• Ақпарат
  • 28 Ақпан, 2013

Елорда – ел мақтанышы

Елімізде келесі жылдан бастап «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы құрылыс жұмыстары басталады. Елордалықтар алдында есеп беру барысында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов осылай деп мәлімдеді. Қала әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта «ЕХРО-сити» жобасына халықаралық байқау жарияланыпты. Ол жобаны Халықаралық көрмелер бюросы биылғы қазан айында бекітеді. Содан кейін қалада қымбат қонақүйлер мен тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңа ойын-сауық орталықтары салынатын болады. Мәселен, 2017 жылға дейін Астанада жалпы аумағы 100 гектарлық парк аймағы бар заманауи «Ботаникалық бақ», «Мыңжылдық» саяжол-аллея­сын­дағы бульварлар мен скверлер, Есіл өзенінің бойындағы парк және бірегей этноауылдар салынбақ. Сосын межелі жылға қарай Астананың сәу­лет­тік сұлу келбеті «Опера және балет теа­тры», «Тұңғыш Президенттің кітап­ханасы» мен «Тұңғыш Президент қоры», «Ұлттық мұражай», «Ғарыштық зерттеу орталығы», «Қор­ғаныс министрлігінің Ұлттық универ­си­теті», «Жабық қала», «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені, сондай-ақ 5 мың орындық «Жекпе-жек күрес са­райы», 10 мың орындық «Мұзайдыны са­райы» секілді ғажайып ғимараттармен ажарлана түспек. Бұйырса бас қалада аты әлемге мәшһүр кешендер бой көте­ре­ді. Олардың арасында «Хилтон», «Мэриот», «Ритц-Карлтон» және «Фор Сизонс» қонақүйлері бар. Ал дәл бүгінгі таңда «Бейбітшілік пен келісім сарайынан» 4 шақырым жерде, «Мыңжылдық» саяжолында орналасатын астаналық жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталып та кетіпті. Иманғали Нұрғалиұлының айтуына қарағанда, 2017 жылға дейін «Мыңжылдық» саяжолының аумағы, «Жабық қала», «Хан шатыр» кешенінің батысы мен Орынбор көшесі толық игеріледі екен. Бұл инвестициялық жоба бойынша 8,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша да жұмыстар жалғаса береді. 2017 жылға дейін қалада 1,3 млн. шаршы метр баспана салу жоспарлануда. Оның сыртында алдағы уақытта «EXPO-2017»-ні өткізу қарсаңында елордада 50 балабақша іске қосылып, 30 мектеп бой көтер­мек. Өйткені елордада оңтүстік өңірлердегідей үш ауысыммен оқитын мектептердің бар екені жасырын емес. Сонымен бірге 2017 жылға қарай 15 денсаулық сақтау нысаны салынады. Соның ішінде 5 бастапқы медициналық көмек орталығы, 3 амбулаториялық-емханалық кешен және 4 стационар іске қосылмақшы. Астана қаласы күннен-күнге өсіп келеді. Жыл сайын бас қалаға елі­міздің түкпір-түкпірінен 40 мың­нан астам адам қо­ныстанатынын ескерсек, олардың барлығын бірдей баспанамен қамтамасыз етуге елорданың мүмкіндігі жете бермейді. «Астана – дотациялық қала, бас шаһар болғаннан кейін Үкімет қол ұшын беріп, қаражат бөліп отырғанын естен шығармауымыз керек. Бүгінгі таңда қалада тұрғын үй кезегінде 25 мың адам тұр. Былтыр әртүрлі бағдарламалар бойынша 2703 пәтер берілген болатын. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғаса бермек» деген қала әкімі осы жылдың аяғына қарай Астанада тұрғындарды ескі және апаттық үйлерден көшіру жұмысы басталатындығын мәлімдеді. Апаттық үйлерден көшірілген тұрғындарға бұзылған үйдегі шаршы метрге тең көлемде ғана жаңа пәтер беріледі. Пәтерде қанша адам, қанша отбасы тұрып жатқаны ескерілмейді. 2008-2010 жылдарға арналған Мем­лекеттік тұрғын үй бағдарламасы биыл толықтай аяқталады. Алдағы уақытта бас қалада жолақысы қымбаттайтынын да қала әкімінен естідік. Иманғали Нұрғалиұлының айтуынша, Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен тиісті әдістемеге сәйкес Астанадағы автобустардың нақты жолақысы 107 теңгені құрауға тиіс екен. Бірақ қазіргі кезде оның құны 60 теңге. Жолақысы қымбаттайды, бірақ жақын арада емес. Тұрғындардың сауалдарына жауап беру кезінде Иманғали Нұрғалиұлы Астанада экономика, заң саласының мамандары шамадан тыс көп екенін де айтып қалды. Еңбек нарығына жүргізілген зерттеулердің нәтижесі Астанада осы сала мамандарының 80-86 пайызға артық екендігін көрсеткен. Керісінше, IT-инже­нерлері, құрылысшылар, инженер-механиктер елордада тапшы. Бұл жөнінде біздің Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Қуандыққызы газетімізге былтырғы жылы берген сұхбатында айтқан еді. Демек, бұл мәселе әлі күнге өзектілігін жоймаған екен. Елорда – ел мақтанышыАйта кеткен абзал, Иманғали Нұрғалиұлы­ның биылғы есебі әдеттегідей бір жылдағы атқарылған шаруалар төңірегінде өрбімей, 15 жылдағы Астананың даму кезеңін сарапқа салды. Тұрғын үй, денсаулық, білім, жұмыспен қамту, ком­му­налдық шаруашылық мәсе­ле­лері кеңінен сөз болды. Эко­номикалық өсім мен инвестиция, шағын және орта кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан қат-қабат шаруалар легі де әкім назарынан тыс қалмады. Мәселен, қала экономи­ка­сының бас­ты көрсеткіштеріне тоқтала кетсек. Мәселен, өткен жылы қаланың жалпы ішкі өнімі 8 пайызға өсіп, 2 трлн. 400 млрд. теңгеге жетіпті. Өнеркәсіп өнімі 196 млрд. теңгені құраса, инвестиция 616 млрд. теңге мөлшерінде болған. Ал орташа жалақы мөлшері 141 мың теңгеге жеткен. Шағын және орта кәсіп­кер­лікті қолдаудың нәтижесінде өткен жылы 1 трлн. 52 млрд. теңгенің өнімі өндіріліпті. Бұдан бөлек, елордада соңғы үш жылда 100-ден аса балабақша, 10 мектеп, 8 емхана, 4 миллион шаршы метр тұрғын үй салыныпты. Жыл соңына дейін Астанада құрылысы жүріп жатқан 19 балабақшаның 10-ы іске қосылады. Тағы айта кетерлігі, қалыптасу жылдарында елорда тұрғындарының тек табиғи өсімі 6 есеге артыпты. Мәселен, 2009 жылы Астанада 12 мың 710 сәби өмір есігін ашса, 2012 жылы 21 мың 266 перзент дүниеге келген. Яғни осы төрт жыл ішінде Астанада 70 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан деген сөз. Астана жұртшылығымен есепті кездесуі кезінде елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов астана­лықтардың қойған сұрақтарына толық және көңілге қонымды жауап берді. Бейбітгүл ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ АСТАНА

4014 рет

көрсетілді

39

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9198

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7307

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5046

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4431

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4395

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4356

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4091

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4082

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы