қойылым кейіпкерлері үшін тазару, арылу түніне айналады. Ал «марстық» кейіпкер Таңат «Мен барлығыңызды жақсы көремін» дегенді көрерменіне де қарата айтатыны бекер болмаса керек. Қойылым соңында көршісі мен Сағынның диалогы арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас суреттеледі. Осы әңгіме барысында отбасы кикілжіңіне себеп болған адам, яғни телефон соққан адам анықталады. Ол Сағынның көршісі болып шығады. Сағын сонда ғана қызғаныш сезіміне бой алдырып, өзінің қателік жасағанын түсінеді. Қойылым жастарды та­за­лыққа, адал махаббатқа, сезімді бағалай білуге шақырады. Тазалық адамның жан дүниесін байытып, сергітеді. Ойы таза адам ешқашан жамандық жасамайды, яғни қызғанышқа бой алдырмайды. Көрініс барысындағы жа­рықтың сөнуі немесе шы­рақтың жағылуы рухани дүниемен астасып жатқан секілді. Жарық сөнсе, яғни бұл өмірдің мәні мен мағынасы, қызығы мен қиын­дығы да жоғалмақ. Ал шырақ әр адамның бойындағы, яғни көкірек көзіндегі жарқыраған рухани шырақты өшіріп алмаңдар дегенді білдірсе керек. Шығарма кейіпкерлері Сағын мен Нұргүл бір-бірін жоғалтып ала жаздап, қайтадан табысады. Өздері жоғалтып ала жаздаған отбасылық өмірмен қайта қауышады. Қойылымды көрген әр адам өзінше баға береді, өзінше ой түйеді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин: «Осыдан 36 жыл бұрын қойылған спектакльдің бүгін Әуезов драма театры­на оралып соғуы бекер емес деп ойлаймын. Уақыттың сұранысынан туып отырған дүние болу керек. Мүлдем жаңа шешіммен толығып, қайтадан жаңғырып, біраз түзетулерден өтіп, академиялық театрда тұсауын кесіп отыр. Біз енді автор ретінде спектакльдің қойылуына қуанамыз, ал көрерменнің ойынан шықса, бізге үш есе қуаныш болады» десе, қойылымның қоюшы режиссері Нұрқанат Жақыпбай: «Көптен бері қазіргі заман туралы неге жазбайсыңдар деп айтылып жүр. Елбасы да қолқа салып жүреді. Бұл туынды Алматы көрермендеріне, республика жұртшылығына жақсы тарту болады деп ойлаймын» дейді. Басты рөлдерде Еркебұлан Дайыров, Ләззат Қалдыбекова, Гүлнұр Шыңғысова, Алмас Шаях­метов, Рүстем Жанаманов сынды белгілі актерлер ойнаған лирикалық драма сәт­ті шықты деуге толық негіз бар. Сағын, Таңат, Нұргүл бейнелері эмо­цияға бай, жастыққа тән сезімге то­лы. Көрермен қауыммен қайта қауыш­қан шығарма алдағы уақытта өз бағасын алады деген сенімдеміз. Бағдагүл Балаубаева

5117 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8752

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7056

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4800

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4186

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4148

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4109

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы